Түркі тарихына түрен салар тың жаңалықтар табылды

TWESCO-ның (Халықаралық Түркі академиясы) Керулен  алқабындағы археологиялық  экспедициясы түркі тарихына сенсациялық  жаңалықтар енгізді.  Бұл туралы Ұланбатыр  қаласында өткен  баспасөз мәслихатында  Моңғолия ұлттық музейінің   директоры  Д.Сүхбаатар айтты. Ол Керулен өзені бойындағы қағандар өмір  сүрген алқаптың түркі тарихына тікелей қатысы бар екендігін атап өтті.

Егемен Қазақстан
24.08.2018 2565
2

Бұдан бұрын да хабарланғандай, TWESCO мен Моңғолия Ұлттық музейі  Керулен   өзені алқабында  археологиялық  қазба жұмыстарын бастаған болатын.  Академия тарапынан «Керулен  экспедициясы» деген  атау берілген  ғылыми   ұжым  Моңғолияның  Хэнтий аймағы  Дэлгэрхаан  сұмыны  жеріндегі түркі дәуіріне жататын «Хаяхудаг» және  «Гүнбүрд» кешендеріне қазба жұмыстарын жүргізуде. Бұл өлкенің түркі дәуіріне тиесілі қабаттары анықталмаған   болатын. Алайда,  биылғы  экспедиция  нәтижесінде бұған дейін түркілердің табаны тимеген деп келінген Моңғолияның солтүстік-шығыс тарапындағы киелі Керулен-Кентей аймағының ғұн-көк түріктер дәуірінде батыр бабаларымыздың құтты қонысы болғандығы айқындалды.

Моңғолия ұлттық музейінің   директоры,  тарих ғылымдарының докторы  Дагваадоржийн Сүхбаатар баспасөз мәслихатында: «Керулен» жобасы музей мен Халықаралық Түркі академиясының бірлескен кешенді ғылыми бағдарламасы. Олай болатыны ұлы қағандардың алтын бесігі Хэнтай аймағы Керулен алқабындағы түркі дәуірі ескерткіштеріне бұрын-соңды археологиялық қазба жұмыстары жүргізіле қоймаған  тың өңір. Биылғы жылы археологиялық қазба жүргізілген,  шамамен 6-8 ғасырға тиесілі делінген көне түркі ғұрыптық кешен әуелі ғылымға мүлде белгісіз болып келген. 30 шаршы метр аумақты құрайтын көне кешен  ұзақ ғасырлар барысында топыраққа басылып, қымталып қалған. Осы кешенді Халықаралық Түркі академиясымен  бірлесіп зерттеуді қолға алып, түркі дәуірінің жәдігерін байытатын олжаларға тап болдық»,-деді.

Ғалымдардың айтуынша «Хаяахудаг» кешенінің сырты төрткүл топырақ қорғанмен қоршалып, оның іші тереңдігі 2 метр, ені 1 метр ормен айнала төңіректен оқшауланыпты. Осы  ордың ішінен 2 метр 20 см тереңдіктен түбі бүтін қыш құмыра, адам бейнеленген 2 тас мүсін және  тағы басқа жәдігерлер табылды. Бұл кешенде ағаш тақтаймен шатырланған,  бөренеден жасалған ғибадатхана бар екені зерттеу барысында анықталып отыр. Археологиялық зерттеудің нәтижелерімен бөліскен Моңғолия Ұлттық музейінің  ғылыми қызметкері, археолог Чинболд Баяндэлгэр: «Хаяахудаг» көне түркі кешені әйгілі Керулен дариясының солтүстігінде ұлы хандарды таққа көтерген қасиетті алқапта орналасқан. 2017 жылы Түркі академиясы мен музей «Бұрхан Халдуннан Ұлытауға дейін: тарихи жадының жаңғыруы» деген экспедиция жасап, ғалымдарымыз Жошы күмбезіне де зиярат жасады. Биыл, міне, ғұрыптық кешеннен олжалы оралдық. Бұл жәдігерлер көне түркі тарихи мұраларын толықтыра түсетін қымбат қазына. Ер азамат мүсіні бүркіт қабақты, қыр мұрынды, салалы сақалы бар жауынгер көсем, ал әйел басына көшпелілердің шошақ бөркін киген түркі аруы. Жалпы кешендерден әйел адам мүсіні аз табылады, сол себептен де бұл аса сирек кездесетін бағалы жәдігер болды»,-деді.

«Хаяахудаг»  кешеніндегі  орда жылқылар мен құрбандыққа шалынған мал сүйектері мол кездеседі. Аттардың сүйектеріне қарап ғалымдар әдеттегі жылқыдан  ірі, ұзақ мерзім міністе болған, жорыққа қатысқан арғымақтар екенін болжап отыр. Ч.Баяндэлгэрдің айтуына қарағанда  түркілер мұндағы  ғұрыптық кешендерде де Тәңіріге арнап құрбандық шалып,  әруақтарға тағзым жасаған. Ал, Керулен өзені алқабындағы түркі ескерткіштері  түркі тарихына қатысты  қатысты  мұралардың қатарын тың деректермен толықтырып, Солтүстік шығыс Моңғолияның да  көне түркілердің  мекені  болғандығына дәлел болып отыр.

Моңғолиядағы археологиялық экспедиция жұмысының нәтижесіне  байланысты TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлі ашылған жаңалықтың түркі тарихына түрен салар, ортақ тарих үшін олжа болған  дүние екендігін айтты. 

«Тамыздың басында академияның арнайы делегациясы археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан өңірде болғанбыз. Керулен алқабы мен Кентай өңірінің түркі  тарихында да айырықша орны бар екендігі байқалып  тұр.  Біз  қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан аймақта түркі дәуіріне тән  көптеген ескерткіштің ізін байқауға болады. Ал табылған жәдігерлерге келсек, олар шынымен де үлкен жаңалық»,-деді ол.

Ғалымның сөзіне қарағанда Керулен алқабы түркі тарихы үшін жаңа тарихи парақша болуы мүмкін. Түркі тарихына сенсациялық  жаңалықтар енгізген археологиялық экспедиция жұмысы әлі де жалғасын табатын болады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.01.2019

Ресей 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатыспауы мүмкін

23.01.2019

Қытайдың ІЖӨ-нің өсу қарқыны ең төменгі деңгейге жетті

23.01.2019

Жас мамандарға пайдалы ақпарат (видео)

23.01.2019

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының қожайыны анықталды

23.01.2019

Футбол күнтізбесі жарияланды

23.01.2019

«Иван Ярыгин» турниріне қатысады

23.01.2019

Данияр Елеусінов шаршы алаңға наурызда шығады

23.01.2019

Маңғыстауда арнайы мониторинг тобының алғашқы отырысы өтті

23.01.2019

«Ойыншық» сабындар

23.01.2019

Мұстафа рухын іздеген қазақтар

23.01.2019

Тұранның тұғырлы тұлғасы

23.01.2019

Инновациялық идеяларды тиімді пайдаланса...

23.01.2019

Ғылым деңгейі неге төмен?

23.01.2019

Adasqandardyń aldy jón, arty soqpaq...

23.01.2019

Қайырымдылық байқауына іріктеу жалғасып жатыр

23.01.2019

Г.Әбдіқалықова Армения елшісімен кездесті

23.01.2019

Бес әлеуметтік бастама: Атқарар іс аз емес

23.01.2019

Ауылда отырып, аукционда жеңген фермер

23.01.2019

Өзгенің қаңсыған су көліктері неліктен біздің жағалауда қалуы тиіс?

23.01.2019

Нәрестелердің шетінеуі екі есеге жуық азайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Adasqandardyń aldy jón, arty soqpaq...

  Bıylǵy qańtarda Qazaqstan óziniń azamattaryn dúnıeniń qaı shetinde bolsa da qorǵaı alatyn irgeli el ekendigin kezekti ret kórsetti. Sırıadaǵy qandy qasapqa soqyr senimniń shyrmaýyndaǵy kúıeýimen birge baryp qalǵan áıelder men jas balalarǵa arnaıy ushaq bólip, alyp keldi. Elbasy N.Nazarbaev óziniń tapsyrmasymen 47 adamnyń, sonyń ishinde 30 balanyń qutqarylǵanyn málimdedi. Qutqarý sharalary «Jýsan» operasıasy» dep atalǵany da jarıa boldy.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу