Түркістан облысында тұңғыш рет «қауын fest» фестивалі өтті

Бүгін Мырзашөл өңірінде "Қауын fest" облыстық фестивалі өтті. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жағыруы» бағдарламасы аясында тұңғыш рет өткізіліп отырға фестивальге облысымыздың аудандары мен қалаларынан және еліміздің өзге өңірлерінен де қонақтар келіп қатысты. 

Егемен Қазақстан
25.08.2018 4076
2

Іс-шараны Түркістан облысы әкімдігінің тікелей бастамасымен əрі қолдауымен Мақтаарал және Жетісай ауданы әкімдіктері бірлесіп ұйымдастырды. Фестивальдің мақсаты – бақша дақылдарынан өндірілетін өнім түрлерін көбейтіп, кәсіпкерлікті дамыту, бақша өнімдерін, терең өңдеуді қолға алу және диқандардың өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау. Еңбекші қауымның еңсесін көтеруге бағытталған фестивальдің ашылу салтанатында Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдің ауыл шаруашылығы саласының потенциялы жоғары екеніне тоқталды.

— Біз бақша өнімдерін терең өңдеу саласына мән бергеніміз жөн. Осы мақсатта қауын мен қарбыздың отаны саналатын Мақтаарал және Жетісай аудандарында бақша өнімдерін терең өңдеумен айналасытын шағын кәсіпорындар мен цехтарды іске қосуымыз қажет. 2018 жылы Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылатын жобалар мен іс-шаралар қайта қаралып, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға негізделген болатын. Соның нәтижесінде биылдан бастап облыстың әр аймағында ауқымды шара өткізу және оларды дәстүрге айналдыру қолға алынды. Бүгінгі облыс тарихында тұңғыш рет өткізіліп отырған «Қауын fest» облыстық фестивалі сол игі бастамалардың жалғасы. Алдағы уақытта жыл сайын тамыз айында «Қауын fest» фестивалін, «Қауынғақ», «Қауында да қауын бар», «Қарбызды Оңтүстікте дарбыз дейді» сияқты байқаулар мен жәрмеңкелер ұйымдастырамыз, — деді облыс әкімі.

Жалпы Мақтаарал және Жетісай аудандарының ауа-райы бақша дақылын өсіруге тиімді. Бұл фестивалге аталған аудандарынан бөлек, облыстың өзге қала, аудандарынан қауын-қарбыз егумен айналысатын шаруалар жиналды. Олар қауынның 27 түрінен 30 тонна көлемінде қауын әкелді. Фестиваль барысында келушілерге карвинг және қауын-қарбыз көрмесі ұсынылды. Сондай-ақ, шара аясында тосап дайындаушылар сайысы, «Ең үлкен қауын», «Ең дәмді қарбыз», «Ең тәтті тосап», «Ең үздік бақша өнімдерін ұсынған ауыл әкімдігі» атты номинациялар бойынша жарыстар ұйымдастырып, бас жүлдеге «темір тұлпар» тарту етті. Шараға Мақтаарал, Жетісай аудандарынан 20 ауыл округі әкімдігі мен облыстың 8 аудан, қалаларынан бақша дақылдарын өсіретін ірі шаруа қожалықтары шақырылған.

Облыс диқандары өткен жылы 1250 мың тонна бақша өнімдерін өндірсе, биыл 1330 мың тонна өнім жиналған. Ол өткен жылмен салыстырғанда 80 мың тоннаға артқан. Оның 771, 4 мың тоннасы қауын болса, 558,6 мың тоннасы - қарбыз. Гектар түсімі 220 центнерді құраған. Республикада өсірілген қауын-қарбыздың 65 пайызы Түркістан облысына тиесілі. Мақтаға қарағанда бақша өнімдерінен түскен табыс 5 есеге көп. Облыста өндірілген бақшаның 44 пайызы Мақтаарал мен Жетісай аудандарынының үлесінде. Дегенмен, аталған дақылдардың өнімін қайта өңдеу кәсіпорындары аз. Оның үстіне бүгінде қауынқақ, қауынқұрт әзірлеу секілді далалық әдіс-тәсілдер ұмыт болып бара жатыр. Биылғы фестиваль арқылы ұмытылған кәсіптер қайта жанданбақ.


Биыл түркістандық шаруалар жалпы 61,4 мың гектар жерге қауын мен қарбыз еккен. Оның ішінде бақша дақылдарын жинаудан жыл сайын рекордтық көрсеткішке қол жеткізетін Мақтаарал және Жетісай аудандарында 19 500 гектарға қауын, 7 564 гектарға қарбыз егілген. Түркістан облысының диқандары осы жылдың 7 айында Ресей, Беларусь Республикасы, Латвия, Германия сынды елдерге 80 мың тоннадан астам қауын бен қарбыз экспорттады. Соның ішінде Ресей мемлекетінің нарығына 60 мың тоннадан астам бақша дақылы шығарылған.

Фестивальде қатысқан тұрғындар мен қонақтар дəмі тіл үйінен қауыннан дəм тартып, іс-шараға ризашылықтарын білдірді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

12.12.2018

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылауға арналған TEDx форматында жиын өтті

12.12.2018

Мемлекет басшысының төрағалығымен Түркістан қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті

12.12.2018

Астанада Гейдар Алиевті еске алды

12.12.2018

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

12.12.2018

«Жер жәннаты – Ақмола» деп аталатын жинақ жарыққа шықты

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда Желтоқсан құрбанын еске алу турнирі өтті

12.12.2018

Сенатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру мәселелері талқыланды

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда цифрлы сүт фермасы іске қосылды

12.12.2018

Қазақ киносының Бауыржанын еске алды

12.12.2018

«Маңғыстау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

12.12.2018

Павлодар облысында тұрғындар ауыз суды Ертіс өзенінен алуға мәжбүр

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда қарымды қаламгер Мәлік Мұқановтың  мерейтойы атап өтілді

12.12.2018

Маңғыстау полицейлерінің жалақылары өседі

12.12.2018

Отандық автоөндіріс саласының инвесторлары Қостанайда болды

12.12.2018

Конькиден Алматы қаласының біріншілігі аяқталды

12.12.2018

Қыздар университетінде тұрмыстық әлімжеттікке қарсы жиын өтті

12.12.2018

Қазақ спорт және туризм академиясында Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы талқыланды

12.12.2018

Қарағанды облысында 2019 жылдың бюджеті бекітілді

12.12.2018

Павлодарда патриоттық әндер фестивалі өтті

12.12.2018

Шытырман оқиға жазудың жүйріктері анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу