Қазақстан • 27 Тамыз, 2018

Әділбек Жақсыбеков Германия делегациясымен кездесті

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков Германия Федеративтік Республикасының делегациясымен кездесті. 

Әділбек Жақсыбеков Германия делегациясымен кездесті

Әділбек Жақсыбеков еліміздің мемлекеттік органдарының бірінші басшылары бірқатар шет мемлекетке барып, олардың қылмыстық процесс моделін, сот өндірісін зерделеп қайтқандығын атап өтті. Биылғы жылдың маусым айында қазақстандық делегация Германияда болып, құқық қорғау органдары мен соттардың жұмыстарын ұйымдастыру барысымен танысып қайтқан. 

«Ендігі уақытта біздің шақыруымызбен германиялық мамандар Қазақстанға келіп, өздерінің оң тәжірибелерімен бөлісуге дайын. Шетелдік әріптестеріміздің және олардың үлкен тәжірибесінің арқасында біз үшін маңызды барлық сұрақтарға жауап аламыз деп ойлаймын», деді Әділбек Жақсыбеков.

Өз кезегінде Майндағы Франкфурт қаласының бас прокуроры Альбрехт Шрайбер Германияда прокуратура қылмыстық қудалау органы болып саналатынын атап өтті. 

«Германияда қылмыстық іс жүргізу заңнамасының тарихы 140 жылдан асып жығылады. Бұл қылмыстық іс жүргізудің ұзақ мерзімді қалыптасуы саналады. Барлық жердегідей, әрбір заң сәйкесінше қоғамдық өзгерістерге бейімделуі тиіс. Біздің қылмыстық іс жүргізу кодексіміз де ұзақ жылдар бойы көптеген өзгерістерге ұшырады», деді Альбрехт Шрайбер.

Сондай-ақ, кездесу барысында қылмыстық процесті ұйымдастырудың прогрессивті халықаралық стандарттары, сонымен қатар Қазақстанның құқық қорғау жүйесін жаңғырту жөніндегі тәсілдер талқыланды.