Шеген бидің шапаны (жәдігер)

Жуықта Астанада орналас­қан Қолжазбалар және сирек кітап­тар ұлттық орталығында Қостанай облыстық Алтынсарин атын­дағы мемориалдық музей қоры­нан жәдігерлер әкеліп, көрме ұйымдастырды.

Егемен Қазақстан
23.08.2018 2616

Аталмыш көрме төріне қойылған жәдігерлер арасынан шақшақ Жәнібектің немересі Ырғыз-Торғай өңірінің атақты биі Шеген Мұсаұлының  шапанын көріп көзайым болдық. Бұл мұраны музейге екі жылдың алдында бидің бір баласы Бектемістен тараған тұқым-жұрағаты һәм байырғы журналист Сағи Әбілхасенұлы тапсыр­ған екен. Шапан сұр түсті, жолақты кенеп матадан тігіліп, киімінің сыртынан желбегей жамылуға арналған сияқты. Өйткені шапан астарланбаған әрі қаусырма жиегі алтын түстес сары жіппен көмкеріліпті. 

Ағартушы Алтынсаринның өмір-тарихын зерттеушілер жақсы біледі – Ыбырай атамыз осы Шеген бидің  үлкен қызы Айғаныстан туа­ды. Яғни туған жиені. Ыбырайды Торғайға шақырып, мектеп ашып, бала оқытуына көмек берген де осы кісі. Алтынсарин атамыз өз естеліктерінде нағашы атасының  мектеп ашуға қалай көмектескені жайлы аса бір мақтанышпен әңгіме­лейді. Тіпті «Нағашы ата» дейтін жазбасында Шеген би айтты деген керемет, ұлағатты ойлар тізбегін келтіреді.

Шеген би заманында озық ойлы адам болған. Зерттеуші Ертай Қарабаланың жазуынша,  бұл кісі қайтпас ер мінезімен, батыр­лығымен, ел билеудегі әділдігімен, шешендігімен де танылған тұлға десе,  алаш рухты ақын Хамитбек Мұсабаевтың: «Көкірегін күйдірсе де шер-шемен, Кісілікті адалдықпен өлшеген, Айыр тілді абыз бидің біреуі, Жәнібек тархан шөбересі ер Шеген» деген жыры бар.

Ыбырай алғаш мектеп ашқанда оқуға барған 11 шәкірттің төртеуі осы Шеген бидің тікелей ұрпақтары. Яки бидің үлкен ұлы Бірімжанның балалары Қорғанбек пен Әбдібек, тағы бір ұлы Өтетілеуден туған немересі  Хайролла мен Бектеміс дейтін ұлының баласы Омарлар екен.

Осылардың ішінде Бірімжанов­тар әулеті өз алдына жеке динас­тия. Айталық Орынбор гимназия­сын, Қазан университетінің заң факультетін Ленинмен бірге оқып, алтын медальмен бітірген алаш қайраткері Ахмет Бірімжанов, Алашор­даның белсенді мүшесі Ғазымбек Бірімжанов, Ыбырайдың ісін жалғастырушы ұстаз-ағарту­шылар – Әбдібек, Қорғанбек, Дәуренбек Бірімжановтар.  Бұлардың соңғысы химия ғылымдарының докторы Батырбек Бірімжановпен тұйықталып тұр.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.11.2018

Солтүстік Қазақстанда өткен ел біріншілігінде Н. Жарылғапов «түйе палуан» атанды

18.11.2018

Солтүстік Қазақстанда «Қозыбаев оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

18.11.2018

Қор нарығы ел экономикасына серпін береді

18.11.2018

Қостанайда Батырбек Байназаровтың «Қобыз – аңыз» атты жеке концерті өтті

18.11.2018

Мәулен Әшімбаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

18.11.2018

Элизабет Тұрсынбаева Мәскеудегі турнирде үздік алтылыққа енді

18.11.2018

Қызылорда облысында МЖӘ бойынша екі спорт кешені ашылды

17.11.2018

Amazon мен Google-де жұмыс істейтін қазақстандықтарды елге шақыру керек - Атамекен ҰКП

17.11.2018

Павлодар облысында 370 жүргізуші мөлшерден артық жүк тасыған

17.11.2018

Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж

17.11.2018

Дулат Қажанов: Оңтүстік тұрғындарын Күршімге шақырамыз

17.11.2018

Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

17.11.2018

Қызылордадағы ЖКО: 29 адам ауруханада, 45-і үйіне оралды

17.11.2018

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

17.11.2018

Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

17.11.2018

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

17.11.2018

Таразда «Туған жерге туыңды тік!» форумы өтті

17.11.2018

Ақ Жайықтың жастарында жігер көп

17.11.2018

Оралда қоғамдық ұйымдардың VIII форумы өтті

17.11.2018

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу