Қазақстан • 16 Тамыз, 2018

Астанада «Ұлттың ұлы мұрасын қадірлейік» атты іс-шара өтті

873 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық музейде Астана қала­­­­сының 20 жылдық мерейтойы аясында «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институ­­тының ұйымдастыруымен «Ұлттың ұлы мұрасын қадірлейік» атты іс-шара өтті.

Астанада «Ұлттың ұлы мұрасын қадірлейік» атты іс-шара өтті

Шараның мақсаты – бүгінде ұмыт болып, көптің көңілінен шыққан ұлттық құндылықтар­­­ды насихаттау. Ұрпақтан-ұрпақ­­­қа аманат болған халық қазы­на­ла­рының үлгісін көпке көрсету үшін аталған шараға Түр­кістан облысы Сарыағаш қаласы­­ның «Дома­лақ ана» әжелер тобы арнайы келіп қатыс­ты. Шара барысында рухани мұраларымызды зерттеу, сақтау мен жаңғырту бойынша көрме, шеберлік сабақтары, «Ұмыт қалған әндер» концерттік бағдарламасы, «Дәстүріңді сақтай біл» сахналық қойылымы ұйымдастырылды.

Бүгінде күні ел арасында ұмыт болып бара жатқан салт-дәс­­түр, ырым-тыйым­ қа­ғи­­­да­ла­ры мен қолөнер жұ­­мыс­тарын та­ныс­тырған елорда қонақ­­тары да барынша ашылып, көрер­мен­дермен сырласа кетті. Са­ры­­ағаш қа­ласындағы өлке­лік мұражай­дың меңгерушісі Гүлжа­һан Шегебае­ва: «Біз өз өңіріміздегі қолөнер ісінің шеберлерін арнайы алып келдік. Сонымен қатар ауылда сақталып қалған салт-дәстүрлер біздің қазақы болмы­­­сымыздың өзегі. Біз одан айы­рылма­уымыз керек. Қазақ қашан­да салтымен, дәстүрімен қазақ болып қалады. Сол се­бепті игі тарихымызды насихаттау үшін Ұлттық му­зей­дің шақыртуын қа­был алып келдік. Бұл біз үшін үл­кен мәр­тебе. Осында келген әже­лер ансам­блі қазақтың ұмыт бола бас­таған халық әндерін де орындай­ды. Өткенін ұлықтаған ұлт ұтыл­май­ды», деп ақжарма сөзін айтты.

«Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының бұл игі бастамасы әлі де жалғасын тап­пақ. Рухани жаңғыру бағдар­ла­­масының аясында елімізің әр тара­пынан қазына кеуде үлкен­де­рімізді шақырып, осындай кез­десулер мен кештер жалғасын табады деп сенеміз. 

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»