Барлық жағдай жасалатын солтүстік аймаққа көбірек келіңіздер – Мемлекет басшысы

Мемлекет басшысының өңірге жұмыс сапары Қазақстан мен Қытайдың бірлескен жобасы болып табылатын  «Тайынша Май» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін аралаумен басталды.  Онда майлы дақылдарды өңдеудің және тазартылған майды өндірудің технологиялық озық процесімен танысты. 

Егемен Қазақстан
19.08.2018 3639
2

Ильичевка елді мекенінде өсімдік майын өндіретін зауыттың бірінші кезегі осыдан екі жыл бұрын индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде іске қосылған болатын. Сол кезде республикалық телекөпірге қатысқан Елбасы шетелдік инвесторлармен біріккен бағдарламаларды жүзеге асырудың маңыздылығын, олар үшін елімізде толыққанды инвестициялық ахуал қалыптасқанын атап өткен еді. Еуропаның заманауи құрал-жабдықтары орнатылған кәсіпорынның екінші кезеңі пайдалануға берілгелі ірі ауыл шаруашылығы кластеріне айналды. Зауыт өнімі түгелдей экспортқа бағытталған. Биыл 100-150 мың тонна шикізат өңдеу жоспарланған. Осының арқасында жалпы өнім  көлемі 60 миллиард теңгеге жеткізілмек. Алда бұл көрсеткіш жылына 300 мың тоннаға  дейін ұлғайтылмақ. Оның 80 мың тоннасы – май, 120 мың тоннасы күнжара болмақ.

– Сіздердің инвестицияларыңыз қайта өңдеу ісіне алғаш рет тартылып отыр. Бұл Қазақстанның аграрлық кешеніне қосылған үлкен үлес болып табылады. Мұнда өндірілген бүкіл өнім сыртқы нарыққа шығарылып, еліміздің экспорттық көлемін ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және табыс табуға септігін тигізеді. Осының бәрі маңызды, – деді Президент ұжым мүшелерімен кездесуде.

Аймақ соңғы жылдары дәнді дақылдардан бөлек майлы дақылдарды өсіруге де ерекше ден қойып келеді. Күнбағыс, зығыр, рапс майына сырттан сұраныстың жоғары екені ескеріліп,  майлы дақылдардың көлемі былтыр 712 мың, биыл 1 миллион гектарға жеткізілді. Бұл–республика бойынша ең жоғары көрсеткіш. Салыстыру үшін айтсақ, Қостанай мен Ақмола облыстары қосылып осы мөлшерде себеді. Жүз пайыз экспорттық өнімнің  сыртқы нарықтағы бағасы да көтеріңкі. Мәселен, жасымықтың бір тоннасы 200 мың теңгеге бағаланады.   

Президент сапары аясында облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің  әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндады. Өңір экономикасының негізі–агроөнеркәсіп кешені. Аймақ Қазақстанда өндірілетін барлық дәнді дақылдардың үштен бірін  жинап, ауыл шаруашылығы тауарларының 12 пайызын өндіреді.  Өнімдер экологиялық таза, бағасы да бәсекеге қабылетті. Алты айда 75 миллиард теңгенің қаржысы тартылып, инвестиция серпіні бойынша бірінші орынды иеленді. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 107,6 пайызды құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 1,7 есе, негізгі капиталға құйылған инвестиция мөлшері 13, ауыл шаруашылығы 3,6, өнеркәсіп өндірісі 2,2, тұрғын үйлерді пайдалануға беру 10,2 пайызға өсті. Бес ірі инвестициялық жоба жүзеге асса, өңір экономикасына 160 миллиард  теңге қаржы құйылып, 2 мың жаңа жұмыс орындары құрылады. Немістің «Claas» комбайндарын құрастыру үшін инвестициялық келісім-шарттар жасалды. «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде былтыр 1350 отбасы пәтер кілтіне ие болса, жыл аяғына дейін 1500 баспана  пайдалануға беріледі. «7-20-25» әлеуметтік бағдарламасы бойынша  көпқабатты 10 тұрғын үй тұрғызылады. Мемлекет-жекеменшік әріптестік аясында 3,5 миллиард теңгенің  4 жобасы іске қосылды.  Үкімет облыстың 2018-2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын қабылдады. Құмар Іргебайұлы Қазақстан-Ресей ХY өңіраралық форумын өткізуге дайындық барысы жөнінде де әңгімеледі.  Айтулы басқосуда Қазақстан мен Ресейдегі туризмді дамыту мәселелері егжей-тегжейлі талқыланбақ. Сөз арасында табиғаты тамылжыған Қызылжар өңірінде ішкі-сыртқы туризмді шетелдіктер қызығатындай дәрежеге жеткізудің, тартымдылығын арттырудың кешенді қадамдары жасалып жатқанын айта кеткен жөн.

Нұрсұлтан Әбішұлы өлкенің ауыл шаруашылығына қолайлы екеніне және аграрлық  салаға дәстүрлі маманданғанына ерекше тоқталып өтті. Ауыл шаруашылығы әлеуеті әлі де тиісті дәрежеде пайдаланылып  отырған жоқ. Облыс егіншілері, сөз жоқ, жер өңдеу, астық өндіру ісінде жоғары деңгейдегі мамандар болып саналады.  Дегенмен, мал шаруашылығы саласын дамытумен де айналысу  керек дей келіп, ауыл шаруашылығына ғылыми жетістіктер мен цифрландыруды енгізу, шекаралас өңірлермен ынтымақтастықты жандандыру, өнеркәсіп өндірісі мен туризм саласын одан әрі дамыту, сондай-ақ өңірдің инвестициялық және іскерлік тартымдылығын арттыру арқылы аймақтың аграрлық әлеуетін кеңейту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. Бес әлеуметтік бастама осы мәселелерді шешуге септігін тигізетінін, оның жергілікті деңгейде сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету тетіктерін тиімді пайдалану қажеттігін баса атап өтті.

Президент «Агрофирма Эксимнан» серіктестігінің ауыл шаруашылық кешенін аралап көрді. Егіс алқабында болып, егін ору науқанына дайындық барысымен танысты. Диқандармен кездесіп, биылғы астықтың шығымы жайлы сұрап білді. Солтүстікқазақстандықтардың мол өнім жинайтынына сенім білдірді. Аграршылармен әңгімелесу барысында ауыл шаруашылық өндірісін әртараптандыру қажеттігін, қайта өңдеу саласын дамытпай еңбек өнімділігін арттыру мүмкін еместігін жиналғандардың есіне салды.   

Бабын таба білгенге жер жомарт. Қызылжардың топырағы өте құнарлы. Орташа бонитет 55 балды құрайды. Астық өсіруге таптырмайтын құтты өлке. Ауыл шаруашылығын өркендетудің ықтималды жолдары сан алуан. Оның ішінде ұқсату ісін жолға қоюдың маңызы зор. Шетелдік  қаржыгерлер  агроөндірістік парк құруға пейіл танытып отыр. Ет, сүт, тағы басқа ауыл шаруашылық өнімдерін тереңдетіп өңдеу бойынша озық жобалар игерілмек. Жасыратыны жоқ, өңірде шикізат қоры мол болғанымен, еттің, ұнның, сүттің аз бөлігі ғана тереңдетіліп өңделеді. Осы себепті  экологиялық таза, сапалы  табиғи өнімдерді бірлесіп өңдеуде ішкі мүмкіндіктер жеткілікті. Оның нақты мысалына «Құрмет» орденінің иегері Төлеген Қоныспаев 14 жылдан бері жетекшілік етіп келе жатқан «Агрофирма Эксимнан» шаруашылығын келтіруге болады. 54 мың гектар жерге бидай, рапс, зығыр, жымық өсіріледі. Елбасы агроқұрылымның  астық саласын әртараптандыру тәжірибесін, облыстың майлы дақылдар өсіруден жетекші орынға шыққанын, астық өндірісіне инновациялық жаңашылдықтарды кеңінен қолданып, атадан балаға  мирас етіп жүрген еңбеккерлер әулеті аз еместігін атап көрсетті.

Мемлекет Басшысы  жергілікті аграршылардың атқарған жұмыс жайлы ақпарын тыңдап болғаннан кейін ғылым жетістіктері мен заманауи тәсілдерді кеңінен қолдануға, цифрлық технологияны белсене енгізуге  шақырды. Ауыл шаруашылық алқаптарын әртараптандыру қашанда үлкен басымдыққа ие болып қала береді. Біздегі астықтың орташа түсімі 15 центнерден аспайды. Бұл бағытта үлкен ізденістер керек. 2022 жылға дейін еңбек өнімділігін екі есеге дейін арттыру, отандық өнімдердің сапасын жақсарту, алыс-жақын шетелдерге сату үлесін еселей түсу секілді келелі міндеттер тұр. Сіздерде Ресеймен шекаралас аймақтарда сауда-саттықты өрістетудің әлеуеті зор, деді. Биыл еліміз 20 миллион астықты қамбаға құюды межелеп отыр. Мемлекет шаруаларға барлық жағдайды жасап келеді. Техникалар сатып алуға, технологиялар енгізуге қомақты субсидиялар беріледі. Ендігі басты талап–алға қойған тапсырмаларды мүлтіксіз орындау.

Агроқұрылым басшылары  еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен аграрлық секторға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдірді.

Елбасы облыс зауыттарында құрастырылатын тракторлар, комбайндар және басқа да астық жинауға арналған техникалар қойылған ауыл шаруашылығы көрмесін аралап көрді.  

Жасыратыны жоқ, облыста демографиялық ахуал әлі де өткір күйінде тұр. Соңғы үш жылда 80 мыңдай адам басқа жаққа көшіп кеткен. Көбі еңбекке жарамды. Шекара өтінде орналасқан 94 ауыл селдіреп қалған.  Бұған бала туу көрсеткішінің төмендігін қоссақ, проблеманың аз еместігін аңғарамыз. Теріс үдеріс толастады деп айтуға  әлі ерте. Дегенмен «Оңтүстіктен–Солтүстікке!»  мемлекеттік жобасы  өз жемісін бере бастағанын аңғару қиын емес. Аймақтағы тапшы жұмыс күшінің, кадр жетіспеушілігінің  оңтүстік  мамандары  есебінен толықтырылуы– соның бір дәлелі. Биыл 235 отбасы орналастырылып, барлығы жалдамалы пәтермен қамтамасыз етіліп, жұмысқа орналастырылды. Олардың көшіп келуіне және жол шығындарын өтеуге бір миллиард теңгеден астам субсидия бөлінді. Жыл аяғына дейін 3500 адамнан тұратын 767 отбасы қоныстанбақ. 

Президент Н.Назарбаев Ильичевка ауылында салынып  жатқан 14 тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Жаңа баспаналар оңтүстіктен қоныс аударған ағайындарға беріліпті. Түгін тартса майы шығатын елді мекенге ат басын тіреген отбасылардың саны–25.  Жыл аяғына дейін тағы 23 отбасымен толықпақ. Теріскеймен тағдырын байланыстырғандардың бірі – Әубәкіровтар. Отағасы отбасымен арнайы бағдарлама бойынша келіп, «Тайынша Май» кәсіпорнына мамандығы бойынша электрик болып орналасқан. Жұбайы мейірбике болып еңбек етеді. Әйгерім Төлендиева да ауа райы өзгешелеу жаққа келгеніне еш өкінбейді. Қоныс аударушылардың алды ауыл шаруашылық кооперативін құрып, мал шаруашылығымен шұғылданады. Оған алты отбасы қосылыпты. Малсақ жандар істерін дөңгелетіп отыр. Шаруасы күйлі ағайынның көңілі тоқ.

«Әсіресе Өзбекстаннан келгендер бәрі оңтүстікке қарай тығылып, теріскейдің суықтығын сылтауратып тоңып қаламыз деп ойлайды.  Мына жердің халқының бәрі өмір сүріп жатыр ғой. Жасыратын ештеңесі жоқ, осы жақта тұратын елдің әл-ауқаты Шымкенттегіден, Оңтүстік Қазақстаннан біраз жоғары. Табысы да, өңірлік жағдайы да. Қазақтың жері-бәріміздің Отанымыз. Мемлекет те, жергілікті билік те барлық жағдайды жасап, үймен, жұмыспен қамтамасыз етеді. Сондықтан осы жаққа келіп, кәсібін нәсіпке айналдырамын деушілерге жол ашық. Күнгейде халқымыз тығыз орналасқан. Жұмыс жетпейді. Сондықтан мен осындай бағдарламаны іске қостым. Айтатыным, солтүстік аймаққа көбірек келіңіздер. Барлық жағдай жасалатынын көріп отырсыздар,- деді Елбасы көшіп келген отбасылармен кездесуде.

Президент қоныс аударған тұрғындарға мемлекет тарапынан жасалатын қамқорлықтың жүйелі жалғасатынын жеткізіп, өзінің де өмір жолы туралы айтып берді. Менің Алматы қаласының маңында дүниеге келгенімді білесіздер. 17 жасымда туған өлкемнен кеттім. Осындай шешім қабылдап, түрлі өңірде еңбек жолынан  өттім. Кездескен қиындықтарды жеңіп, бүгінгідей дәрежеге жетіп отырмын. Сіздер мұны балаларыңыздың болашағы үшін жасап жатырсыздар, дей келіп ауылдың жаңа тұрғындарына зор денсаулық, табыс, бақ-береке тіледі.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

 Солтүстік Қазақстан облысы,

 Тайынша ауданы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.01.2019

Атырау жылу электр орталығында апатты жағдай болды

20.01.2019

ШҚО-да дін саласындағы құқық бұзушылықтар саны үш есеге азайды

20.01.2019

Солтүстік Қазақстанда көпсалалы аурухана салынады

20.01.2019

Қазақстандық балалар фильмі халықаралық кинофестивальде жүлде алды

20.01.2019

ШҚО емханалары 100 тонна қағаз үнемдеді

20.01.2019

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 27 жыл толды

20.01.2019

ШҚО Күршім ауданында 6 жастағы бала суға кетіп қалды

20.01.2019

Қазақстанда бала асырап алуға көмектесетін арнайы агенттік құрылады

20.01.2019

Ресейлік «Арктика-М» спутнигі 2019 жылы маусым айында іске қосылады

20.01.2019

Чили жағалауында магнитудасы 6,8 жер сілкінісі болды

20.01.2019

Астанада Жастар жылының ашылуы өтеді

20.01.2019

Экономиканы роботтандыру: қатер ме, мүмкіндік пе?

19.01.2019

Атырауда «Отбасы орталығы» және «Татуластыру орталығы» ашылды

19.01.2019

Мақтаарал ауданында диқаншылық басталды

19.01.2019

Ақтөбе-Атырау тас жолының бойында орналасқан аумақ күрделі жөндеуден өтіп жатыр

19.01.2019

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 33 шетелдік еліне қайтарылды

19.01.2019

​СІМ басшысы Тәжікстан елшісін қабылдады

19.01.2019

​Қазақстанның Елшісі НАТО Бас хатшысына Сенім грамоталарын тапсырды

19.01.2019

Рейтер: Трамп пен Ким Чен Ын ақпанда кездеседі

19.01.2019

Алматыға Катардан алғашқы жүк рейсі келді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу