Технология • 25 Тамыз, 2018

Талдықорғанда ашық әдіспен жүрекке ота жасалды

513 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республикалық Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының рентгенохирургы Азиз Онласынов Талдықорған қаласындағы облыстық кардиология орталығында отандык медицина тарихында алғаш рет жүрек қалқаншасын ауыстыру отасын жасады. Бұған дейін медицинада жабық әдіспен жасалатын операция сәтті аяқталып, тарихқа енді.

Талдықорғанда ашық әдіспен жүрекке ота жасалды

Азиз Оңласынов отадан кейін окклюдер арқылы жүрек қалқаншасындағы саңылауды транскатетерлі жабу әдісі бойынша шеберлік сабағын өткізді. Өз ісінің маманы атанған дәрігер-хирург екі науқасқа ота жасап, жаңа әдіс мүмкіндіктерінің бұрыннан бері қолданылып келген тәсілдерден әлдеқайда ұтымды екенін әріптестері алдында нақты дәлелдеді.

Оның айтуынша, қалыпты жағдайда мұндай отталар өте ұзаққа созылып, тым күрделілігімен ерекшеленетін. «Ең алдымен науқас жалпы наркоз арқылы ұйықтатылады. Оның кеуде қуысы ашылып, жүректің жұмысы уақытша тоқтатылып содан кейін бірақ саңылауды тігу арқылы жамайтынбыз. Ал окклюдермен тамыр арқылы жүрек қалқаншасының саңылауын бітеу әлдеқайда жылдам», - дейді Азиз Онласынов.

Мұндай әдістен кейін науқас бірден оңалып, күнделікті тірлікке тез оралады. Алматы және Астана қалаларында операцияның бұл түрі тұрақты жасалып тұрады. Ендігі жерде Талдықорғанда да жүзеге асырылатын болады. Алматы облыстық кардиология орталығының бас дәрігері Рахымберді Сұлтанбековтің айтуынша, жетісулық дәрігерлер де жаңа тәсілді меңгеруде. Қазіргі кезде орталықта жылына 200-ден астам ота жасалады екен. Алдағы кезде жүрек ақауларын жөндеу жеңілдеп, жақсара түседі.

Қалмаханбет Мұқаметқали,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы