Аймақтар • 19 Тамыз, 2018

Елордада автобус жүргізушілері 400 мың теңгеге дейін жалақы алуы мүмкін

273 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада автобус жүргізушілері 400 мың теңгеге дейін алуы мүмкін. Бұл мәселеде қоғамдық көлікті пайдаланушылар шешуші фактор болады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Елордада автобус жүргізушілері 400 мың теңгеге дейін жалақы алуы мүмкін

astana.gov.kz

Әкімдіктің хабарынша, Елордада қоғамдық көлікті жақсарту, ыңғайлы ету бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Жол картасын енгізу арқылы жол ақысын төлеудегі көлеңкелі қаражатты шығаруға мүмкіндік берді.

Қазіргі күні қалалық қоғамдық көлікті қолданатындардың 90 пайызы электронды картамен төлеуге көшті. Жуық арада «Astana LRT» бұл көрсеткішті 95-98% жеткізуді көздеуде. Мысалы, электронды жол жүру ақысын еңгізген алғашқы аптада көлеңкелі айналымнан шамамен 15% кіріс шығарылды. Тасымалдаушылар осының арқасында қоғамдық көлік санын да арттыруды көздеуде.

«Егер қазіргі кездегідей субсидия бөлінетін болса және қазіргі кездегідей пайда тауып жататын болсақ жыл аяғына дейін жаңа автобустар аламыз деген ойдамыз, шамамен 20-25 автобус. Жоспар бойынша «Ивеко» автобустарын және жаңартылған «Урбан вейв» автобустарын алуды ойластырудамын», деді № 3 автопарк басшысы Бауржан Тілеубергенов.

Сонымен қатар, жолдағы жағдайды жақсартудың тағы бір амалы жүргізушілердің тәртібін қолға алу. Және де бұл жұмыста шешуші күш -пассажирлер. Егер жүргізуші уақытымен жүрсе және жол көлік оқиғасына түспесе, пассажирлерден шағым болмаса, онда еңбегі екі есе өсетін болады. 

«Қазір жүргізушілер белгіленген 200 мың тг еңбекақы алады. Егер ол 15-18 күн толық еңбек етсе, ол зейнетақы мен салықты шегеріп қалғанда осы ақыны алады. Және егер бәрі дұрыс болып, оның атына шағым түспесе, жол оқиғасына түспесе, жұмыс ережесін бұзбаса қосымша 200 мың теңге қосылады. Сонымен қатар, ұзын автобустарда жүретін жүргізушілерге 50% үстеме қарастырылған. Бәрін қосқанда белгіленген еңбекақымен санағанда 400 мың теңге алуға мүмкіндік бар», деді Б. Тілеубергенов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елорда автобустарында сараланған тариф бекітілді. 

Осылайша, қалалық бағдарларда жүргені үшін төлемді картамен жүзеге асыру кезінде жол ақысы өзгеріссіз 90 теңге көлемінде қалды. Бұдан бөлек, көлік картасын пайдаланушыларына арналған басымдық – бірнеше көлікке ауысып отырып, тегін жүру құқығы сақталды. Ақшалай төлем кезінде қалалық автобуста жүру құны 180 теңге.