Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Егемен Қазақстан
17.08.2018 77
3

Өйткені көпшілікке бұл пікірдің өзі шын­дықтан онша алыс та емес, әрқайсы­мыздың күнделікті көріп, іштен тынып күңіреніп жүрген жағдай болса, қайтерсіз.

Аулаларда ұзақты күн, түннің бір уағына дейін көбіне доп теуіп, иә басқадай ойнап жүрген жас өскін балалардың орысша айқай-шу, шат дауыстары жер жарып, жаң­­­ғыры­ғып жатады. Арасында орысша тұзд­ықты былапыт сөздер де кетіп жатады. Аялда­маларда, автобустарда, сауық-сауда орындарында сүйкімді кішкентай ғана жеткіншек ұл-қыздармен орысша сөйлесіп тұрған әжелерді, жас аналарды көресіз. Бір қызығы, әлгі сүйкімді бала судыратып орысша шүлдірлеп жатқанда біртүрлі, сүйкімі­нен айрылып жүре беретін сияқты. Әрине, ара-арасында, оқта-текте қазақша сөйлесу­шілерді де ұшыратасыз, бірақ ондай жұбаныш тым сирек, көтермелеп айтсақ, онның бірі ғана. 

Көңілге тіптен қонбайтын бір түсініксіз нәрсе сол, күллі сабақ қазақ тілінде жүретін, жас ұрпағымызға білімді ана тілімізде беріп жат­қан қазақ мектептеріне бара қалсаңыз, онда да көретініңіз – үзіліске шыққан оқушы­лардың дәліздерде, аулаларда бір-бірімен орысша шуласып, дуылдасып жатқаны. Әсіресе, осы бір жағымсыз жайт ақылға мүл­дем сый­майды-ақ. Тілді, ділді, дәстүрді сақтай­ды деп үміт артып ұлттық мектепте оқытып жатқан, ұлт болашағы дейтін қаракөз бал­дырғандардың өз ана тіліне деген мұндайлық немқұрайдылығы, селт етпес самарқаулығы қайдан шығады, қайдан туындайды? Жанды жаралайтын, көңілді налалайтын осындай келеңсіздіктердің түп тамыры қайда жатыр, сіңірдей созылып бітпей қойған сірі себебі неде?.. Иә, шарасыздықтан сұрақты осылай қоюға тура келеді.

Әлбетте, осы бір тағдыршешті мәселеде ешкім де кінәні өз мойнына алуға құлықсыз. «Бұған кінәлі теледидар мен интернет» дейді желідегі бір жазарман. Екіншісі орта мен көшені кінәлайды. Үшіншісі бар кінәні ана сүтімен бірге ана тілін да­рытпаған, нәрестені шарана кезінен бас­тап уыз тәрбиеге жарытпаған ата-анаға аударады. Енді біреулер сын жебесінің ұшын балабақша мен білім беру саласына әкеліп тірейді. Бұлардың ешқайсысын дұрыс емес, орынсыз деп айта алмаспыз. Соған қоса, өз тарапымыздан қазақ тілін қазақ ұрпағының меңгеруі орайында осындай түйткілді қиын жағдай қалыптасуында ең алдымен қазақтың өзі кінәлі дер едік. Иә, өзіміз.

Бірақ кінәліні іздеп тауып, айыбын бетіне басқаннан мәселе өздігінен шешіле қалмасы және анық. Жұрттың бәрі прагматик болып алған. «Ұлттық намыс» деген нәрсеге, жұқалап айтқанда, пысқырмайтын болып барады, әрі-беріден соң соған шақырып пафосты әңгіме айтқан пақырыңның өзін күлкі қылады. Қайтеміз, «қазақ пен қазақ бір-бірімізбен қазақша сөйлесейікші» деген риясыз жөн сөзге де илікпеген қазақпыз ғой. Баласымен әуелі өзі бастап басқа тілде сөйлесуші қандастарымыз «неге бұлай?» дегеніңе бет бақтырмайды, солай болуының, қазақ баласының тілі қазақша емес, орысша шығуының мың түрлі сылтау-себебін алға тартады. Қалай үгіттесеңіз де, қазақ тіліне иімейді, ықылас танытпайды. Ойпырым-ай, өз қазағына өгей боларлықтай қазақ тілі неден жазды деп кей-кейде қапаланатынымыз да осындайда. 

Әрине, исі қазақ барда, тәуелсіз Қазақ елі барда қазақ тілі де бар, өмір сүре бермек. Барлық басқа халықтардың тілдері сияқты, қазақ тілі де санғасырлық замандардың толағай толғағымен дүниеге келген. Киесі қара жерден де ауыр, ұлттың бар қасиетін бойында сақтаған сондай қазыналы қара қазан тілімізді құрметтемеу, күнделікті өмірдегі қолданысын күрмеп ұстау ешбір қисынға келмейді. Проблеманың асқынғаны соншалық, бұл от басында, ошақ қасында айтылып шешілетін мәселе төңірегінен мүлдем алыстап кеткен. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі іс жүзінде, нақты өмірде Ата Заңда айтылғандай дәрежеде көрініс табуы үшін қосымша тетіктерді заңнамалық түрде іске қоспаса, істің ілгері басуы неғайбіл.

Осы арада мынадай бір ой келеді. Анти­калық дәуірдің ғұламасы Архимед: «Ме­нің қолыма тұтқа беріңдерші, мен дүниені төңкеріп тастайын!» деген екен. Сол сияқты, қазақ тілінің уақыт өткен сайын меңдеген мәселелерін біржола шешу үшін жаңағыдай бір мықты тұтқа қажет сияқты. Біздің пайымдауымызша, ондай тұтқа – қазақ тіліне деген қажеттілік. Заңды негізде тілдің қолданыс аясын барын­ша кеңей­тетін өмірлік жағдайлар туғызыл­маса, мем­лекеттік мекемелер, қаржы, банк, сот жүйе­лері мемлекеттік тілге сөз емес, іс жүзінде көшпесе, қазақ тілінің басын­дағы қазір­гі бұлты тарқамайды. Қазақ тілінің қыды­рын­дай құт­­қарушысы, барлық түйткіл­ді мәсе­­ле­лерін төңкеріп тастайтын тұтқасы − ана тілі­­мізге деген қажеттілік дейтініміз де сондықтан.

Бір қуанышты хабар: Астана іргесіндегі Қоянды ауылындағы мектепте биыл 18 қазақ сыныбы ашылатын болыпты. Соған жалғас Талапкер, Қосшы ауылдарында да қазақ ­сыныптары жылдан-жылға көбейе түсіп отыр. Тіл тұтқасы, қазақ тіліне деген қажеттілік осы жас жеткін болашағымыз үшін ауадай қажет.

Қорғанбек АМАНЖОЛ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Энергия үнемдеу жобаларын іске асырудан түсетін жыл сайынғы үнем 3,5 млрд теңгені құрайды

19.11.2018

Үкіметте «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды

19.11.2018

Жыл басынан бері қазақстандық және шетел әуе тасымалдаушылары 13 жаңа бағытты ашты

19.11.2018

QazaqGeography съезі ұйымның жаңа кеңсесінде өтті

19.11.2018

Қазақстандық делегация Дүниежүзілік төзімділік саммитіне қатысты

19.11.2018

Дін саласының жағдайы туралы баяндаманың қорытындысы жарияланды

19.11.2018

Мемлекеттік басқару академиясы қазақстандық тәжірибені тарату орталығына айналды

19.11.2018

Алматыда ХІV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі ашылды

19.11.2018

Алматыда көлік апатынан 10 айда 114 адам ажал құшқан

19.11.2018

Жыр алыбы Жамбылдың өмірі сахналанды

19.11.2018

Павлодарда биыл 349 жол-көлік оқиғасы орын алған

19.11.2018

Абылайхан ЖҮСІПОВ: Токио туралы айтуға әлі ерте...

19.11.2018

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

19.11.2018

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін

19.11.2018

Түркістанда халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

19.11.2018

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

19.11.2018

Маңғыстауда өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті

19.11.2018

Энергия үнемдеу бойынша Қазақстан 32-ші орында

19.11.2018

Көкшетауда жылу ақысы арзандайды

19.11.2018

Теміртауда Президенттік пән олимпиадасы өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу