Үкімет • 24 Тамыз, 2018

Б.Сағынтаев Қазақстандағы бизнес ахуалды жақсарту мәселелерін талқылады

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаев «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының басқарма мүшелерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрлігінің баспасөз қызметі.

Б.Сағынтаев Қазақстандағы бизнес ахуалды жақсарту мәселелерін талқылады

Кездесу барысында еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру, бизнес ахуалын жақсарту және салық саясатын жетілдіру мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, ҚШИКҚ мүшелерінің шетелдік инвесторлардың салық заңнамасын бұзуына жауапкершіліктеріне қатысты ұсыныстар қаралды.

Күн тәртібінде талқыланған мәселелер бойынша ҚШИКҚ мүшелері: Кеңестің басқарма төрағасы, ҚР-дағы Еуропа қайта құру және даму банкінің басшысы А. Прейманис, ШИК жұмыс тобының шетелдік тараптан инвестициялық саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі тең төрағасы, «EY» компаниясының Қазақстан және Орталық Азия бойынша басқарушы серіктесі Е. Досымбеков, Орталық Азия аймағы бойынша ENI атқарушы вице-президенті Л. Виньяти, Астана қ. «Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы» өкілдігінің директоры Л. Юнгхонг, «PwC Қазақстан» компаниясының Салық және заң қызметтері департаментінің жетекшісі М. Ахерн, «Шелл Қазақстан» компаниясының сыртқы байланыстар және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі директоры З. Бакенова сөз сөйледі.

Еске сала кетейік, «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» Қауымдастығы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің (ШИК) шетелдік мүшелерінің бастамасы бойынша ресми Хатшылық және шетелдік тараптан Кеңестің қызметін үйлестіруші ретінде құрылған. Қауымдастық Кеңестің шетелдік мүшелеріне тұрақты ұйымдастырушылық, үйлестіру, ақпараттық және техникалық қолдау көрсетеді. ҚШИКҚ өз мүшелерінің атынан ҚР Үкіметінің, мемлекеттік құрылымдардың, шетелдік компаниялардың, дипломатиялық корпустың, бизнес-қауымдастықтардың және т.б. өкілдерімен әріптестік қарым-қатынас орнату жұмыстарын атқарады.