Цифрлы сот жүйесі – рухани жаңғыру аясында

Сот билігі – Ата Заңымызда бекітілген мемлекеттік биліктің негізін құрайтын үш биліктің бір тармағы. Сот билігінің абыройы – мемлекет абыройы, оның ар-ожданы. Бұл абырой, сот билігіне әр іс бойынша заңдылыққа бағына отырып, тек шындық үстемдік құратын әділ де заңды шешімдерімен ғана, қасықтап жиналатын қоғам сеніміне ие болғанда мүмкін болары хақ. Ал мұндай халық сенімі қандай да бір өлшемге сыймайтын, көрсеткіштермен есептелмейтін – би адал, шешім әділ болғанда ғана қол жеткізе алатын әділдіктің ауыр таразысы, шындықтың шыңы!

Егемен Қазақстан
20.08.2018 3434
2

Елбасы ұсынған «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «100 нақты қа­дам» Ұлт жоспары, «Рухани жаң­ғыру» бағдарламалары – қоғам мен мем­лекеттік құрылым­ның барлық саласында, соның ішінде сот билігіне де ел мүдде­сіне сай биік белестерге жетуді мін­деттеп отыр. Бұған қоса прогрес­сивті IT технологияға не­гіз­делген «Цифрлы Қазақстан» бағ­дар­ламасы – қоғамның қай саласына да серпінді күш, жаңа тыныс беретін бағыт.

Қазақстан – құқықтық жүйесін әлемнің озық стандарттарына сай келтіру үшін тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ өрке­ниет­ті елдер тәжірибесін тыңғы­лықты зерделей отырып, бүк­песіз ашық сот жүйесін қалып­тастыру мақсатында келелі шаралар қабылдап келе жатқан ел. Елбасы озық сот тәжіри­бесін қалыптастыру мен сот өндірісін жетілдірудің негізгі көзі инновациялық технологияны кеңінен пайдалану екенін, 2009 жылы судьялардың V съезінде атап айтқан болатын. Бүгінде ол іске асып, соттар қағазбастылықтан арылып, ­электронды технологияға негізделген, заман талабына сай, оңтайлы, қолжетімді, ашық сот процестері базасы жасалды.

Осы ретте соңғы уақытта Жо­ғар­ғы Сот жүргізіп жатқан сот жүйесін цифрландыру жұмы­­сының қарқыны көңілге қуа­­ныш ұялатады. Мемлекет басшы­­сының қатысуымен мау­сым айын­д­а өткізілген шетел инвес­торлары кездесуінде Жоғар­ғы Сот төрағасы Жақып Аса­нов цифр­­­ландыру жұмысы нәтиже­­ле­ріне сүйене отырып, сот билігінің қазіргі бірқатар кемшін тұстары мен оның себеп­терін ашық көрсетіп, ол бойынша жүргізіліп жатқан шаралар жөнінде толық мағлұмат берді. Бұл туралы Н.Назарбаев өз сөзінде сот төре­лігін іске асыру­дағы бұл жаңашыл оң өзгеріс­терді қолдай отырып, оның маңызды екенін атап өтті. Шынын­да да, жаңа төрағаның бұл ұтымды сөздері, сот билігін өзгертуге ұмтыл­ған ашық ойлары және бүгінгі батыл аяқ алыс­тары – сот билігіндегі сеңді қозғағандай.

Сот билігін ізгілендіруге бағыт­талған бұл өзіндік сыни көзқа­­рас, жаңа леп науқандық сипат алмауы тиіс. Ол үшін тек жал­ғыз Жо­­ғарғы Сот төрағасы ғана емес, барлық заңгерлер, ғалым­­дар, кез келген азамат ортақ үн қосып, атсалысса игі. Жасыра­тыны жоқ, сот билігінде соңғы жылдары қоғам алдында есеп беруден оқшаулану, бұйы­ғы күйге түсу бой көрсетті. Осы­ның сал­дарынан саны көп, пәрмені әлсіз, кейде тіпті қажет­ті­лігі дүдәмал өзгерістер мен жаңа­лықтар орын алып кетті. Осы қорда­ланған проблемаларды шешу – кезек күттірмейтін тыным­сыз еңбек, жүйелі іс, сындар­лы ой, жаңа көзқарасты қажет ететін іс.

Осы тұрғыда қылмысты, дау­ды болдырмау, олардың алдын алу ең негізгі мақсаты болып саналатын құқық қорғау ор­гандары мен сот жүйесі – бү­гін­гі қоғам дамуына сай ізгіленіп, кемшіліксіз үйлесімді жұ­мыс істеуде деп нық сеніммен айту қиын. Жұмыссыздық пен эконо­микалық құлдырау белең алған 1997 жыл мен бүгінгі саяси тұрақ­тылық орнаған, жұмыс көзі көбейген және мемлекеттік әлеуметтік қолдау айтарлықтай күшейген 2017 жыл деректерін салыстырып көрейік. Дерек­терге сүйенер болсақ, жиырма жылдың ішінде еліміздегі халық саны 12,7 %-ке өскен болса, осы кезеңде әкімшілік құқық бұзушылық 90,9 %-ке, қылмыс саны 94,7 %-ке, әсіресе азаматтық дау-дамай саны 97,9 %-ке ұлғайған, бұл – кімді болса да ойландыруы тиіс.

Сот өндірісіндегі азаматтық даулар санының дәл бұлай ша­рықтап кетуі – сот жүйесінің қазіргі өзекті проблемасы. Әлбетте, мұнда жаңа қоғам дамуы­ның түрленуі, соған байла­ныс­ты ол қатынастарды реттеу­ге б­ағытталған жаңа заңдар қабыл­дануының әсері де жоқ емес. Десек те мұнда сот жүйе­сінің өзінің ішкі кемшін тұстары да жеткілікті сияқты. Осы 1997-2017 жылдар аралығында тек қылмыстық және азаматтық іс жүргізу кодекстерінің әрқайсы­сына 20-дан астам өзгеріс енгізілген, яғни іс қарау тәртібі­нің өзі жылма жыл қайта-қайта өзгеріске ұшырап отырған. Осыған байланыс­ты бүгінде сот өндірісінде азаматтық істермен қоса бұрын-соңды болмаған «материал» деген азаматтық істер де пайда болды. Бұған қоса, бұрын қылмыстық істі қараған сотқа бірден азаматтық талаптарды да толық шешу міндеттелсе, қазір оларды бөліп, азаматтық соттарға жолдау тәжірибесі қалыптасқан. Некені бұзу туралы азаматтық істер бойынша некеден ажырату, мүлікті бөлу, әкелігін анықтау, баланы тәрбиеге беру, алимент өндіру мәселелері бұрын көбіне бір іспен ғана шешілген болса, қазір бұл мә­селелер бөлек-бөлек 7-8 іс болып жатыр. Бүгінгі соттардағы банк комиссиясы туралы дауларда: талап белгілі – заңсыз алынған комиссиялық сома, жауапкер біреу – банк, талапкер – ­клиент, былайша айтқанда, анықтайтын мән-жайлар шектеулі, еш қиындығы жоқ іс. Осы істер бірінші саты соттарында азамат санына қарай бірнеше жүздеген, мың­даған іс болып қаралуда. Не үшін? Түсініксіз. Мұнда дәлел­деуді қажет ететін ештеңе жоқ. Ал енді осыны соттарда қыруар іс қылмай прокуратура ұсынысы арқылы банк өз бұйрығымен немесе прокуратура талап арызымен бір тізім – бір іс қылып неге шешім шығармасқа?..

Халқымыз «Би екеу болса, дау төртеу болады» деген. Бас-аяғы бірнеше жылдың ішінде қаншалықты қажет екені жете ескерілмей, жаңашыл болып көрінуге талпынып, қылмыстық сот, азаматтық сот, әкімшілік сот, экономикалық аудан­ара­лық мамандандырылған сот, ювеналды сот... деп бірнеше сотты құрып тастадық. Бұл – мемлекетке қаншама шығын!

Бүгінде қарапайым халық түгілі, олардың саны мен түрінен заңгерлердің өзі шатасады. Тағы қандай соттар кезекте тұр? Осының бәрін Үкіметке ұсынып жатқан өзге емес, өзіміз – соттар, сот қызметкерлері, заңгерлер! Әйтпесе осыдан жиырма жыл бұрын осы істердің барлығын дерлік бір-ақ сот – аудандық сотта бір судья қарап, шешетін. Ал бүгін ше? Турасын айтқанда, судьялар мен соттар санының көбеюінен іс пен дау азайып жатпағаны анық.

Кезінде, 2011 жылы қаңтар айында соттағы істерді азайту мақсатында Медиация туралы заң қабылданды. Ал мұның әлі күнге дейін сот өндірі­сіндегі істердің азаюына еш әсері тиген жоқ. Негізі, қазіргі қолданыс­тағы заң бойынша медиатор деге­німіз судья емес, тіпті көбіне кәсіби заңгер маман да емес тұлға. Оған жүгінген ел, қалта­сынан қаржысын шығарып, медиа­тордың еңбегіне төлейді. Ал оған көңілі толмаса, мемлекеттік баж төлеп, ресми сотқа жүгінеді. Ендеше бұл – мәселені түпкілікті шешпей уақытша ысыра салу, медиатордың қалтасын томпитып, елді босқа әуре қылу деген сөз. Дәл осы жағдай, бүгінгі көтеріліп жүрген «Билер сотында» да қайталанып, оның да істің азаюына еш әсері болмауы ғажап емес. Билер сотының жұрнағы – «Ақсақалдар кеңесі» қазір де ел арасында ұсақ құқық­бұзушылықты, дау-дамайларды еш жерге ресми тіркетпей-ақ, ың-шыңсыз шешіп жатыр. Сондықтан да бұл іске соттардың бел шешіп, белсене араласуына қажеттілік жоқ. Себебі, дәл осы медиа­ция, билер сотының үстінен күні ертең-ақ жаңа дау-дамайлар ­топ-тобымен сот өндірісіне түсуі әбден ықтимал.

Жалпы, «...соттағы істердің соңғы жылдары жыл сайын 200 мыңдап көбеюі, мемлекет қабыл­даған келісу рәсімдері кеңей­тілген шаралар мен дауларды соттан тыс реттеу механизмдерінің күтілген нәтижені бермей жатқаны және мұнда елеулі кемшіліктің бар» екені жөнінде Президент 2016 жылғы VII судьялар съезінде де ескерткен. Өкінішке қарай, сот жүйесі арыз-шағым, істер санының дәл бұлай күрт өсуі жағдайына дер кезінде тиісті түрде мән бермей, оны өз жұмыстарының үлкен жетістігіне балап, елдің сотқа деген сенімінің күшеюімен түсіндіріп келді. Сондықтан да мемлекеттік цифр­ландыру бағдарламасы – бүгінгі сот жүйесі қолданысындағы ірілі-ұсақты реформалар маңы­зын айшықтап қана қоймай, олардың бір-бірімен үйлестігін, қарама-қайшылықтарын, әсерін және өміршеңдігін нақты ашып көрсетеді деген үміттеміз.

