Әлем • 23 Тамыз, 2018

Азиада-2018: Қазақстан 16-шы қола медалді иеленді

498 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 16-шы қола медаль түсті, деп хабарлайды ҚР ҰОК-тің баспасөз қызметі.

Азиада-2018: Қазақстан 16-шы қола медалді иеленді

Стенд атудан қазақстандық Мария Дмитриенко үздік үшінші орынға ие болды. «Дубль-трап» бағдарламасы бойынша сынға түскен Дмитриенко жалпы есебі 125 ұпай жинады. Алтын және күміс медаль тиісінше 136 және 134 ұпай жинаған Қытай қыздарынының еншісінде кетті.

 

Соңғы жаңалықтар