Парламент • 23 Тамыз, 2018

Мәжіліс депутаттары Жамбыл облысының әлеуметтік нысандарын аралады

673 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаттары, «Нұр Отан» партиясы  депутаттық фракциясының мүшелері Зәуреш Аманжолова , Бақытгүл Хаменова және Нұрлан Дулатбеков  Жамбыл келіп аймақтағы әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарды аралап, өңір тынысымен танысты, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Мәжіліс депутаттары Жамбыл облысының әлеуметтік нысандарын аралады

Сондай-ақ, Елбасы бастамаларының орындалу барысы, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлікті дамыту, шағын несиелеу, мектептердің оқу жылына дайындығы барысынан хабардар болды.

Депутаттар әуелі Жамбыл ауданы Көлқайнар ауылдық округіндегі «Даму» кәсіпорынына ат басын бұрды.  Еліміздің индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында қолға алынған құс фабрикасы халыққа таза әрі сапалы өнім ұсынып отыр.

Осы күні «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова «7-20-25» бағдарламасына кеңінен тоқтала келіп: 

«Елбасының бес әлеуметтік бастамасы аясында құрылған «7-20-25» бағдарламасы әр отбасына зор мүмкіндік береді. Баспаналы болу үшін алғашқы жарнаның көлемі де 20 пайызға дейін төмендетілген. Бұл тұрғындар үшін үлкен жеңілдік. Жергілікті әкімдікке, жауапты мемлекеттік органдарға осы бағдарламаның артықшылықтары жайлы халықты кеңінен ақпараттандыру жұмыстарын жандандыру қажет», - деп атап өтті.

Одан әрі халық қалаулылары аудандық «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің жұмысымен және аудан орталығындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектептің оқу жылына дайындығымен танысты.

Сонымен қатар, депутаттар Орталық емхананың қызметкерлерімен кездесіп, науқастармен тілдесіп, өздерінің жұмыс сапары аясындағы мақсат-міндеттерін түсіндірді.