Шындық жұтқан тағдыр

Егемен Қазақстан
21.08.2018 2897
2

Осы бір түннен соң, 

жап-жалғыз үннен соң, 

Тебіреніс пен күңіреністен соң, 

Құдай тәубесіне түсті,

Тура айтудан гөрі 

астарлап айтуға көшті

Вислава Шимборская,

Польша, XX ғасыр

Поляк халқының әдебиеті әлемдегі ең үздік әде­биет санатына жатады. Мен сол әдебиетпен ерте ұшы­­­рас­­тым, сол әдебиеттің қуатты күші, көркем сөз ажары­­­ның нұры мені таңғалдырды. Жүрегімді тулат­ты.

Шыңғыстаудың алып аспанының астында мен, он төрт жастағы бозбала поляк әдебиеті мен өнеріне ғашық болдым. Сол әдебиетті барша жүрегіммен сүйдім.

Сол тайсалмай тура шапқан, жырларын ерлікке суарған поляк әдебиетінің биік шыңдарының бірі – Вислава Шимборская.

Вислава ханым – әлемде сирек кездесер шындық жұтқан ұлы ақын. 

1962 жылдың қара күзінде Қарауылда Анджей Вайданың «Пепел и Алмаз» фильмін көріп, далаға шыққанымда менің жан-дүнием ғажайып арпалысқа түсті; ақиқат атты алып толқынның астында қалып тұншықтым, ақиқаттың ешқашан білмейтін, түгесілмейтін ерекше құбылыс екенін бозбала жаным сезіп аласұрды; бұл фильмнің қуаты менің жүрегімнің тас-талқанын шығарды. Санамды сандалтты.

Қарауыл төбенің басына шығып ұзақ отырдым. Жалғыздық жеңген бозбала жаны «Пепел и Алмаз»-дан соң есі ауысқан. Төбе басында талмаусырап қанша отырғаным есімде қалмапты. Мен төбеден түскенде күздің қоңыр кеші ауылды басып кеткен еді.

Атам мені аула ортасында тосып тұр екен.

– Балам, қайда жүрсің? – деп үн қатты. – Қораға мал оралды, ал сен жоқсың?.. Жоқсың... Бұл жарамас мінез, қарағым!..

– Мен де оралдым, ата, оралдым, – деп атамның құшағына ендім. –Ата, кешір мені, кешір...

Бойы еңгезердей, батыр тұлғалы атам мені құшағына басты. Қайтіп атам да үн қатпады, мен де үн қатпадым. Ата мен немере үнсіз ұғысқандай еді. Бозбала жүрегіндегі бұлқынысты атам сезген, сонан да уақыты жетпей, бозбала көңілін үркітпеген. Әр нәрсенің өз сәті, өз соғар сағаты болатынын алып атам жақсы білетін.

Мен сол түні ұйықтай алмай ұзақ дөңбекшіп шықтым. Фильмдегі трагедияға толы суреттер көз алдымнан көлбеңдеп өтіп жатты. Ақиқатты осынша терең таразылаған көркем өнер туындысымен бұл менің тұңғыш кездесуім, тұңғыш табысуым, тұңғыш арбасуым болатын.

Бәлкім, суреткер жазушы болуға бекінген бозбала тілек сол түні оянған болар. Бұл ақиқатты айтудың, жазудың, ақиқатты жүрекке түнетіп өмір кешудің қиямет-қайым теориясын мен сол түні түсінбеген болармын. Бірақ ақиқатқа беріле ұмтылған талпынысымды сезінгенім айқын еді. Ұйқымнан сергек, сенімді қимылмен атып тұрғаным есімде. Таңмен таласа атамның көк атына қарғып мініп, өзенге қарай шаба жөнелгенім әлі күнге дейін көз алдымда.

Шындық жұтқан жазушы болуды пешенеме Алла тағаланың өзі де сол түні жазып жіберген болса керек. 

Айтшы, әкей, маған,

Исаактың жазығы неде?

