«Корея» синдромы

Жаназаның үстіндеміз. Отыз­дың жуан ортасына енді ғана табан іліктірген азамат ағайын-туыстың отыз омыртқасын опырып, қырық қабырғасын қа­қыратып өмірден өтті. Және бір өкініштісі, ту сонау Ко­реяда. Сүйегін жеткізудің өзі қан­шама машақат, бейнет бол­ды.  

Егемен Қазақстан
17.08.2018 13448
2

Соңғы жылдары Оңтүстік Кореяға Көкшетау өңірінен бет түзеген қан­дастардың легі азаймай тұр. Азай­ғаныңыз не, соңғы кезде тіпті үдеп бара жатқан тәрізді. Кешегі кеңес заманында елімізден социалистік лагерьге қараған елдерге инженер-техник тәрізді қат мамандардың жіберіліп тұрғандығын білуші едік. Геологтарымыз Моңғолияда кен-барлау жұмыстарын жүргізгенін, дәрігерлеріміз сонау Африкадағы Сомали, Конго Демократиялық Ре­с­пуб­ликалары тәрізді мемлекеттерде науқастарды емдегені жалпақ жұртқа жақсы мәлім.   

Ел шетін тұмшалаған темір тор­дың ыдырауы мұң екен, бұрын жал­­пақ жұртқа беймәлім болып кел­ген шетелдерге емін-еркін шы­­­­ғуға мүмкіндік пайда болды. Со­ның бір сорабы – Корея. Әри­не, Кореяда емешегі үзіліп күтіп отыр­ған нағашымыз жоқ, ат арытып, сабылған жұрт жұмыс істеуге барады. Бірақ барып-келгендердің айтуына қарағанда, ол жақта біздің еңбек мигранттарын ең лас, ең ауыр, азапты жұмысқа жегетін көрінеді. Көрешекті көретін қазақ, қырғыз, өзбек мигранттары. 

– Осы жігіт бар-жоғы бір жыл­ға жетер-жетпес қана жұмыс істеді. Алдында телефон арқылы хабарлас­қанда, енді бір айдан соң елге қай­тамын депті пақыр, – дейді жаназа дастар­ханының үстінде айтпай келген ажалдың анық себебінен хабардар біреу. 

– Бара сала радиациясы көп зауытта жұмыс істеген екен, – дейді екіншісі, – ақшаға қызыққан ғой. 

Ақша демекші, ел ішіндегі «сымсыз телефон» Кореяға барып жұ­мыс істегендер ауылда қалған әке-шешесіне айына 800 мың, енді біреуі бір миллион теңге жіберіпті деген қауесет әңгімелерді жеткізіп жатыр. Осы оқиғадан кейін біз де сол жаққа барып жұмыс істеп келген бір азаматты іздеп таптық. Аты-жөні − Самат Көшімбаев.  

– Мен Кореяға 2015 жылы бардым. Ол кезде жеңілдеу еді. Қазір олар да шеттен келетін заңсыз жұмыс күшін тежей бастады. Құрылыста жұмыс істедік. Зәулім көп қабатты үй­лерді салдық. Біздегідей қалаған уақыт­та темекі тарту, тамақ ішу деген атымен жоқ, бәрі өлшеулі мөл­шермен.  Өз міндетіңді өлсең де, тірілсең де мінсіз атқаруға тиіссің. Барған бетте ас-ауқатына үйрене алмай азапқа түстік. Кәдімгі қара нан таба алмай қиналдық қой. Шет жағалап ондағы жайды естігеннен кейін өзіміз де тура тозақтың өзіне салса да, бақұл болып бардық. Сосын лажсыз көндік. Көзге түсіп қалмайық деп жұмыс істейтін жеріміз бен уақытша баспанамызды ғана білдік.

Барынша ықшам айтылған Самат­тың осы бір ауыз сөзінен біраз жайды аңғаруға болар еді. Оның айтуынша, Оңтүстік Корея қазір жедел дамып жатқан ел болғанымен, құрылыста, зауыт-фабрикаларда жұмыс күші жетісе бермейді. Олардың қожайындарына сырттан келген жұмысшы тиімдірек, әлдеқайда арзанға түседі. Содан соң денсаулыққа зиянды, ең қиын жерге өздері тіленіп келген, оң-солын бажайлай алмайтын мигранттарды салады. 

Кореяны жағалағандардың түгел­ге жуығы өзіміздің қазақтар. Сол жақ­тан азын-аулақ тиын-тебен әкел­се, жер үс­тіндегі жұмақ құдды сол елде орнап тұр­ғандай дырду-дақ­пыртын молайтып жібереді. Үстіміз­дегі жылы әлеуметтік желіде Кореяға ХХІІІ қыс­қы Олим­пиаданы тамашалауға бар­ған екі қазақстандықты әуежай жер­төлесінде ұстап, әрі қа­рай аттатпай жатқаны жөнінде хабар та­раған болатын. Бұл да жайдан-жай емес, өйткені Олимпиада кезінде шекарадан өтіп кету оңай деп, асығыс-үсігіс аттанған отандастарымыздың жаңа легі пайда болды. Қазір Көкше­тау­дың туристік фирмаларында Корея­ға құжат рәсімдеушілердің қата­ры кө­бейіп келеді. 

– Алдымен Астана арқылы Ал­матыға, одан Сеулге ұшамыз. Арғы-бергі билет құны 400 мың тең­геге жуық. Турист ретінде бара жат­қан соң 110 мың теңгені бес күнге қо­нақ үй үшін төледім. Өзге де жол шы­ғы­нын қоса есептегенде 700 мың теңгеге жуық қаражат қажет. Одан арғысын маңдайға жазылғаны біледі, – дейді турфирмада жолықтырған Кенжебай есімді бауырымыз.

Әрине, турфирмадағыларға бәрі­бір. Шындығын айтқанда, оларға халық­тың солай қарай ұмтылғаны керек. Негізінде, қаншама ақша шы­ғындап шекара түбіне жеткенімен, әрі қарай аса алмай қалғандары да бар. Сонда қаншама теңге босқа күйіп кетті дей беріңіз. Дәл қазір бейресми дереккөздері Оңтүстік Кореяға турист ретінде барып, сонда жұмыс та­уып қалып қойған 40 мыңға жуық қазақстандық бар екенін айтып отыр. Әрине, бұл тек бейресми көрсеткіш, біле­тіндердің айтуына қарағанда, одан да көп болуы мүмкін. 

Өткен жылы Қазақстанға Оңтүстік Корея­дан отандастарымыздың аудар­ған ақшаларының мөлшері бұрнағы жылғы 9 миллиард теңгенің орнына 18,8 миллиард теңгеге жеткен. Осы көрсеткіш бойынша көр­ші­лес Ресейден кейінгі екінші орын­ды еншілеппіз. Бұл не деген сөз? Кореяда жұмыс істеп жат­­қан қа­зақстандықтардың аз емес екенді­гінің дәлелі, екінші жағынан, олардың отбасына жіберген ақшалары еліміз­дің экономикасына қызмет етіп, пайда әкеліп жатқандығы. Солай бола тұра, «Арқада қыс жайлы болса, арқар ауып несі бар?!» дегендей, ел аман, жұрт тынышта, жұқалап айтқанда, көз көріп, құлақ естімеген Кореяға кету жақсы нышан емес.     

Дәл қазір мемлекет тарапынан ауыл-аймаққа қыруар қамқорлық көрсетілуде. Жермен айналыссаңыз да, мал бақсаңыз да ықтиярыңыз білсін. Қаншама бағдарлама жұмыс істей­ді. Тек еңбек ете біл. Азын-аулақ тиын-тебен табамын деп өзге­нің­ зиянды қалдығын жинастырып, денсау­лығыңды құртқанша, өз елің­нің өр­кен жаюына үлес қосқаның ар­тық емес пе?

Жоғарыда біз айтқан, өзіміз қа­тыс­қан жаназа бір ғана мысал. Ал өзге елден қанша адамның тәніне сыр­қат жұқтырғанын кім есептеп жатыр. Өмірі осылай қиыларын білгенде бұл да ол жаққа аттап баспас еді. Өкініштің соқпағын өзге жұрт баспасын деп қалам тербеуге тура келгені. 

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан» 

Ақмола облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.11.2018

«Қасиетті Қазақстан: Туған жерге тағзым» атты тарихи-танымдық экскурсиялар сериясы басталды

21.11.2018

ҰБТ-ға өзгерістер енгізіліп жатыр

21.11.2018

Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды

21.11.2018

Елбасы білім беру жүйесін одан әрі жаңғырту мәселесі жөнінде кеңес өткізді

21.11.2018

Түркістанның ежелгі беделін қайта көтеру – бүкіл түркі әлемі үшін үлкен жетістік болады

21.11.2018

Мархабат Байғұт: Әлемдік әдемі әңгіме

21.11.2018

Түркі киносын әлемге танымал етудің жайы талқыланды

21.11.2018

Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласындағы өндіріс нысандарын аралады

21.11.2018

«Егемен Қазақстан» газетінің журналистері болашақ тілшілермен кездесті

21.11.2018

Голландиялық бизнесмен Ақтөбе облысының инвесторларға тартымды екенін айтты

21.11.2018

Нұрболат Ахметжанов: Көне тарих көмескі тартпасын

21.11.2018

Әбдіманап Бектұрғанов: Тарихқа тағзым

21.11.2018

Қ.Әбдірахманов: «Ұлы даланың жеті қыры» әлем мәдениетін жақындастырады

21.11.2018

Павлодарда археологтар б.з.д. 5-ші мыңжылдықта жерленген жылқылар сүйектерін тапқан

21.11.2018

«Ақтөбе» футбол клубы сенімді басқармаға берілді

21.11.2018

Ұлттар Лигасының қорытындысы шығарылды

21.11.2018

Такир Балықбаев: Жаңа еңбек жаңаша ой салды

21.11.2018

Ақтөбеде кәсіп бастағысы келетін жандарға кеңес берілді

21.11.2018

Мәулен Әшімбаев: Ұлт тарихын танудың жаңа кезеңі

21.11.2018

Chartbeat жобасы аясындағы байқау жеңімпаздары ашық деректер панелін құрады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

Jylda, Táýelsizdik kúni jaqyndaǵan saıyn osy ýaqyt ishinde elimiz qandaı jetistikterge jetti degen saýaldy ózimizge qoıyp, ony saralaýǵa tyrysamyz. Biraq mundaıda jappaı aıtylyp júrgen jetistikterdi emes, ózimiz baıqaǵan jeke kózqarastaǵy tabystardy taldaýǵa tyrysamyz. Sonyń ishinde kózge túsetin bir ǵanıbetti jańalyq – halqymyzdyń burynǵydaı eshkimnen qysylmaı, kimmen bolsa da ómirdiń barlyq salasynda ıyq teńestire túskeni.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу