Тәкен және күй өнері

Ұлтымыздың көрнекті жазушысы Тәкен Әлімқұловтың артында қалған әдеби шығармалары бұл күндері әр дәрежеде талданып, ғылым кеңістігінде өзінің тиісті бағасын алып жатыр. Дарабоз суреткер шығармаларының кейіпкерлері көбіне өнер адамдары – сазгерлер мен күйшілер, абыздар мен ақындар болатын. Шындыққа келсек, қазақ жазушылары арасында сан ғасырлар бойы ұлтымызбен бірге жасап келе жатқан  керемет өнеріміздің бірі – күй туралы толғана, терең, әсерлі  қалам тербеген суреткерлер шамалы. Солардың бірі һәм бірегейі, жұлдызы нұрлы жазушы-суреткер Тәкен Әлімқұлов десек артық айтқанымыз емес.

Егемен Қазақстан
20.08.2018 1486

Қазақтың қабырғалы қаламгері Т.Әлімқұлов ұлтымыздың аңыз-әңгімелері мен ән-жырдың қара шаңырағы атанған, құтты да киелі Қаратау өңіріндегі Созақ ауданының тумасы екенін білеміз. Зерттеуші-ғалым, әдебиеттанушы Қ.Әбдезұлы Тәкеннің шығармаларын зерделей отырып, ол туралы «...айталық, атақты күйші Сүгірдің мекен еткен ата жұрты кәрі Қаратау өңірінің тарихын таратып айту мақсатын­да жергілікті тұрғындардың бір­неше ұрпағы жатқа айтып келе жатқан аңыз-әңгімелерді жазушы сол күйінде көркемдік мақсатқа бағындырған. Ән-күйдің, жыр-дастанның, шешендік өнер мен айтыс өнерінің мәуелі кіндігі болған Қаратаудың терістігі мен түстүгі осы аңыздар арқылы қайта тіріледі. Халық тарихы жаңаша бой көтереді. Жазушы осының барлығын кең толғап суреттейді. Осы құтты мекенді, қойнаулы тау-тасты зерттеп, оның әр сай, әр биігінің құшағындағы ел мен жер тарихын, халық тағдырының қилы шындықтарын жиып, жаттап өскен күйші Сәруардың Сейтекпен (Т.Әлімқұловтың «Сейтек сарыны» атты повесінің кейіпкерлері – С.О.) рухани табысуының тарихы да повес­те арналы желі болып тартылған», деп толғанады.

1958 жылдың сәуірінде Мұхтар Әуезов Тәкен Әлімқұлов пен жергілікті жас жазушы Еркінбек Тұрысовты жанына серік етіп оңтүстік өңірді аралайды. Сол сапарында олар шертпе күйдің шебері атанған созақтық Сүгір күйшіге арнайы ат басын бұрып, сәлем беруге барады. Күйші қаламгерлердің алдында шабыттанып, ерекше көңілмен шешіле, нақышына келтіре домбырада толғай-толғай күй тартады. Мұхтар Әуезов күйшінің тартқан «Телқожа», «Бозінгеннің бүлкілі» және де басқа күйлерін зейін қоя, ынта-ықыласпен тыңдап, олардың орындалу шеберлігіне ерекше риза болып, күйдің әрқайсысының шығу тарихын егжей-тегжей сұрап, қағазына түртіп отырады. Ол масайрап «Созақтан бір Тәттімбетті таптым. Тәкенжан, Сүкеңді Алматыға алдырып, күйлерін өз орындауында таспаға жаздырса қандай керемет болар еді. Мына кереметті тез жеткіз елге, тез жазғайсың! Тәкен-ау, мына өлке тұнып тұрған мұрты бұзылмаған тарих, толық ашылмаған көмбе екен ғой, біле-білгенге бұл бір жұмбаққа толы, өнері мол, сырлы да шежірелі сахара екен. Жазыңдар, айналайын, халыққа жеткізіңдер мұны. Ертең кеш болып, ұмыт қалып, өкініп жүрмейік... Жазыңдар! Көбірек жазыңдар!.. Қаратаудың теріскейі сендерге, қаламы жүйрік суреткерлерге, үлкен азық, сеңі ыдырамаған тұңғиық қазына емес пе?!» деп толқи сөйлеп, көздері нұр шашып, ішіндегі қуанышын жасыра алмапты.

Тәкен заманымыздың заңғар қаламгері Мұхаңның сол жолғы ұсынысын қабыл алып, қаперінде ұстап Созаққа келген сайын шертпе күйдің шеберлері күйші-композиторлар Сүгір Әлиев пен Төлеген Момбековке сәлем беріп, күйшілер өмірінен үзік-үзік әңгімелер жазып, мезгілдік газет-журналдарға жариялап, олардың біразын кейінірек кітаптарға топтастырды.

Күй аңыздарын суреттеуде Тәкеннің қаламы жүйрік, тілі майда, нақышты, құлақ құры­шын қандыратын шешендігі мен оқиғалардың қызықтылығы қосы­лып, шебер шендесіп, әдемі үндесіп отырады.

Бәзбіреулер сезіне бермейтін саз өнерін аса шеберлікпен жаза білу үшін музыканы терең түсініп, оның сиқырлы, нәзік ырғағын жүрекпен ұғыну хақ. Музыканың құдіреті жайлы толғаныстарды жазушы Тәкен Әлімқұловтың шоқтығы биік, сырлы да кербез шығармалары «Сейтек сарыны», «Сарыжайлау», «Кертолғау», «Сары сыбызғы», «Қаралы қобыз» сынды еңбектерінде мол кезде­седі. Мысалы, оның «Күйші» атты шағын әңгімесінде домбырадан шыққан сиқырлы ырғақты «Тәри-тай-тай-тай, тәри-тәри-тай-тай» деп шертпе күйдің сарынын суреттей отырып «... шебер саусақтар сылқым домбыраның төсінде еркін ойнақшып, бірде шанақтан, бірде сағадан шалып, шымшып, толғап, ерсілі-қарсылы шертіп, сансыз ызыңды қырық құбылтады», деп ерекше әсерлеп жазады.

Оның туындыларын тамсана оқып, сөздік қорына, зергерлігі­не таң боласыз. Мысал ретінде оның белгілі күйші Тәттімбет­тің шығармашылығына арнал­ған «Сарыжайлау» әңгімесін алайық. Онда суреткер өз туындысын «Шәлкем-шалыс дыбыстар дөңгелене, діріл қаға екпіндеп, таңсық әуен туғызды. Ең әсерлі тұсы: «тәри-тарайт-тай, тарайтталап!» төрт тағандап, текірек қағып тұрып алды. Екі шек егіз лебіз қосты. Жуан дыбыстар мен жіңішке дыбыстар жымдасып, дүрліге құлдилағанда, көкей қажар кербез оралым пайда болды. Қанша тыңдасаң құлақ құры­шың қанбайтын, қанша қауышсаң мауқың басылмайтын оралым еді. Шерліге шаттық, шадыманға мұң білдіретін назды да налалы тармақты пысықтағанда, күйші: «Кейінгілер нәшіне келтіре алар ма екен?!» деп күдіктенді», дей келе аяқтайды.

Аты аңызға айналған Қорқыт­тың өмір кешкен заманы, оның күйшілік тағдыры туралы Тәкен өз ұсыныс-пікірлерін ашық айтып келеді де, ендігі жерде көркем шығармаларында сол тарихи кезең көріністерін күй сырымен, күй сазымен егіз қатар, өрбітіп отырады. «Әлемге әйгілі әл-Фараби­дің пікірінше Қорқыт тарихта бол­ған адам: сегіз қырлы, бір сырлы сарбаздың өзі! Осында мың жыл бұрын өмір кешкен Қорқыттың ақындық тілі бізге таныс болса, күмбірлеген, күңіренген, аңыраған күйлері қазақша сайрап тұрады. Сондықтан тілінен көкейі ұзын күйге тіл батырудың ғанибеті, қуанышы, уанышы бар», деп өз ойын жазушы осылай сабақтаған.

«Телқоңыр» әңгімесінде ол атақты күйші Сүгір өміріне соғып, Сүгір жайын сөз етеді. Өте тартымды, шымыр әңгіме бір күйдің тарихынан сыр шертеді. Көзіқарақты оқырманға бірден байқалатын бір шындық, Сүгірдің тума талант, құдіретті күйші екендігі.

Енді Тәкеңнің «Сейтек сарыны» атты белгілі повесін алайық. Оның басты кейіпкерлері Сейтек күйші мен оның шәкірті, домбырашы Сәруар. Қартайған Сәруар құтты мекені Қаратау өңірінен Алматыға келіп халық өнерпаздарының республикалық байқауына қаты­сады. Сол байқауда Сәруардың орындауындағы күйші Сейтектің «Заман-ай» күйі көпшіліктің ыстық ықыласына ие болады. Сәруардың күйді орындау шеберлігі жайлы жазушы «...Шалдың шертісі мүлде бөлек. Құлаққа қонымды, көкейге оралымды қоңыр үндер күмбірлеп шыға бастады. Күйдің жиі-жиі оралатын қайырмасы булығып, қамкөңіл адамның даусындай аянышты әсер туғызды. Сірә, шалдың саусағы кенедей жабысып қалған болуы керек, пернелер сыңсып, асты-үсті қатар боздап, дәмді әуен­ күмбірлеп кетті. Дүниеден торық­қан, дәмеленген, ашынған жанның ішкі сыры бейнелі тілде мұң шақты. Қанша заман өтсе де, кейінгі ұрпақ тілмәшсіз түсінетін шыншыл мұң еді бұл...», деп суреттейді.

Ал оның «Сары сыбызғы» деген шығармасында сыбызғы туралы мынадай қайталанбас жауһар өрнек бар: «Дауыл соққанда сеңдей соқтығысып, ұлардай шулайтын шерлі қамыстан шыққан текті сыбызғы – сегіз қырлы, бір сырлы. Оның тілін түсінуге зейін керек. Орманның сусылын, бұлақтың сылдырын, көлдің күрсінуін титтей заттың өз бойына қалайша сіңдіргенін білетін пенде аз. Сайын сахараның сыбызғыша сыңсып тұратынын еститін құлақ одан да аз. Шіркін, сыбызғы-ай! Тырнаның тырауын менсінбей, аққудың әнін еншілеген сыбызғы-ай! Жылан шаққан, бүйі тиген адам тәуіптің таусылмас демінен, үзілмес ысқырығынан айықса, сыбызғының құдіреті одан да асып түседі. Жұмыртқасын әнмен шайқаған бозторғайды арбаған айдаһардың үздіксіз ысқырығын сыбызғыдан басы айналып, би билегені Мәлкеннің көз алдында».

Тәкен Әлімқұловтың шығарма­шылығын жан-жақты зерделеген ғалым, профессор Қ.Әбдезұлы «Т.Әлімқұлов – халықтың дәстүрлі күй өнерін жанына балап, жүрек сырындай аялап, ардақтап өмір кешкен адам. Дәстүрлі өнердің ішінен Тәкен қаламгер ретінде әсіресе күй, күйшілік тақырыбына жиі-жиі ат басын тіреп, осы арада терең, тартымды туындыларын дүниеге әкелді», дейді. Ал Б.Қыдырбекұлы 1988 жылы жазған күнделігінде Тәкен туралы «...тіл жағынан келгенде мен оны қазақ тілін ең тәуір білетін жазушының қатарына қояр едім. Оның жазғандарынан, тілдің шұрайлылығынан майы тамып тұратын», депті.

Реті келгеннен кейін тоқтала кетелік, күй өнері ұлтымыздың рухани әлемінде ерекше орын алды. Ел тағдырын, ұлт болмысын Ұлы даланы мекендеген қазақтың күй­ші-сазгерлері Қорқыт, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Байжігіт, Сүгір, Ықылас шекті музыка­лық аспап – қоңыр домбыра мен мұңлы қылқобызға тіл бітіріп, сырлы саз өнеріне қосты, олар халық арасындағы шебер күйші-орындаушылар арқасында ел арасында таралды, сөйтіп олар ауыз әдебиеті тәрізді атадан ұрпаққа мұра ретінде беріліп, бүгінге дейін аса құнды інжу-маржандай сақталды. Кейбір мәлімет бойынша, бұл күндері халық арасында зерделеніп, нотаға түсіріліп, есепке алынған 5000-ға жуық күй бар екен.

Қазаққа ғана тән күй өнерін, саз өнерін зерттеуде ағайынды Құдайберген мен Ахмет Жұбанов­тардың, жазушы, сазгер Илья Жақанов пен жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Ақселеу Сейдімбектің атқарған еңбектерін ерекше атап өткен жөн. Бірақ Тәкен Әлімқұлов сияқты күй өнерін өзінің өлмес шығарма­шы­лығына желі етіп, көркемсөзбен өріп, тұңғиық теңіз түбінен табылған маржандай жалт-жұлт еткізіп, жіпке тізіп, шұрайлы шығармаларына өрнек еткен қарымды қаламгер ұлтымызда некен-саяқ. Т.Әлімқұлов өзінің соңғы жинағы «Кертолғауға» енген бір мақаласында «Ақын да, жазушы да өзінің өмірінің жалғасын іздейді, менің қабілетім жетсе, сөзден гөрі ұзақ жасайтын күй шығарар едім. Бәлкім күйші болып кетер ме едім. Тағдыр бірақ пешенеме қазақ әдебиетін бұйыртты», деп жазыпты. Осы ой арманының жетегінде қаламгер қырық жылдай қалам тербепті. Күйге, күйшілікке әуел бастан бір табан жақын жазушы күллі шығармашылық жолының ең бір мәнді, маңызды белестерін осылайша өнер тақырыбымен ғана байланыстырған.

Ұлтымыздың өлмейтін, тозбайтын, атадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүрлеріміздің бірі – күй өнері жайлы жазушы ретінде терең зерттеп, толғана, тамсана тұшымды, дәмді жазған сырбаз суреткер Тәкен Әлімқұловтың шығармалары өзінің мән-мағынасы мен құндылығын жоғалтпайтын, қазақтың болмыс-бітімін, ұлттық өнерімен мерей-мәртебесін даралап, асқақтатып көрсеткен ғажайып туындылар. Ол кісінің әдебиетке келердегі өзіндік ерекшелігін күйді терең түсіне білуінде деуге болады. Өнерді терең түсінуі оны басқаларға ұқсамайтындай үлкен жазушы етіп қалыптастырды. Тәкеннің «Егер Сүгір болмағанда мен жазушы болмас едім» деген сөзі бар.

Жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Батпан-батпан байлық тек жер көкірегінде ғана емес, ел көкірегінде де тұнып тұр. Сүйінерге жарайтын жақсы мен жайсаң тек жер астында жатқан жоқ, жер үстінде де жүр», деген сөзі еске түседі. Сондықтан жер бетінде жүрген жақсылар мен жайсаңдар, елдің өркендеуіне өлшеусіз қызмет етіп жүрген жандар көзі тірісінде лайықты бағаланып жатса адамда не арман бар? Тәкен Әлімқұлов көзі тірісінде атаққа, шен мен шекпенге еш қызықпаған қаламгер. Қарапайым, қоңыр тіршілік етіп, ел аралай жүріп, жұрт арасында кездескен аңыз бен жырды, салт-дәстүрлерімізді қағазға түсіріп, артына алтынға бергісіз маржан-інжу тектес кереметтей дүниелер қалдырды. Ол еңбектер ұлтымыздың әдебиеті­нің көкжиегін кеңейтіп, құнды, салмақты шығармалар қатарына қосылды. Тәкеннің қаламынан шық­қан туындылардың қай-қайсы­сынан болмасын қарапайым қазақтың бейнесін, ұлттық болмысы мен мінезін, тіршілігі мен психология­сын адаспай табуға болады. Ол қазақ­тың өмірін, тұрмысын, өнерін, дәстүрін жақсы білген. Астарлап жазудың да шебері. Тәкен – сирек талант иесі, тамаша дарабоз суреткер.   

Сағындық ОРДАБЕКОВ,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

Тараз

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.09.2018

FIFA-2018 марапаттау рәсімінде Роналду болмайды

24.09.2018

Ұлы Дала Еліне саяхат — «Жаңа Жібек жолы» бағыты бойынша экспедиция Таразға келді

24.09.2018

«Егемен академиясының» жаңа маусымына тіркелу басталды

24.09.2018

Мақтаарал құрылыс саласымен де танымал болмақ

24.09.2018

Атырауда «Тау тұлғалы Таумыш» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

24.09.2018

Ақмола облысында мемлекеттік қызмет мектебін ашылды

24.09.2018

Алматыда III Baikonyr Short Film Festivalдің жабылу салтанаты өтті

24.09.2018

Ақтөбелік полицейлер Агенттіктің «Пара алма!» үндеуіне құлақ асуда

24.09.2018

Қыздар Университетінің студенттері республикалық турнирдің жеңімпазы атанды

24.09.2018

Талдықорған қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

24.09.2018

25 қыркүйекте Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

24.09.2018

Ақтауға үлкен футбол оралды

24.09.2018

Үш дзюдошымыз да алғашқы айналымда ұтылды

24.09.2018

Оралда бокстан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

24.09.2018

Қазақстанда ұшақ билеттері арзандауы мүмкін

24.09.2018

Қазақстанда 14 миллион тоннаға жуық астық жиналды

24.09.2018

«Түн құдайы» фильмі Парижде өткен ретроспектива барысында көрсетілді

24.09.2018

Универсиада алауы Алматы арқылы өтті

24.09.2018

Бүгін Бакуде үш дзюдошымыз белдесуде

24.09.2018

Бизнес салымдар үшін қай қаржы ұйымы тиімді?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу