Елімізде жарты жылда 1800-ден астам тұрақты жұмыс орындары ашылды

Биылғы алты айда ҚР индустриалды-инновациялық дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаралды, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрдің баспасөз қызметі. 

Егемен Қазақстан
22.08.2018 537
2

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Бағдарламаның іске асырылуы өңдеу секторының тұрақтылығы мен өсімінің динамикасына оң әсерін тигізетінін айтты.

Мәселен, өңдеу өнеркәсібінің үлесі ЖІІ-де 2015 жылға 11,6%-дан 2018 жылы 12,9%-ға дейін, өнеркәсіпте —  2015 ж. 39,5%-дан 2018 ж. 40,9%-ға дейін, экспорт — 2015 ж. 24,4%-дан 2018 ж. 28,7%-ға дейін, тікелей шетелдік инвестициялардың ағыны 2015 ж. 15,5%-дан  2018 ж. 17,6%-ға дейін өсті.

Бұдан өзге, Ж. Қасымбектің айтуынша, индустрияландыру дайын өнім шығаруға бағытталған өңдеу өнеркәсібі салаларындағы (химия өнеркәсібі, машина жасау, жиһаз, құрылыс материалдарының өндірісі және т.б.) кәсіпорындардың санын арттыруға мүмкіндік береді.

«2018 жылдың І жарты жылдығын 2010 жылмен салыстырғанда өңдеу салаларында жұмыс істейтін қосымша 3,5 мың кәсіпорын пайда болды. Негізінен өсім машина жасау, азық-түлік өнеркәсібі, құрылыс материалдары кәсіпорындары санының өсуі есебінен қамтамасыз етілді. Олардың жалпы сомалық үлесі өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының жиынтық өсімінде 50%-дан асты», деді министр Ж. Қасымбек.

Биылғы алты айдың қорытындыларын өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өңдеу секторындағы өндіріс 5,2%-ға артып отыр. Оң динамикаға ықпал ететін негізгі драйверлер:  машина жасау,  химия өнеркәсібі, азық-түлік өнімдері өндірісі, мұнай өңдеу, металлургия, құрылыс материалдарының өндірісі.

Инвестициялар және даму министрінің айтуынша, биылғы есепті кезеңде барлық мақсатты индикаторлар бойынша оң қарқын байқалады. Мемлекеттік бағдарлама аясында  кәсіпорындарға жүйелі қолдау шараларын көрсетудің нәтижесінде жаңа өндірістерді іске қосу, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және кеңейту шаралары жалғасуда. Биылғы алты айда Индустрияландыру картасы аясында 187 млрд теңгеге жуық сомаға 18 жоба іске қосылды, 1,8 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары ашылды. Екінші жарты жылдықта жалпы сомасы 1,1 трлн теңге болатын 100-ге жуық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Онда 12,2 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

Қорытындылай келе, Ж. Қасымбек қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Министрлік жаңа жаһандық технологиялық үдерістерді ескере отырып, 2020–2024 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму тұжырымдамасын әзірлегенін атап өтті.

Индустрияландырудың үшінші бесжылдығы бойынша негізгі қағидалар мен тәсілдер экспортты дамыту мен ілгерілетуге екпін жасай отырып, өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыруға бағытталады. Технологиялар трансфертіне және өңдеу өнеркәсібін цифрландыруға айрықша назар аударылатын болады.

Өз кезегінде ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов өңірлердің кәсіпкерлігін қолдау картасының жобаларының іске асырылуына мониторинг тұрақты негізде жүргізіліп жатқанын атап өтті. Т. Сүлейменов І жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Кәсіпкерлікке қолдау көрсету картасының барлығы 18 жобасы іске асырылса, онда Картаның 60-70% жобалары ІІ жарты жылдықта пайдалануға берілетінін айтты. Бұл ЖСҚ-ға мемлекеттік сараптаманы алумен, материалдар мен жабдықтарды жеткізумен, инженерлік инфрақұрылымды жүргізумен, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталуымен байланысты.