Сот билігіндегі тағы бір өзекті мәселе – сот төрелігінің әділдігі мен заңдылығын «проценттік көрсеткішпен» бағалау. Сот жүйесінде жылдар бойы сот төрелігінің заңдылығы мен әділ­дігі жоғарғы саты соттарымен проценттік мөлшермен есептеле отырып, төменгі саты соттары жұмысына баға беріліп келеді. Соттар сот шешімдері мен үкімдерінің 99,99 процентінің бұзылмауын үлкен жетістікке санап, сол межеден шығуға ұмтылды. Өз жұмыс сапасы да «проценттік өлшеммен» бағаланатын облыстық соттар – жоғары проценттік көрсеткішке жету үшін аудандық сот акті­лерін барынша күшінде қалды­руға, бұзбауға мәжбүр болды. Мұның өзіндік өлшеусіз зияны – аудандық бірінші саты соттары жіберген заңсыздық пен әділетсіздікке бірінші тойтарыс беріп түзейтін, сот жүйесінің ең маңызды буыны – облыстық сот сатысының заңдылықты қамтамасыз ету рөлін мейлінше төмендетіп, мемлекет пен қоғам алдында айтарлықтай пайдасы жоқ, дәрменсіз күйге түсірді. Жалаң проценттік көрсеткішке бой алдырған сот жүйесі мұны да өз жұмыстарының үлкен жеңісі ретінде ақпарат құралдары арқылы зор мақтанышпен тілге тиек етіп, әділдік пен шындықтың өлшемі ретінде көрсетіп бақты. Мұндай сыңаржақ, «проценттік» үрдіс тек сот жүйесіне ғана емес, бүкіл құқық қорғау органдарына да тән болды. Бұл туралы да Елбасы сол VII судьялар съе­зінде: «Сот төрелігін атқаруда халық­аралық оң рейтингке және жоғарғы көрсеткіштерге жетке­ніне қарамастан, негізгі мәселе соттарға және құқық қорғау орган­дарына қоғам сенімі жеткілік­сіз деңгейде қалып отыр» деп қадап айтқан да болатын. Бірақ бұл әдет те бүгінге дейін жалғасын тауып, әділдік пен заңдылық – «проценттік көрсет­кіштің» құрбанына айналып кетті.

Әйтсе де бұл сандық есептен, не проценттік көрсеткіштен біржола бас тарту керек деген сөз емес. Керісінше, оны сот төрелігін зерттеу, саралау жұмыс­­­тарында мейлінше кең пайдалану қажет. Сот төрелігін іске асыруда­ғы заңдылық сот шешімдерінің тұрақты­лығымен анықталса, ал оның әділдігі кінәсізді даудан арашалауымен, ал кінәліні жауаптан, жазадан құтқар­майтын туралығымен ғана айқын­далады. Сондықтан облыстық сот сатысының жұмы­сы аудандық соттар жіберген заңсыздықтар мен қателіктерді мейлінше көп тауып және оны дер кезінде түзеуімен ғана өлшеніп, бағалануы тиіс.

Проценттік көрсеткішке бой алдыру, сот жүйесінде тағы бір проб­лема – сот билігінің ірге­тасы болып саналатын сот төре­лігін іске асырудағы судьялар­дың өз тәуелсіздігін және аудан­дық, қалалық, облыстық сот сатыларының дербестігі мен маңызын барынша әлсіретуге әкеліп соқты. Судьялар іс бойынша әділдікті анықтаудан гөрі өздерінің судьялық тағды­рына тікелей әсер ететін ең басты мәселе – сот актілерінің бұзыл­мауына бағынышты болып, іс қараудағы өздерінің еркін­дігінен айырылып, әр іс бойынша облыстық сотқа жүгіретін, нақтырақ айтқанда, облыстық сот төрағасының арнайы нұсқауынсыз шешім қабылдай алмайтын – жалтақ, тәуелді, қолбала сотқа айналды.

Әрине Конституция мен заңға ғана сүйене отырып, өзінің ішкі сезімімен әділдікті ту етіп, тәуелсіз қабылданған судья сот актілері неғұрлым бұзылмаса, соғұрлым заңды әрі құрметті. Ол үшін ­судья шын мәнінде тәуелсіз және міндетті түрде білікті, қандай жағдайда да заңды, әділ шешім қабылдай алатын батыл да әрі табанды болуы қажет. Ол үшін судьяға өз заңды шешімінің бұзылуына келіспей, Жоғарғы Сотқа дейін ұсыныс келтіру құқығы берілуі тиіс. Сонда ғана судья іс жүзінде тәуел­­­­сіз. Бұл әсіресе судьяның өз басымен бірге, іс бойынша заңдылық пен әділдік­тің сақталуына кепіл болары сөзсіз.

 Сот жүйесіндегі бүгінгі тағы бір көкейкесті мәселе – қазіргі Жоғарғы Сот өндірісіндегі істер санының шамадан тыс көбеюі. Оған негізгі себеп – 2016 жылдың қаңтар айынан бастап бұрынғы жергілікті жерлерде заңсыздық пен арыз-шағымға тосқауыл ретінде, сүзгі рөлін атқарған облыстық соттардағы істерді кассациялық және қадағалау тәртібімен қарау міндеттерінің жойылып, ол міндеттердің Жоғарғы Соттың өзіне өтуі. Ол республика көлемінде, яғни 2 қала және 14 облыстық сотта қаралатын барлық арыз-шағым және істер санын лек-легімен, бірден Жоғарғы Соттың өзіне түсіріп, оның іс қарау жүктемесін бір мезетте бірнеше есеге арттырып жіберді. Тек 2017 жылы Жоғары Соттың өзіне азаматтық даулар бойынша 12 368, қылмыстық істер бойынша 5 182 ұсыныс түскен. Бүгінде Жоғарғы Сот судьялары саны жергілікті сот судьялары есебінен екі есеге дейін көбейсе де, жағдай әлі күнге дейін күрделі күйінде қалып, Жоғарғы Сот шамадан тыс үлкен жүктемемен жұмыс істеуде. Осыған орай, бүгінде Жоғарғы Сотта екі бірдей – біріншісі іске қатысушылардың ұсыныстарымен кассациялық тәртіпте алқаларда қаралатын және екіншісі Бас прокурордың наразылығымен немесе Жоғарғы Сот төрағасының ұсынысымен тағы да кассациялық тәртіпте алқада қаралатын, яғни бұрынғы облыстық соттардағы іс қарау тәртіптерінен айтарлықтай өзгеше айырмашылығы жоқ, істерді екі рет кассациялық тәртіпте қарау практикасын қалыптастырды.

Барлық облыстық соттардың касса­циялық және қадағалау сатылары атқарған жұмыс ауқымы мен міндетін түгелдей бір өзіне жүктеп алған бүгінгі Жоғарғы Сот – сол соттардың жұмыс көлемін толық игеріп, сот билігінің тиімділігі мен заңдылығын арттыруда деп айта алмаймыз. Мысалы, 2017 жылы аяқталған жалпы істер (2 262 451) 2007 жылғымен (405 542) салыстырғанда бес еседен артық болғанына қарамастан, ол бойынша түскен наразылық проценті үш есеге, ал заңдылығы қалпына келтірілген істер алты есеге аз. Сонда не ұттық? Жергілікті жерлердегі кассациялық сот сатыларын жойғанда тапқан жетістігіміз қайсы? Ешқандай. Керісінше, сот билігінің ең биік сатысы – Жоғарғы Сотты өзінің мәні мен маңызынан айы­рып, арыз-шағымнан бас ала алмайтын күйге жеткіздік. Жергілікті жерде заңдылықты дер кезінде қамтамасыз ету тиімділігінен айырылдық. Республика көлемінде заңдылықты қамтамасыз ету көрсеткішін төмендеттік. Қаншама адамның жер алшақтығына байланысты кассациялық шағымдану мүмкіндігін шектедік. Осыған байланысты қаншама іс бойынша қабылданған заңсыз сот актілері күшінде қалып, сот билігінің абыройына нұқсан келтірілді...

Тоқетері, бұл мәселелерді шешу үшін бүгінгі сот жүйесінде жергілікті сот құрамына жататын үш-төрт облыс­аралық кассациялық сот сатыларын құру аса қажет. Бұған сот жүйесінде барлық жағдай да бар. Оған мемлекеттен қосымша қаржы да, ғимараттар да, судьялық штат бірліктері де қажет емес. Бүгінде еліміздің үлкен мегаполис қала, облыстарында сәулетті сот ғимараттары салынған. Кадр мәселесіне келсек, облыстық соттарда қазір тек апелляциялық сот сатысы ғана қалды. Ондағы әр алқаның өз төрағалары бар екендігін ескерсек, ендігі жерде облыстық сот төрағасы лауазымының онда қажеттігі де шамалы. Бұған қоса Жоғарғы Соттың өзінде кассациялық іс қарау жүктемесі өзгерген соң ондағы алқа төрағалары мен судья штат бірлік­­­терін қоса есептегенде, республика көле­мінде жергілікті соттарға жататын 3-4 облысаралық кассациялық саты сотын құру ешқандай қиындық туғызбайды.

Бұл өзгеріс – мемлекетіміздегі сот би­лігінің ең биік шыңы, соңғы сатысы Жоғарғы Сот абыройын асқақтат­паса, түсірмесі анық. Бұл бірінші кезекте Жоғарғы Соттың қазіргі жұмыс­бастылығын тоқтатып, өзінің тікелей міндеті – мемлекеттік сот билігінің бағыт-бағдарын көрсететін түпкілікті, құнды, сапалы қаулы-қарарлар қабылдау мүмкіндігін кеңейтеді. Жоғарғы Соттың өз құзыры арқылы кез келген істі алдырып, қарай отырып мемлекетте үнемі біртекті, әділ сот тәжірибесін қалып­тас­тыру мүмкіндігі молаяды. Өзіне дейін жергілікті соттардағы облыс­аралық кассациялық сот сатысы арқылы заңсыздықтың алдына уақтылы, дер кезінде тосқауыл қойып, сот билігінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттырады. Кассациялық сот сатысын елге жақындату арқылы оның мәні мен маңызын көтеріп, сот билігі Ата Заңда бекітілген өз мақсаттарының үдесінен шығып, ел сенімі күшейеді.

Жалпы, мемлекеттік цифрландыру бағдарламасы – бүгінгі рухани жаңғыру аясында сот билігімен қатар құқық қор­ғау органдары жұмыстарын да бірдей жүйелі түрде саралап, еліміздің зайырлы мемлекет болып қалыптасып, өркендеп дамуында көзге көрінбей аяққа тұсау болып, сырт көзден жасырын, бұрыннан бүркемеленіп келген құқық саласындағы қай органның да кемшін, осал тұстарын және кімнің де болсын қайтымы жоқ пай­дасыз іс-әрекеттерін ашық көрсетіп, оны дер кезінде түзеуге мүмкіндік берері хақ.

 

Мұхтар ЕСЖАНОВ,

Сот жүйесінің құрметті қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.11.2018

Ардақ Әшімбекұлы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды

14.11.2018

Б.Сағынтаев Жамбыл облысының білім беру саласының мамандарымен кездесті

14.11.2018

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

14.11.2018

Елбасы «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институтында болды

14.11.2018

Үкімет басшысы Жамбыл облысында болды

14.11.2018

Атыраулықтар жалпыұлттық диктант жазуға қатысты

14.11.2018

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде Азаматтарға арналған қоғамдық қабылдаулар өтті

14.11.2018

Қ.Тоқаев: Бюджетті қарау кезінде тек мемлекеттік мүдде үстем болуы тиіс

14.11.2018

Африканың Батыс Сахарасында күрделі тапсырмаларды орындады

14.11.2018

Батыс Қазақстан облысында тағы бірнеше кәсіпорын жалақы өсірді

14.11.2018

Халықаралық балалар шығармашылығы Фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

14.11.2018

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауылында 40 пәтер пайдалануға берілді

14.11.2018

Елбасы кітапханасы ақтөбелік жоғары оқу орнына 350-ден аса кітап тарту етті

14.11.2018

Алматыда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі талқыланды

14.11.2018

Алматы жұртшылығы жалпыхалықтық диктант жазуға қатысты

14.11.2018

Алматыда «Көшпенділер әуені» атты дәстүрлі орындаушылардың ІІ Республикалық байқауы өтті

14.11.2018

Алматыда дәстүрлі «Болат Тұрлыханов кубогі» өтеді

14.11.2018

Бақытжан Сағынтаев Таразда Халықты жұмыспен қамту орталығына барды

14.11.2018

Асқар Мамин өңіраралық семинар-кеңеске қатысты

14.11.2018

Премьер-Министрге «Смарт-Тараз» және Тараз-Хаб жобалары таныстырылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу