24 Тамыз, 2018

Мешіттегі «Мектепке жол» акциясы

1197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысындағы өкілдігі мен «Уақып» қайырымдылық қоры және Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешіті бірлесіп, «Мектепке жол» акциясы аясында «Мектеп сөмкесі» акциясын ұйымдастырды. 

Мешіттегі «Мектепке жол» акциясы

Аталған шара барысында ҚМДБ-ның мұсылмандары діни басқармасының облыстағы өкі­лі, орталық «Һибатулла Та­ра­зи» мешітінің бас имамы Да­нияр Жұмабаев адамзат баласы үшін қайырымдылықтың ма­ңызы зор екенін, асыл дініміз ислам да қайырымдылықты уа­ғыздайтынын, сонымен қатар мұсылман баласы үшін білім алудың аса маңызды екенін айтып өтті. Өз сөзінде облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Еркебұлан Есмаханов, «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұлов мұндай игілікті істің сауабы мол екеніне тоқталып, демеушілік жасаған азаматтарға алғыс білдірді.

«Кеңесхан қажы» мешітінде өткен акция аясында облыс аудандарынан 470 оқушыға және Тараз қаласынан 110 балаға жаңа сөмкелер мен мектепке қажетті барлық құрал-жабдықтар тегін таратылды. Аталған акцияға әлеу­меттік жағдайы төмен отбасылар қатысты. Ата-аналар атынан сөз алған Қалдыкүл Төре­құлова келіні қайтыс болып, неме­ресінің жетім қалға­нын айта келіп, балаларға жаса­ған қамқорлықтары үшін ұйым­дастырушыларға алғыс біл­дірді. Сондай-ақ тағдырдың түрлі теперішіне тап болған отбасы мү­шелері де сөз алып, осынау іс-шараның игілікті екенін жеткізді. Балалардың барлығы да жаңа оқу жылы қарсаңында сыйлықтар алып, өзара қуанып жатты. Бал­дырғандардың жанарындағы мөл­дір қуаныш, риясыз шаттық қа­йы­рымды азаматтарға ақ ниетті алғыс жаудырып тұрғандай еді.

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы