«ҚТЖ» ҰК» АҚ сапасыз темір жол өнімдерін қолданыстан алып тастауды ұсынды

«Қазақстан темір жолы» ҰК»АҚ-да ҚР инвестиция және даму министрлігі, Қазақстан тасымалдаушылары мен вагон операторларының ассоциациясы, «ҚТЖ-Жүк тасымалы», «Қамқор-вагон», «Қазтеміртранс» компаниялары өкілдерінің қатысуымен өткен отырыста темір жол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері сөз болды.

Егемен Қазақстан
25.08.2018 2290
2

Жиынға қатысушылар Азовэлектросталь және Кременчуг болат құю зауытынан шыққан бүйір рамаларынан жинақталған жүк вагондарын алдағы уақытта пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударды.

«ҚТЖ» ҰК»АҚ басқарма төрағасының қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Марат Шакенов жүк вагондарының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мәселелерді бірлесе шешу қажеттілігін атап айтты және ол Сарышаған –Шығанақ телімінде жүк вагондарының жолдан шығып кетуіне бүйір рамасының сынуы себеп болғанын еске салды.

Қазақстан аумағында 2010 жылдан бастап бүгінге дейінгі аралықта бүйір рамаларының 85 рет сынуы мен тесілу жағдайы орын алған болса, соның ішінде 33-і Кременчуг болат құю зауытынан шыққан рамалар, ал 25-і Азовэлектростальдікі болды. 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында вагон пайдалану депосы жұмысшыларының техникалық қызмет көрсетуі кезінде 89 ақаулы бүйір рамасы анықталды. Аталған мерзімде вагондарды жоспарлы жөндеу кезінде ақауы бар жоғы тексерілген 36000 раманың 1412-сінің ақауы бар болып шықты, оның ішінде 118 өнім «Азовэлектростальден» шыққан, ал 125-і Кременчуг зауытының өнімі. Сонымен 2011 жылдан бері «Қазтеміртранс» АҚ 2008-2009 жылдары «Азовэлектросталь» зауытында өндірілген 3971 бүйір рамасын пайдаланудан шығарып тастады.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ вагон шаруашылығы департаментінің бас менеджері Дулат Бектұров теміржолшылар сапасыз бүйір рамаларын қолданыстан алып тастау үшін керекті шараның бәрін жасап жатқанын айтты. Алайда бұл детальдарды жеке операторлар – «Исткомтранс» ЖШС, «БРК-Лизинг» АҚ (еншілес), «Petroleum» ЖШС, «Мега-интерком» ЖШС, «Алмалы» ТК»ЖШС және басқалары қолдануды жалғастыруда.

Отырысқа қатысушылар алдағы уақытта сапасыз бүйір рамаларынан жинақталған жүк вагондарының пайдаланылуы туралы пікір алмасты және қозғалыс қауіпсіздігін арттыру, ағымды ағытып жөндеуді жүргізу барысында жұмыстың толық циклымен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарын айтты.

Жиында вагон құрастыратын өнімдердің, соның ішінде бүйір рамаларының сертификациясы мен сапасы мәселелеріне баса назар аудартылды.

Соған қоса темір жол көлігінде бұдан былай қауіпсіздікті нығайту саласында заң базаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар да айтылды.

Отырыс қорытындысы бойынша Хаттама толтырылып, құжат Қазақстан тасымалдаушылары мен вагон операторларының ассоциациясына жолданды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Қ.Тоқаев Мюнхен конференциясына қатысты

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

17.02.2019

Дәрігерлер балаларды көңілді бимен оятты

17.02.2019

Алакөл ауданында көпбалалы отбасыларға пәтер берілді

17.02.2019

Қазақстан дзюдошылары Еуропа кубогінен екі медаль жеңіп алды

17.02.2019

Жансель Дениз Turkish Open турнирінде жеңімпаз атанды

17.02.2019

Елена Круглыхина могулшылар алдындағы басты міндетті атады

17.02.2019

17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

16.02.2019

ҚХЛ: «Барыс» биыл «Авангардтан» төртінші мәрте жеңілді

16.02.2019

Сапарбаев: Бірде бір бала назарсыз әрі қамқорсыз қалмауы керек

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу