Жазғы спорт • 24 Тамыз, 2018

Азияда-2018: Алексей Луценко Қазақстан қоржынына үшінші алтын жүлдені салды

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Азия ойындарында велоспорттан жекелей сын аяқталып, қазақстандық Алексей Луценко жеңімпаз атанды деп хабарлайды Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі.

Азияда-2018: Алексей Луценко Қазақстан қоржынына үшінші алтын жүлдені салды

Фото: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Топтасып жарысуда мәреге бірінші келген Луценко жекелей сында да өз мықтылығын дәлелдеді. Ол 40 шақырымды 55.37.13 уақыт көрсеткішінде жүріп өтіп, Азиаданың екінші алтынын жеңіп алды. 

Күміс жүлде иеленген өзбекстандық Мураджон Халмуратов біздің спортшыдан 1.33.39 секундқа, ал қола жүлдегер атанған жапониялық Фумиюки Беппу 1.42.07 секундқа қалып қойды. 

Осылайша, Алексей Луценко Азия ойындарында екі мәрте топ жарып, Қазақстан қоржынына үшінші алтын жүлдені салды.