Доп лақтырды ма көршінің терезесіне? 

Дастарқанды ластады ма?

Жалғыз шалбарын жыртып тастады ма? 

Құс үркітті ме?

Терезеден әлдене ағараңдап көрінді, 

басында құс боп, сонсоң жел боп сезілді. 

Бірақ мұндай құс қанатын да, 

мұндай жел санатын да көрмегем.

Құдай, әрине, көршіміз кейіптеніп,

Өзін сөгіп, өзін табалайды, ал, сонсоң

әкемді әңгімеге шақырып, 

ас үйде оның жанын жаралайды.

Міне, таңертең,

Әкеммен сыртқа шықтым, 

жаныммен

жек көру сезімін ұқтым – жақсылық,

махаббат – бәрі бекер,

күзгі жапырақтай әншейін, лекер.

Сенім де жоқ, 

алдайды бәрібір.

Махаббат ол да жоқ, 

бос кеудем әлі жүр.

Бар болса, бар шығар. 

бар болса, ол менде, 

кепкен саңырауқұлақтай, 

жүрек орнында, кеудем де.

Құдай бұлттан 

алау-жалынға қарайды.

Ал мен өлемін, өзімді несіне алдаймын.

Тірі жүрсем деп ешқашан жазбаймын!

Осы бір түннен соң, жап-жалғыз үннен соң, 

тебіреніс пен күңіреністен соң,

Құдай тәубесіне түсті,

тура айтудан гөрі астарлап айтуға көшті.

Бұл – Вислава Шимборскаяның толғанысы. Өлмейтін өлеңдердің бірі де осы өлең. Қырық мил­лион халқы бар Польша XX ғасырда өмірге төрт бірдей Нобель сыйлығын берді. Олар: Владислав Реймонт, Генрик Сенкевич, Чеслав Милош, Вислава Шимборская.

Поляк әдебиеті мен өнері туралы кезі келгенде еркін отырып, еркін сөз айту керек болар. Ол – менің парызым іспетті. Ерте есеюіме, ерте сана бекітуіме, рухымды аспандатуға, намысымды биік ұстауға қазақ әдебиеті туғанымнан қалай тәрбиелесе, маған америка, жапон, орыс, поляк әдебиеттері де сонша ықпал жасады. Бұлар әлемдегі шоқтығы биік әдебиеттер болатын. Сонан да болар, сексенінші жылдары қары қалың Мәскеуде екі апта бойы дала бетін көрмей өз-өзімді «жалғыздық абақтысына» қамап, «Желтоқсан күндері» атты повесті ұйқы көрмей бітірген едім.

Бұл поляк кинорежиссері әйгілі Анджей Вайда мен жас қазақ режиссерінің өнер туралы, өмір туралы, адам тағдыры туралы айтылған толғаныстарға толы ойлары болатын. Бұл қазақ пен поляк халықтарының адам айтса нанғысыз трагедиялары жайлы жан айқайы еді. Ол туралы Кеңес заманында жазу да қатерлі болатын. Соған қарамастан, шындық жұтқан жандары сол шындықты айтпаса орта жолда өліп тынардай болған Евгений Евтушенко, Андрей Вознесенский, Белла Ахмадулина, Василий Аксенов өз шығармаларымен, Олжас Сүлейменов «Аз и Я»-сымен Кеңес баррикадасына кеуделерін тосқан кез еді. Бұлардың қай-қайсы да нар тәуекелге бел буғандар болатын. Бірақ Ақындар да, Ел билеушілер де сақтық сақтайтын. Сондай кереғар заман еді. Ал бұлардай жанкештілер Батыста көп кезігетін. Олардың шығармаларын біз «самиздат!» арқылы оқушы едік. Қолжазбаны бір түнге оқуға алатынбыз. Мен Венгрияда, Польшада, Финляндияда, Германияда, Америкада болғаным­да (Кеңес кезінде, 1980-1990 жылдар) «самиздат­тың» кітаптарын іздедім. Москвада көрсетілмей­тін, Кеңес үкіметінің идеоло­гиясына кереғар келе­ді деп есептелетін ғажайып кинофильмдер мен театр қойылымдарын көруге ұмтылдым. Оның бәрі «кеңес түрмесінде» мылқау да, сақау да, соқыр да болған біз үшін табылмайтын саф алтын тебіреністер еді-ау. Будапештке бір барғанымда жеті түн, жеті күн «Астория» қонақ үйінен шықпай «самиздат» кітаптарын оқып ем. Әрине, бүгін ол «самиздаттар» кітап сөрелерінде толып тұр. Әттең, оқырмандары таусылған, асыл қазыналарды шаң басып жатыр!.. Сол «самиздаттар» сол кезде біздің жанымыздың өлмеуін қадағалаған сақшылар екен-ау. Сол кітаптар болмаса біздің көңіл аямыз күңгірт тартқан болар еді. Сол кітаптар бізді Адам болып қалуға, Адам болып өлуге тәрбие­леген асылдар болатын. Сол «самиздаттарды» бүгінгі тәуелсіз мемлекет басшыларының бәрі оқыған. Сол бостандық ауасын жұтуға олар да жандарын салған. Олар қорғанған, қорыққан, бірақ бостандық ауасын сезіну ерекше бақыт болатын. Бүгін сол кездегі Кеңес азаматтары, бүгінгі ТМД елдерінің Президенттері, сексенінші жылдардағы бос­тан­дықты аңсаған, бостандыққа ұмтылған күйзеліс­терін ұмытқан да болар, бірақ менің ойымша, сол кездегі бостандық дәмі, кей түндері оларды да түн ұйқыларынан тұр­ғы­заты­нына мен кәміл сенемін. Бостандықтың, Ақи­қат­тың, Әділеттің дәмі адам тіріде таңдайдан кетпек емес.

Бостандық, Әділет, Ақиқат туралы поляк әдебиеті туралы бір қалт еткен сәтте жазармын. Ал мына өлең сені ауыр ойларға бастап кете барады.

Жиырмасыншы ғасырымыз өткендерден 

жақсы болам деп еді.

Үлгермеді алайда, жылдар қалды санаулы, 

шалынысып аяғы, демі бітіп барады.

Болуға тиіс жағдайдан 

көптеу болды болмауға тиіс жағдай, 

ал келуге тиісті шақтар 

келмей кетті қайрылмай.

Құштар адам өмірге 

мақсат қойды алдына

мәңгі қолы жетпейтін.

Ақымақтық – бола алмайды күлкілі. 

Ал даналық – бола алмайды көңілді.

Құдай бір күні сенуі керек еді адамға – 

қайырымды, күштіге. 

Амал қанша, қайырымды мен күшті –

 әлі күнге екі адам.

«Қалай өмір сүрем» деп біреу маған хат жазды, 

қоймақ едім мен оған дәл осы бір сауалды.

Бүгін және қашанда (жоғарыға қарап қой) – 

шұғыл сауал мүлде жоқ, аңқау сауал болмаса.

Вислава Шимборскаяның өлеңдерін мен тұңғыш рет Нью-Йорктегі «Континент» журналындағы орыс жазушыларынан бір түнге алып оқып едім. Таңғы аста қайтып бердім. Ал Вислава ханымның өлеңдері менің жүрегімде төңкеріс жасап жатыр еді.

Біз өз дәуіріміздің баласымыз, 

саясат дәуірінің.

Бар ісіміз біздің және сіздің де 

саясатпен өзектес 

күндізде де, түнде де.

Қала, мейлі, қалама – 

бұл саяси тек – нақты 

дәл терінің түсі мен 

көз реңі сияқты.

Айтқан сөздің бәрінде

саяси мән болады,

үндемесе – тек құпия тұрады.

Орманда да егісте 

әр қадамың саяси, 

сол саяси амалың.

Саясатқа қарсы өлеңнің өзі де 

саясатпен оқталған, 

ойдың өзі партиялық мәнге ие.

«Боламын ба, болмаймын ба?» – мәселе, 

соның бәрін шешеміз 

тек саяси сезіммен.

Саясаттың жолында 

адам болу міндет емес, сенсіз-ақ 

бола берер жанармай мен сүрлем, шөп, 

немесе әлгі шикізат.

Өмір, өлім шешілетін қасында

үстел үсті айғай-шуға толады, 

дауласады ай бойы – мына тұрған үстелдің 

шеше алмастан не сопақ, не дөңгелек екенін. 

Дәл сол сәтте халық күйреп жатса да, 

аң аңырап,

үй өртеніп, дала жылап жатса да,

мың жылғыдай бұрынғы

құр даңғаза бұл саяси даурығу.

Вислава Шимборскаяның қайтыс болғанын естіген күні мен үйге сыймадым. Халықаралық «Абай» клубында шығарған «Поляк поэзиясы» кітабынан ақынның өлеңдерін тауып қайта оқыдым. Жан тыншымады. Тауға да бардым, барға да бардым, оңаша да қалдым, бірақ жан тулауын тоқтатпады. Ұйқысыз тағы бір түн өткізіп, Алматыдағы Польша Рес­пуб­ликасының Бас консулдығына арнайы соқтым. Бас консул — жақсы досым Веслав Осуховскийге көңіл айттым. Әдебиет пен өнерге жаны үйір Веслав Нобель сыйлығының иегері болған Милош пен Шимборская туралы естеліктері мен ойларын ортаға салды.

– Веслав елші, Вислава Шимборскаяның кітабын шығарайық, – дедім.

– Өте дұрыс. Мен қолдаймын. Сенің «Абай» клубың шығарсын. Аудармашы табайық.

– Милошты аударған арынды ақын Әбубәкір Қайрановты сұраймыз.

Келістік. Екеуіміз бірдей орнымыздан тұрып қол алыстық. Құшақтастық. Сөз бітті. Іс басталды.

Польша мен Ресейдегі аудармашылармен, Әбубәкір ақынмен келіссөздер жүргізілді. Бірақ күзде жүрек сыр беріп қайтадан ауруханаға түстім. Бұл менің сол жылы бесінші рет ауруханаға түсуім еді. Жүрекке екінші операция керектігі анықталды. Менде басқа жол да жоқ болатын.

Астанадағы жүрек клиникасының кең пала­тасы­ның үлкен терезе алдындағы тумба үстінде менің қолжазбаларым, Вислава Шимборскаяның өлеңдерінің қазақша аудармалары, «Абай» клубында жаңа ғана басылып шыққан Шота Руставелидің «Жолбарыс тонды жиһангез», Гетенің «Фауст» дастандары тұр еді. Сол асылдармен қоштасып, таңер­тең операция үстеліне жаттым. Операция сегіз сағатқа созылды. Есіме келтіріп, екі күннен соң пала­тама алып келгенде, мені екі алып ақынның кітап­тары, Шимборскаяның аудармалары, өзімнің жазып жатқан «Өлгеннен соң есептесерміз» атты Қазақ­станда өршіген терроризм мен діни лаңкестік туралы сахналық трагедияның қолжазбасы қарсы алды.

Бар ішінде бомба жарылады он үш сағат

 жиырмада.

Бізде әлі он үш сағат он алты.

Біреу шығып үлгеріп, біреу кіріп барады.

Лаңкес шығып үлгерді жолдың арғы бетіне.

Бұл қауіпсіз қашықтық,

Көрінеді бәрі анық:

Сары күртелі бір әйел, міне, шығып келеді, 

әйнек киген бір еркек қыр соңынан ереді.

Джинси киген жастар да бір әңгіме үстінде.

Он үш сағат он жеті, төрт секунд және де. 

Көлігіне мініп жатыр әлдекім, ажалы жоқ екен де.

Мына біреу жоғарыдан кеп кірді.

Он үш сағат, он жеті және қырық секунд. 

Әсемденген анау қыз бері беттеп келеді.

Оны автобус көлегейлеп тастады.

Он үш сағат, он сегіз.

Көрінбейді қыз әлгі.

Кірді ме өзі, ақымақ, кірмей өтіп кетті мәліктерін,

бәрінің шығарғанда көреді.

Он үш сағат, он тоғыз.

Ешкім кірмей қалды ғой.

Өзі семіз, өзі таз – біреу шығып тағы да. 

біраз тоқтап, қалталарын қарауда.

Он секунд қалыпты он үш сағат, жиырмаға,

Қайта кірді әлгі таз ұмытқанын алуға.

Міне, болды он үш сағат, жиырма да.

Уақыт қалай өтпейді. Мүмкін, қазір.

Жоқ, әлі емес. Иә, қазір, дәл қазір 

Жарылады бомба да.

Бұл жолы да өлмейтініме, жүрекке жасалар екінші операциядан да тірі шығатыныма, мені тосқан ұлылардың құшағына қайтып оралатыныма еш шүбә келтірмеген едім. Туған халқым мен туған әдебиетімнің алдында өтелмей бара жатқан парызым бар еді. Бар жан қуатымды салып, сол парызды түгел орындау керек болатын. Адам үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін қызмет қыл деп өсиет айтқан Абай бабамның тілегін қалай жерге тастармын?!.

Қалың екі кітаптың мұқабасына салынған сурет­тердегі Руставелидің де, Гетенің де көздерінде қалың мұң тұнып тұр еді. Операцияда жамап-жасқаған жүрек қайта тулап берді. Көзім қарауытты.

Ең жүйрік қасқағымдық запыран шашқан зәрлі ойлар миымды жаулады.

Сонда ойладым: шындық жұтқандарды жалғыз қалдыру күнә деп. Он бесінші ғасырдан жүрегі шерменде болған грузин Руставелиді, он сегізінші ғасырдан жүрегі уланған неміс Гетені, жалғыздық қапасын көрген Адам Мицкевич пен мадияр-қыпшақ Шандор Петефиді, қазақ − Махамбетті, Шоқанды, Абайды керексіз қылып жалғыз тастағандарымыз үшін шын күнәкармыз-ау деп.

Сонда ойладым: ұлыларының есті сөздерін ес­теріне сақтап қалдыра алмаған халық тірі өлік болар деп.

Рухы мен намысын, адамгершілігі мен бостан­ды­ғын санада өшірткен; мәңгіге естен адасқан тірі өлік­тер кезген кеңістікті көз алдыңызға елестетіп көріңіз...

Көрдіңіз бе? Көрсеңіз, ондай кеңістікте өмір сүруге бола ма?.. Өзіңізді ойламаңыз... Болашақ ұрпағыңыздың тағ­д­ырын ойлаңыз. Біз келмеске кетуге керуен тартқан­дар­мыз. Ал қазақтың жас тұяғы қайтіп күн көрмек?..

Әлем саясатын басқаратындарға заман өткен са­йын адам туралы ойлау қиындап барады?!. Олардың ойлары ақшаға шырмалып үнсіз жатыр. Оларға керегі екі-ақ нәрсе. Біреуі – билік, екіншісі – ақша. Билік болса, ақша болатынын, ақша болса, билік болатынын олар жақсы біледі. Замандар бойы саясат салған сара жол – осы. Ол − коррупция мен сатқындық жолы.

Сонан да қара жерге аманат қылып жіберілген шындық жұтқан Ақындар, Батырлар еш тайсалмастан саясатшыларға қарсы шығады. Бұл – мәңгі қарсылық майданы.

Билік Құдай жіберген асыл ақындарды да, көзсіз батырларды да амалын тауып өлтіріп жатады. Бірақ қарсылық қозғалысы еш тыным тапқан емес.

Батыр өледі. Бірақ қара жерді дүр сілкіндірген даңқы аңызға айналады.

Ақын өледі. Бірақ қара жерді шындық пен мейі­рімге толтырған асыл сөздері жылы, шуақты желдей көшіп жүреді.

Билік басындағылар да өледі. Бірақ олардың бірен-сараны болмаса, арттарында түк те қалмайды. Құша­ғын толтырған көк ақшаларын құшақтап, көрінген төбенің басында құмға бөгіп өліктері қалатынын ұзақ сонар тарих айтады.

Қара жерде өлмейтін – Алла жіберген Сөз ғана. 

Алып Аспанның асты мен Қара жердің үстінде күн кешкен Халқымызды ардақ тұтайық.

Ақын да, Батыр да, Саясаткер де – сол халықтың құ­­ш­а­­ғы­­нан суырылып шығатынын еш ұмытпауымыз керек.

Вислава Шимборская ханымның жан тербеген өлеңдері осы өлең кітапты шығарар тұста мені қайтадан қинағаны рас. Мені тәрбиелеген ұлы ақындар мен ойшылдар туралы тірі болсам естелік кітап жазуға өзіме ант еттім. Ол өзім үшін де, олардың рухына тағзым етіп, рахмет айтуым керек еді; өсіп келе жатқан қазақ өлкесінің жаңа ұрпағы үшін де – бұл олардың рухани әлемін тәрбиелейтін аманат ретінде қалу керек еді. Менің бұл ойымды Вислава ханым да растағандай:

Мұнда жатыр Шимборская деген жан, 

нүктелі үтір секілді. О, қара жер, болма алаң, 

әдебиетшілер тобынан алшақ шығар, кім білді. 

Құшағыңа алыпсың бұл жазушы әйелді.

Жапырақ па, үкі ме – бәрі, міне, шығарма. 

нәтсіз тасты әрлесең, ол мәңгілік тұрар ма?! 

Ей, жолаушы, электрон миыңмен, 

бұл әйелдің тағдыры туралы да бір ойлан.

Бұдан өзге ойға берілу күнә екенін сезіп, сөзін тежеп, көңілін тіктеген –

Роллан СЕЙСЕНБАЕВ

АЛМАТЫ 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Б.Сағынтаев энергия үнемдеу жобалары бойынша инвесторлармен жұмысты жандандыруды тапсырды

19.11.2018

Энергия үнемдеу жобаларын іске асырудан түсетін жыл сайынғы үнем 3,5 млрд теңгені құрайды

19.11.2018

Үкіметте «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды

19.11.2018

Жыл басынан бері қазақстандық және шетел әуе тасымалдаушылары 13 жаңа бағытты ашты

19.11.2018

QazaqGeography съезі ұйымның жаңа кеңсесінде өтті

19.11.2018

Қазақстандық делегация Дүниежүзілік төзімділік саммитіне қатысты

19.11.2018

Дін саласының жағдайы туралы баяндаманың қорытындысы жарияланды

19.11.2018

Мемлекеттік басқару академиясы қазақстандық тәжірибені тарату орталығына айналды

19.11.2018

Алматыда ХІV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі ашылды

19.11.2018

Алматыда көлік апатынан 10 айда 114 адам ажал құшқан

19.11.2018

Жыр алыбы Жамбылдың өмірі сахналанды

19.11.2018

Павлодарда биыл 349 жол-көлік оқиғасы орын алған

19.11.2018

Абылайхан ЖҮСІПОВ: Токио туралы айтуға әлі ерте...

19.11.2018

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

19.11.2018

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін

19.11.2018

Түркістанда халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

19.11.2018

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

19.11.2018

Маңғыстауда өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті

19.11.2018

Энергия үнемдеу бойынша Қазақстан 32-ші орында

19.11.2018

Көкшетауда жылу ақысы арзандайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу