Қазақстан • 20 Тамыз, 2018

Астанада дауылды ескерту жарияланды

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК хабарлауынша, 21 тамызда қатты жаңбыр жауып, солтүстіктен екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Астанада дауылды ескерту жарияланды

19-21 тамызда кей уақытта найзағай түсіп, қатты дауыл, бұршақ жаууы мүмкін.

Осыған орай Астана қаласы ТЖД қатты жел, найзағай мен бұршақ жауғанда қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.

- мүмкіндігінше  ауа-райының қолайсыздығын іргелі құрылыс нысандарында тоса тұрған жөн;

- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан,   сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;

-пәтер мен үйлерде барлық терезелерді нық жабыңыздыр; 

- жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз; Найзағай мен қатты нөсер жолдың көруіне кедергі болып, найзағай жүргізушіге әсер етіп жол-көлік оқиғасына әкеп соқтыруы мүмкін.

- найзағай кезінде су қоймаларында суға шомылуға және балық аулауға болмайды;

- орын жайларда терезеден алшақ болып, электроқұралдарды қолданбауға тырысыңыз, бұршақ соңы найзағай болуы мүмкін.

- құрылыс объектілері қолайсыз ауа райы жағдайы әсерінен аумақтарды және тұрғындарды қорғау, құрылыс алаңдарында мүмкіндікше құрылыс-монтаж жұмыстарына шектеу  бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз!