Өнер • 20 Тамыз, 2018

Шахматтан Еуропа чемпионатында «balapan» арнасының анимациялық мультхикаясы таныстырылды

453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2018 жылғы 19-шы тамыз күні Ригада басталған Еуропа чемпионатының ашылу салтанатында «balapan» телеарнасының тапсырысымен Дәрмен Сәдуақасов шахмат академиясы дайындаған «Шахмат патшалығы» анимациялық мультхикаясы таныстырылды.

Шахматтан Еуропа чемпионатында «balapan» арнасының анимациялық мультхикаясы таныстырылды

Аталған мультхикая 32 бөлімнен тұрады және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде әзірленген. Жобаның мақсаты – сапалы 3D анимация жасау ғана емес, сонымен қатар, 4 жастан асқан балаларға шахмат ережелері мен негізгі қағидаларын үйрету және логикалық ойлау жүйелерін қалыптастыру.

Ашылу салтанатына ФИДЕ президенті Кирсан Илюмжинов, Латвияның Қаржы министрі, халықаралық гроссмейстер Дана Резница, Латвияның Білім министрі, Рига қаласының вице-мэрі, белгілі жаттықтырушылар, танымал шахматшылар және өзге де құрметті қонақтар қатысты.

Айта кетерлігі, 30-шы тамызға дейін жалғасатын әйгілі шахмат додасына 47 еуропалық шахмат федерациясынан 1000-нан астам балалар қатысады.