Әлем • 16 Тамыз, 2018

БҰҰ Бас хатшысы Каспий теңізінің құ­­қық­тық мәртебесі туралы кон­вен­цияға қол қойылуын құптайды

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гу­терриш Каспий теңізінің құ­­қық­тық мәртебесі туралы кон­вен­цияға қол қойылуын құптайды. Бұл туралы мә­лім­демені Біріккен Ұлттар Ұйы­мының хатшылығы таратты.

БҰҰ Бас хатшысы Каспий теңізінің құ­­қық­тық мәртебесі туралы кон­вен­цияға қол қойылуын құптайды

«Бұл тарихи құжат халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қа­м­тамасыз ету үшін аса маңызды болып табылатын өңірлік ынты­мақ­тастықтың маңыздылығын көрсе­теді», деп айтылған хабарламада.

БҰҰ Бас хатшысы Кон­вен­ция­ның Каспий теңізі жағалауы елде­рі ара­сын­дағы ұзақмерзімді проб­лемалардың кең ауқымын реттеуі тиіс және құ­жаттың қабылдануы өңір­лік шиеленісті азайтуда маңыз­ды қадам болып табылады деп санайды.

Антониу Гутерриш, сондай-ақ Кон­венцияға қол қойған барлық елдерді өңірлік ынтымақтастық пен көпжақты дипломатияның ерек­ше мәні бар жетістіктерімен құт­тық­тады.

«Егемен-ақпарат»