І жарты жылдықтың жобалары негізінен құрылыс секторында, жеңіл және химия өнеркәсібінде жүзеге асырылды. 1,8 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Карта жобаларының экономикаға салымы 30 млрд теңгені құрады. Карта жобаларының мультипликативтік әсері 14 млрд теңгені құрады.

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев өз баяндамасында ҚР индустриалды-инновациялық дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында алты жоба іске асырылып жатқанын атап өтті. Олардың ішінде «Конденсат» АҚ «К5 моторлық отынын өндіру», Павлодар мұнай өңдеу зауытын жаңғырту, Атырау мұнай өңдеу зауытын реконструкциялау және жаңғырту, Шымкент мұнай өңдеу зауытын реконструкциялау және жаңғырту, полипропилен өндіру зауытының құрылысы.

Мемлекеттік бағдарламаның өңірлерде іске асырылу барысы туралы бейнеконференция байланысы арқылы Батыс Қазақстан облысының әкімі А. Көлгінов, Жамбыл облысының әкімі А. Мырзахметов, Астана әкімі Ә. Исекешев, Алматы әкімі Б. Байбек баяндады.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Елбасы өзінің Жолдауында индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің флагманына айналуға тиіс екенін атап өткенін еске салды. 

Биыл жеті үлгілік цифрлық фабрика құру жобасын іске асыру жоспарланған. Осыған орай Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевке, инвестициялар және даму, ақпарат және коммуникациялар министрліктеріне аталған бағытта бірлесіп жұмыстар атқару қажет.

«Кәсіпорындарды жаңғырту есебінен жаңа жоғары технологиялы өнім шығаруға, түбегейлі жаңа салалар құруға және сол арқылы экспортты арттыруға мүмкіндік туатынын түсіну керек», деп Б. Сағынтаев жүйе құрайтын жаңа ірі кәсіпорындарды құру мен жаңа индустрияландыру талабына сай келетін кадрларды даярлау қажеттігін атап өтті. 

Бақылау жұмыстары ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминге жүктелді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.01.2019

ҰБТ-дан жоғары балл жинаған түлек «Болашақ» арқылы шетелдерде оқи алады

18.01.2019

Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Ғали Исқалиев тағайындалды

18.01.2019

Ақтөбе облысының шаруалары былтыр 228 млрд теңгенің өнімін өндірді

18.01.2019

Полиция департаменті айыппұлды уақытылы төлеуге шақырды

18.01.2019

Елордалық аурухана тұңғыш рет неврологиялық асқынуды азайтатын құрылғыны қолданды 

18.01.2019

Елордалық құтқарушылар жанып жатқан үйден 6 адамды шығарды

18.01.2019

Колумбиядағы жарылыс салдарынан 21 адам қайтыс болған

18.01.2019

Тимур Қожаоғлы: «Егемен Қазақстан» – Еуропа құрлығындағы маңдайалды басылым

18.01.2019

Алматыдағы тікұшақ апатынан кейін «Sky Service» рейстері тоқтатылды

18.01.2019

Геннадий Головкин ұлды болды

18.01.2019

Солтүстік Қазақстанда «Қайырымдылық керуені» акциясы жалғасты

18.01.2019

Головкиннің қарсыластары бір-бірімен жұдырықтасады

18.01.2019

Петропавлда ресейлік бас киімдер көрмесі ашылды

18.01.2019

Ақтөбеде жұмысшылардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету меморандумына қол қойылды

18.01.2019

Алматыда газбен жүретін жаңа автобустар іске қосылады

18.01.2019

СДУ-да IT технологиялары саласында білім беру жобасы басталды

18.01.2019

Мемлекет басшысы «Smart Aqkol» ахуалдық орталығына барды

18.01.2019

Елбасы кітапханасының Ақтөбеде өткен көшпелі көрмесін 120 мыңнан аса адам тамашалады

18.01.2019

Атырауда қазақтың үш биіне ескерткіш орнатылды

18.01.2019

Әліпби де, еміле-ереже де сараптаудан өте түсуі керек - Әлімхан Жүнісбек

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу