Ауыр атлетика • 25 Тамыз, 2018

Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло ҚР чемпионатына қатысады

427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Талдықорған қаласының «Жастар» спорт кешенінде ауыр атлетикадан ерлер және әйелдер арасында ҚР жеке-командалық чемпионаты өтеді.

Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло ҚР чемпионатына қатысады

Жарысқа белгілі спортшылар – Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, сондай-ақ әлемдік және құрлықтық біріншіліктердің жеңімпаздары қатысады, олардың ішінде Нижат Рахимов, Жазира Жаппарқұл, Александр Зайчиков, Денис Уланов, Карина Горичева және басқалар бар. Сондай-ақ допингке байланысты жарысқа қатысу құқығынан айырылған Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло жарыс тақтайтұғырына шығады.

Qazsport телеарнасы жарыстан тікелей трансляция жүргізуді жүзеге асырады.

Юрий Мельников, ҚР ҰҚК бас бапкері:

- Аталмыш турнир осы жылдың ауыр атлетикадағы басты жарысы - Ашхабадта жалауы желбірейтін әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңі болмақ.Талдықорған тақтайтұғырына ұлттық құрама команданың барлық мүшесі тегіс шығады. Әрине, олардың әрқайсысы әлем чемпионатына баруды көзейді, сондықтан спортшыларымыз өз бабының қандай екенін қарашада тексеретін болады. Талдықорғанда рекордтар көп бола қоймас деп ойлаймын, себебі Ашхабадқа дейін әлі үш жаттығу жиындары бар.Зілтеміршілеріміз сол жиындарда өз баптарына келуі тиіс, алайда Жетісу жеріндегі чемпионат қызықты өтеріне күмәнім жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше