Жаңа оқу жылында үш миллионнан астам оқушы мемлекеттік мектептерге барады

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2018/19 оқу жылының басталуына дайындық барысы туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев баяндады, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Егемен Қазақстан
22.08.2018 473
2

Білім және ғылым министрлігі облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп білім беру ұйымдарын жаңа оқу жылының басталуына дайындау жұмыстарын жүйелі негізде жүргізіп жатыр.

Мәселен, республикада 898,4 мың баланы қамтитын 10 311 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар, оның 6727-сі – мемлекеттік, 3584-і – жеке меншік. Күрделі жөндеу 99 балабақшада жүргізілуде, оның ішінде: жылыту жүйесі – 2, шатыр – 15, жалпы құрылыс жұмыстары – 78, қазандық – 4.

«99 балабақшаның 72-інде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Қалған балабақшада жөндеу жұмыстарын 31 тамызда аяқтау жоспарланған. Жалпы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1,3 млрд тг сомасына 1662 балабақшада жөндеу жұмыстары жүргізілді», деп баяндады министр Е. Сағадиев.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша 3 млн-нан астам бала 7024 мемлекеттік мектепке барады. 350 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа баратыны болжанған. Жаз кезінде 21 мектеп ашылды. Республикалық бюджет қаражаты есебінен 110 мектеп салынып жатыр, оның ішінде 72-сі биыл пайдалануға беріледі. Жергілікті бюджет есебінен 94 мектеп, 29 мектепке қосалқы құрылыс салынып жатыр. Оның 17 мектебі мен 15 қосалқы құрылысы пайдалануға берілген. Сонымен қатар, 166 мектепте жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Мектептердің өртке қарсы қауіпсіздігі жайында айтар болсақ, жалпы 4 млрд тг астам сомаға оттан қорғау, өрт сөндіргішті толтыру, автоматтандырылған өрт сөндіру жүйесін жөндеу жұмыстары жүргізілді.

3, 6, 8 сынып оқушыларына оқулықтар сатып алу үшін 28,6 млн теңге бөлінген. Министрлік оқушылардың жеткізілуіне күн сайын мониторинг жасайды. 20 тамыздағы жағдай бойынша баспалардан оқулықтарды жеткізу 82,7% құрады. Сонымен қатар, тегін ыстық тамақпен 275 876 адамды қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл жекелеген білім алушы санаттарының 95,2%-ын құрайды.

«Жергілікті бюджеттердің және демеушілік көмек есебінен тегін ыстық тамақтандырумен 495 086 мектеп оқушысы немесе оқушылардың 17,6% және 9535 бала, оның ішінде әлеуметтік тұрғыдан әлсіз отбасылардан шыққан балалар мен бастауыш сынып оқушылары тегін буфеттік тамақпен қамтамасыз етіледі. Қалған оқушылардың мектепте тамақтандырылуын жергілікті атқарушы органдар ата-аналар есебінен ұйымдастырады. Республиканың үш аймағында әкімдердің бастамасымен тегін ыстық тамақтандыру бастауыш сыныптардың барлық оқушылары үшін ұйымдастырылған»,  деді Е. Сағадиев.

Мектептері жоқ ауылды елді мекендерде тұратын мектеп жасындағы балалар үшін тасымалдау 24 048 (98%) балаға ұйымдастырылған, оның ішінде 20 640 бала мектепке дейін және кері қарай күнделікті тегін жеткізумен қамтылды, 3408-і мектеп жанындағы интернаттарда тұрады.

Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша, республикада 824 колледж жұмыс жасайды, колледждердің контингенті — 489,2 мың адам. Биыл 8 колледж ашу көзделген (5 — мемлекеттік және 3 — жекеменшік). Мемлекеттік тапсырыспен қабылдау жоспары 100 мың орынды құрайды, оның 70% техникалық, технологиялық және ауыл шаруашылығы мамандықтарына бөлінген.

Қазақстанда 131 жоғары оқу орны жұмыс істейді: 10 — ұлттық, 31 — мемлекеттік, 18 — акционерлік, 14 — азаматтық емес, 1 — ДБҰ, 1 — халықаралық, 56 — жеке меншік. 2017–2018 оқу жылында білім алушылардың саны — 534 421 адам.

Мектептерде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру және балаларды мектепке жеткізу жағдайлары туралы Алматы облысының әкімі А. Баталов және Түркістан облысының әкімі Ж. Түймебаев баяндады.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев жаңа оқу жылының басталуына бір апта уақыт қалғанын атап өтті. Бұл мәселелердің барлығын 1 қыркүйекке дейін шешу қажет.

Осыған орай, әкімдерге білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына даярлығын, жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтау мәселелерін жеке бақылауға алуды тапсырды.

Білім және ғылым министрлігіне жаңа оқу жылына мектептердің сапалы даярлығын бақылауды жалғастыру қажет. Мектептерді оқулықтармен қамтуды ерекше бақылауға алу тапсырылды.

Бақылау жұмыстары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаевқа жүктелді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

12.12.2018

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылауға арналған TEDx форматында жиын өтті

12.12.2018

Мемлекет басшысының төрағалығымен Түркістан қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті

12.12.2018

Астанада Гейдар Алиевті еске алды

12.12.2018

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

12.12.2018

«Жер жәннаты – Ақмола» деп аталатын жинақ жарыққа шықты

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда Желтоқсан құрбанын еске алу турнирі өтті

12.12.2018

Сенатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру мәселелері талқыланды

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда цифрлы сүт фермасы іске қосылды

12.12.2018

Қазақ киносының Бауыржанын еске алды

12.12.2018

«Маңғыстау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

12.12.2018

Павлодар облысында тұрғындар ауыз суды Ертіс өзенінен алуға мәжбүр

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда қарымды қаламгер Мәлік Мұқановтың  мерейтойы атап өтілді

12.12.2018

Маңғыстау полицейлерінің жалақылары өседі

12.12.2018

Отандық автоөндіріс саласының инвесторлары Қостанайда болды

12.12.2018

Конькиден Алматы қаласының біріншілігі аяқталды

12.12.2018

Қыздар университетінде тұрмыстық әлімжеттікке қарсы жиын өтті

12.12.2018

Қазақ спорт және туризм академиясында Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы талқыланды

12.12.2018

Қарағанды облысында 2019 жылдың бюджеті бекітілді

12.12.2018

Павлодарда патриоттық әндер фестивалі өтті

12.12.2018

Шытырман оқиға жазудың жүйріктері анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу