Жылыту маусымына дайындық барысы басталды

ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында энергетика министрі Қ.Бозымбаев пен инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбек жылыту маусымына дайындық барысы туралы баяндады, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрлігінің баспасөз қызметі.

Егемен Қазақстан
22.08.2018 2838
2

Энергетика министрлігінің деректеріне сәйкес, жалпы энергия кәсіпорындарының күзгі-қысқы кезеңге дайындығы ұйымдастырылған түрде, кестеге сәйкес өтуде.

«2018/19 жылдардағы жылыту кезеңін тұрақты өткізу үшін Инвестициялар және даму министрлігімен бірлескен бұйрықпен жылыту маусымына дайындық, өткізу, электр станциялары мен коммуналдық–тұрмыстық секторларды және халықты көмірмен қамтамасыз етуге мониторинг жасау жөніндегі штаб құрылды. Штаб құрамына министрліктердің және әкімдіктердің жауапты қызметкерлері кірді. Өткен аптада облыстармен селекторлық кеңес өткізіліп, тиісті мәселелер қаралды», деді министр Қ. Бозымбаев.

Қ. Бозымбаевтың айтуынша, бүгінде 4 энергоблоктың жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл жылдық көлемнің 50% құрайды. Сонымен қатар, 20 қазандық жөнделді. Бұл жылдық көлемнің 36% құрайды. Сондай-ақ, 20 турбина немесе жылдық көлемнің 44% қайта жөндеуден өтті. Қазіргі таңда әр түрлі деңгеде 4 энергоблокта, 31 қазанда және 25 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

21 мың км электр желілері жөнделген, бұл жылдық жоспардың 75% және 497 қосалқы станциялар жөнделді, бұл жылдық жоспардың 77%  құрайды. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағындағы  568 қазандықтың 413-ші жөнделген.

Сонымен қатар, электр станцияларында 2,8 млн тонна  көмір және 81 мың тонна мазут қоры әзірленді.

«Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету аймағындағы қазандықтарда 979 мың тонна көмір жинақталған, немесе жоспардың 66% және 32 мың тонна мазут жинақталған, бұл жоспардың 22% құрайды»,  деді Қ. Бозымбаев.

Сондай-ақ, энергетика министрі қысқы максималды жүктеме 14 800 МВт көлемінде болады деп күтілетінін айтты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 185 МВт-қа жоғары.

Өз кезегінде инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек осы жылдың 7 айында 60 млн тонна көмір өндірілгенін, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,9%-ды құрайтынын немесе 2,3 млн тоннаға артық екенін жеткізді.

ҚР ИДМ деректері бойынша, құрылған Штаб аясында күнделікті күзгі-қысқы кезеңнің дайындығы мен өтуіне, еліміздің электр станцияларындағы нормативтік  отын қорын жинауға мониторинг жүргізіледі.

«2018–2019 жылдар кезеңінде тұрғындарға, коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындарға және бюджеттік ұйымдарға республика бойынша көмір жеткізудің жалпы сұранысы 9,8 млн тоннаны құрайды, оның 2,3 млн тоннасы коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар мен бюджеттік ұйымдарға, ал 7,5 млн тоннасы тұрғындардың тұтынуына жоспарланған», деді Ж.Қасымбек.

Биыл жылу беру маусымына дайындық басталғалы (1 мамырдан 16 тамызға дейін) темір жол көлігімен 18 621,2 мың тонна көмір тасымалданды. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 753,9 мың тоннаға (4,2%-ға) артық.

«Тасымалданған 18,6 млн тонна көмірдің 2,8 млн тоннасы – коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке тиесілі. Ол 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 600 мың тоннаға артық. Жалпы республикаішілік қатынаста көмір тиеу 91% орындалды. Қазіргі таңда тасымалдауға ҚТЖ паркінің шамамен 9 мың вагоны жұмылдырылған. Тасымалдау көлемі ұлғайған жағдайда басқа теміржол әкімшіліктерінен 1000 вагон тартылатын болады», деп Ж. Қасымбек, ҚР ИДМ «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бірлесе отырып, ішкі байланысты көмір тиеумен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіп жатқатын айтты.

Бұдан өзге, тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық нысандарын алдағы жылу беру маусымына дайындау аясында 2018-2019 жылдарға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктеріне 1 қыркүйекке қарай білім беру нысандарының 100% дайындығын қамтамасыз ету, 15 қазанға дейін барлық нысандардың дайындығын аяқтау, оның ішінде, автономдық қазандық және инженерлік желілер, сонымен қатар, барлық автономдық жылыту көздерін отынның нормативтік қорымен қамтамасыз ету қажет.

«Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша 10 232 білім беру нысаны немесе жоспардың 94%-ы дайын. 6 298 денсаулық сақтау нысанын дайындау жоспарланған болатын. Қазір 5 971 нысан немесе 95% дайын. Жөндеуге жоспарланған 45 503 тұрғын үйдің 35 551 немесе 79% жөнделді», деді Ж. Қасымбек.

Әкімдіктер 10 558 автономдық қазандықты жөндеуді жоспарлаған болатын. Қазіргі уақытта 9 521 (91%) қазандық дайын. Жоспарланған 5 661,8 км сумен жабдықтау желілерінің 4 394,5 км немесе 78 % жөнделді.

Автономды қазандықтарға алдағы жылу беру маусымына отынның қажеттілігі — 1 852 мың тонна көмір және 168 мың тонна мазут.

«Жалпы жылу беру маусымына дайындық бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде және тұрақты бақылауға алынған. Жылу беру маусымының басталуына барлық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала нысандарының дайындығын аяқтау керек. Сонымен қатар, автономдық қазандықтарды қажетті отын қорымен қамтамасыз ете отырып, облыстардың және Астана, Алматы қалаларының әкімдіктеріне жылу беру маусымына дайындық мәселелерін тұрақты бақылауда ұстау қажет», деді Ж. Қасымбек.

Өңірлердегі жылыту маусымына дайындық туралы Ақмола облысының әкімі М. Мырзалин, Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев, Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов, Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов, Астана әкімі Ә. Исекешев, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е. Аймұқашев, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары А. Айдаров баяндады.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев  жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалпы жүргізіліп жатқанын, алайда жұмыс қарқынын күшейту қажеттігін айтты.

«Әкімдерге әлеуметтік сала объектілері мен тұрғын үйлерді жылумен, энергиямен уақытылы және сапалы қамтамасыз етуге сіздердің жауапты екендеріңізді естеріңізге саламын. Тұтынушыларды, әсіресе, халықты көмірмен қамтамасыз етуге ерекше назар аудару қажет», деді Б. Сағынтаев. 

Үкімет ішкі нарықты  көмірмен үздіксіз жабдықтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдады. Сондай-ақ, вагон тапшылығы бойынша мәселелер шешілді, бүгінгі күні көмірді жөнелтуге қатысты проблемалар жоқ.

«Халықты сапалы көмірмен қажетті көлемде уақытылы қамтамасыз ету және оған баға белгілеуге өңірлердің әкімдері тікелей жауапты. Көмірдің ішкі нарығында өткен жылғыдай жағдайға жол бермеу үшін өңірлер әкімдері екі апта мерзімде көмірді даярлау және сату пункттерінің жай-күйіне, көмірді жеткізу кестелеріне, көмір бағасының негізділігі мен сапасына тексеру жүргізуі керек. Қажет болған жағдайда бұл жұмысқа  орталық мемлекеттік органдардың тиісті аумақтық бөлімшелері мен "Атамекен" ҰКП өкілдерін қатыстыру қажет»,  деп түйіндеді Б.Сағынтаев.

Бақылау жұмыстары ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминге жүктелді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

12.11.2018

Аустрияның Санкт-Пёлтен қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

12.11.2018

Алматыда Батырхан Шүкенов атындағы музыкалық байқау өтеді

12.11.2018

Атырау облысында жыл соңына дейін 30 әлеуметтік нысан іске қосылады

12.11.2018

«Түркілердің атасына» көрсетілген құрмет

12.11.2018

Өскемен қаласының көшелеріне Әміре Қашаубаев пен Қалихан Ысқақтың аты беріледі

12.11.2018

Румынияда қазақ киносының фестивалі өтті

12.11.2018

Атырау облысында 1720 кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын көтереді

12.11.2018

Атырауда «1st Grand Ball Atyrau» қайырымдылық балы өтті

12.11.2018

Парижде үш жылға созылған төрелік дау Қазақстанның пайдасына шешілді

12.11.2018

Ақтөбелік қыз Димаш Құдайбергеннің Лондондағы концертіне қатысады

12.11.2018

Ыстамбұлда Д.Кәлетаев шетелдік қазақ ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді

12.11.2018

Ақтөбе мен Челябі ынтымақтастық туралы келісімге келді

12.11.2018

Алматы әкімі қаланың қыс маусымына дайындығын тексерді

12.11.2018

Парижде Трамп, Путин, Макрон және Меркель бірқатар мәселелерді талқылады

12.11.2018

Қазақстан Ауғанстан жөніндегі отырысқа қатысты

12.11.2018

Америкалықтар Қостанай облысына инвестиция салғысы келеді

12.11.2018

Қазақстандық ару Miss Asia Global титулын жеңіп алды

12.11.2018

«Астана LRT» ЖШС орталық кассасы бүгіннен бастап жаңа мекен-жай бойынша жұмыс істейді

12.11.2018

Денис Никиша шорт-тректен әлем кубогінде үздік төрттікке енді

12.11.2018

Калифорниядағы орман өрті: Парадайс қаласы жанып кетті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Zaman talqysyndaǵy qazaq

Feısbýktegi paraqshamdy ashyp qaraımyn da oılanamyn. Feısbýkti men ádette merzimdik buqaralyq aqparat quraldarynyń nazarynan tys qalǵan oqıǵalar men jańalyqtardy jáne oǵan degen qoǵamnyń kózqarasyn bilý úshin ashamyn. Meniń paraqshamda úsh jarym myńnan astam jazylýshym bar. Olardyń 95 paıyzdan astamy – qazaqtar.

Сайын БОРБАСОВ, саяси ғылымдар докторы

Halyqaralyq bedel jáne syrtqy saıasat

Álemdik úrdister jyldamdap, halyqaralyq qatynastar shıeleniske túsken zamanda tıimdi syrtqy saıasatty iske asyra alǵan memleketter tabysty damıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу