Аймақтар • 25 Тамыз, 2018

Ақтөбе облысында шығармашылық академия ашылды

1066 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Байғанин ауданының құрылғанына 90 жылдығын мерекелеу аясында, Қарауылкелді ауылында Балалар шығармашылық академиясы ашылды.

Ақтөбе облысында шығармашылық академия ашылды

Салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

- Мемлекет басшысының қолдауының арқасында біздің елімізде жастардың лайықты білім алуына басқа да дамыған елдерден келген қатарластарынан мәдениет, білім және денсаулық деңгейінен артта қалмауы үшін барлық жағдай жасалып жатыр. «Болашақ» бағдарламасы, жаңа мектептер, спорттық ғимараттар және мәдени нысандар – бұның барлығы біздің балалар үшін. Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында биылғы жыл аймақта Бала жылы деп жарияланып, іс-шараларды жүзеге асыруға бюджеттен 4 млрд астам теңге бөлінді. Бұдан басқа, балаларды дамытуға және оларға көмектесуге бағытталған түрлі жобаларды жүзеге асыруға демеушілер - жергілікті кәсіпорындар мен ұйымдар, қарапайым азаматтар атсалысуда. Байғанин ауданындағы шығармашылық академияның және Балаларды оңалту орталығының ашылуы «Бақытты бала» жобасының бір бөлігі болып табылады. Біздің басты мақсатымыз - балаларды Отанымыздың өркендеуі үшін салауатты, мықты, ақылды және рухани бай болуға тәрбиелеу, - деді облыс әкімі өз құттықтау сөзінде.

Жаңа Академияның құрылысы мен жабдықталуына 58 млн. теңге бөлінді. Мұнда балалар би үйірмесі, кескіндеме, робототехника, фото-шеберханалар, жергілікті тарих, радиотехника, обсерватория және тағы басқалары бар. Оған 800-ден астам бала келеді.

Айта кетейік, бұл нысан өткен жылы Ақтөбеде ашылған қазіргі заманғы шығармашылық Академиясының аналогы. Бүгінде шамамен 8000 бала 50-ден астам түрлі үйірмелер мен сабақтарға барады.