Ауыр атлетика • 27 Тамыз, 2018

Ел чемпионатына қатысады

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорған қаласының «Жастар» спорт кеше­нінде 28 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында ауыр атле­тикадан ерлер және әйелдер арасында жеке-коман­далық жарыс бойынша ел чемпионаты өтеді. 

Ел чемпионатына қатысады

Биылғы Қазақстан чемпионатына Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, сондай-ақ әлемдік және құрлықтық біріншіліктердің жеңімпаздары қатысады. Атап айтар болсақ, олардың ішінде Нижат Рахимов, Жазира Жаппарқұл, Александр Зайчиков, Денис Уланов, Карина Горичева және басқа да атлеттер бар. Сондай-ақ допингке байланысты жарысқа қатысу құқығынан  уақытша шеттетілген Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло да ел чемпионатына қатысады.

Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»