Сенат Төрағасының орынбасары Жамбыл облысында болды

Бүгінде Парламенттің қос палатасының депутаттары еліміздің барлық аймақтарын аралап, тұрғындармен кездесуде. Сонымен қатар, олар мемлекеттік бағдарламалардың өңірлердегі орындалу барысын қадағалап, түрлі шаруашылықтардың тыныс-тіршілігімен танысуда.

Егемен Қазақстан
23.08.2018 1122
2

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров пен Сенат депутаты Абдалы Нұралиев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келіп, әуелі облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлерімен кездесті. Жиналған көпшілікті қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаған Бектас Әбдіханұлы елімізде әрдайым тыныштық пен бейбітшілік болуын тіледі. Сонымен қатар, халық қалаулысы Парламент Сенаты мен өз міндеттерін таныстырды. Өз сөзінде Сенат Төрағасының орынбасары былтыр да, биыл да 9 заң жобасы Парламент Мәжілісіне кері қайтарылып, 84 заңның қабылданғанын айта келіп, Сенаттың 1 қыркүйек пен 30 маусым аралығында атқарған жұмыстарында қаралған негізгі заңдарға тоқталды. Кездесу негізінен құқық қорғау саласына қатысты болғандықтан, бүгінде ең басты талап қоғамдық тәртіп екені баса айтылды.

 – Егемен еліміз өткен ғасырдың соңына қарай, яғни 1997-1999 жылдары бас бостандығына жаза тағайындайтын әлемдегі 5 мемлекеттің ішінде төртінші орында тұратын. Жасаған қылмысы үшін түрмеге отырғызу, бас бостандығынан айыру әрбір 100 мың адамға шаққанда 70-80 пайызға жететін. Сол кездің кодексіне қарай, талап та солай болды. Тіпті өлім жазасы да тағайындалатын. 2005 жылдан бастап осы мәселе зерделене бастады. Арнайы жұмыстардың жүргізілуі нәтижесінде бас бостандығынан айыру жазасының көрсеткіші қазір 24 пайызды құрап отыр, – деді Бектас Бекназаров. Жиын барысында халық қалаулысы департамент қызметкерлері тарапынан қолданыстағы заңға қатысты айтылған ұсыныстарды тыңдады.

Жамбыл өңіріне сапары барысында сенаторлар Тараз қаласындағы құқық қорғау қызметі орталығының жұмысын көрді. Аталған орталық басшысының орынбасары Жасұлан Кемелбеков сенаторларды бейнебайланыс арқылы шағым беру, қорғаушы, бітімгер, әділет департаментінің маманы мен прокурордың тиісті бөлмелерімен таныстырды. Сонымен қатар, мұндағылардың басты ұстанымы Елбасы айтқандай, «Адамдарды қабылдап, тыңдау керек. Олардың талап-тілектері ұсақ болса да, шешілуі тиіс» екенін айтты.

– Қазір Сенат депутаттары барлық өңірде жүр. Олар облыстарда естіген, көрген мәселелерін ары қарай депутаттық сауалдар арқылы немесе дөңгелек үстелдерде, үлкен жиналыстарда көтеріп, заңнаманы уақыт талабына сәйкестендіруге атсалысады. Қыркүйек айының басында Парламент кезекті сессиясын жалғастырады. Сонда осы айтылған мәселелердің барлығы ортаға салынатын болады, – деген Бектас Бекназаров бірқатар мәселелерге тоқталды. Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінде «7-20-25» бағдарламасы арқылы тұрғын үймен қамту, студенттер үшін мемлекеттік гранттарды көбейту, жастардың жатақхана мәселесін шешу, оқу орны тарапынан білім алушыларға жасалатын жағдайды жақсарту мен елдімекендерді газдандыру мәселелері қамтылғанын жеткізді. Сонымен қатар, Сенат Төрағасының орынбасары Жамбыл облысы халқының жартысынан көбіне әлі көгілдір отын жетпегенін, осы газ мәселесі 2022 жылға дейін шешілуі керектігін айтты.

 – Мәселен, Қызылорда облысының Тереңөзек ауданынан газ тартылып,  Жезқазған, Қарағанды, Теміртау, Астана және Петропавл қалаларына дейін жеткізілу көзделуде. Ал Тереңөзек Жамбылдан қашық емес. Бүгінде еліміздің Батыс өңірінің көптеген елдімекеніне газ тартылып бітуде. Сондықтан көрші жатқан облыс арқылы аталған мәселені әбден шешуге болады, – деп, талқыланатын жайттарға назар аударды.

 Сенаторлардың Жамбыл өңіріндегі жұмыс сапары Тараз қаласының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысумен жалғасты. Бұдан кейін халық қалаулылары Байзақ ауданы, Бурыл ауылдық округіндегі «Яшар» шаруа қожалығының егін алқаптарының жұмысымен, Көктал ауылындағы «Дулат» шаруа қожалығының жұмысымен және осы аудандағы бірқатар нысандардың жұмысымен танысты.

 Сенат Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров пен Сенат депутаты Абдалы Нұралиев Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Асқар Мырзахметовпен кездесті. Шағын құрамдағы басқосуда бірқатар өзекті мәселелер айтылып, олардың шешу жолдары қарастырылды. Өз сөзінде Бектас Бекназаров бүгінде Жамбыл өңірінде айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатқанына тоқталды. Бұл тұрғыда Асқар Мырзахметов сенаторларға облыс үшін маңызды мәселелерді айтты. Бүгінде Тараз қаласынан шығатын қалдық суларды арнайы сүзгіден өткізетін орын жоқ. Тазаланбаған қалдық су жерасты суымен қосылып кететіндіктен, соның салдарынан келешекте көрші Жамбыл ауданының тұрғындары ауызсудың азабын тартуы мүмкін екені айтылды. Ал бұл мәселе еліміздің өзге өңірлерінде шешілген. Сонымен қатар, қазіргі кезде елдімекендерді газдандыру мен ауысзу мәселесі өңір тұрғындары үшін өзекті болып тұр.

Өйткені, өңірдегі елу пайыз елдімекенде ауыз су жоқ. Облыс әкімінің көтеріп отырған маңызды мәселелері Сенат Төрағасы орынбасарының тарапынан қолдау тапты. Жиын соңында өткен алты айда Жамбыл облысында ауылшаруашылығы, өнеркәсіп пен кәсіпкерлік саласын дамытудың жол картасы әзірленгендігі, бірқатар мәселелерді шешу үшін оның арнайы тетігі қарастырылғандығы жөнінде айтылды. Бұдан кейін сенаторлардың Жамбыл облысына жұмыс сапары Жамбыл және Жуалы аудандарында жалғасын тапты. Халық қалаулылары аудандардағы бірқатар әлеуметтік-кәсіпкерлік нысандардың жұмыстарымен танысты.  

Хамит Есаман,

«Егемен Қазақстан»       

Жамбыл облысы                   

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.02.2019

Қостанай ювеналдық сотында «Отбасы бөлмесі» ашылды

18.02.2019

Донецк қаласында бірнеше жарылыс болды

18.02.2019

Үндістан үкіметі  Эверестің биіктігін өлшемек

18.02.2019

Қазақстанда қанша қасқыр бар?

18.02.2019

Әсем Орынбай: Стенд атудан Азия чемпионатында Олимпиада жолдамасын иеленгім келеді

18.02.2019

Осы аптада қандай мәдени және спорттық іс-шаралар өтеді?

18.02.2019

Кәсіпкерлікті дамыту бойынша қабылданған шаралар талқыланды

18.02.2019

Қостанайлық кәсіпкер ханым араб миллионер әйелге сәукеле сыйлады

18.02.2019

Түркістанда газдандыру жұмысы күшейтілді

18.02.2019

«Болашақ» бағдарламасының түлегi Тимирязев ауданының әкiмi болып тағайындалды

18.02.2019

Жұмыс істемейтін аналар үшін берілетін мемлекеттік жәрдемақы қанша?

18.02.2019

Тілекенова мен Абитова көркем гимнастикадан халықаралық сында жүлдегер атанды

18.02.2019

Нысана көздеуден Қазақстан командасы Нью-Делидегі әлем кубогіне аттанды

18.02.2019

Баланың төлемақысы қанша?

18.02.2019

Нұрсұлтан Назарбаев: Жастық шағыңды босқа өткізбе

18.02.2019

Қанша ақша сыртқа кетті?

18.02.2019

Үкімет «Ақжолдың» кәсіпкерлікке қатысты сауалына жауап берді

18.02.2019

Мәжілісте мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы талқыланды

18.02.2019

Құмшық ата жерасты мешіті мен Жәудір ана мешіт-медресесі қайта қалпына келтірілетін болады

18.02.2019

Алматыда АИТВ инфекциясы бар шетелдіктерді тегін емдеу басталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу