Аймақтар • 28 Тамыз, 2018

Қарағандыда балалар мен жасөспірімдер сарайында технопарк ашылады

525 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарағандыда балалар мен жасөспірімдер сарайында технопарк ашу жоспарлануда. Онда робототехника, астрономия, құрастыру және инженерлік негіздер бойынша сабақтер өтеді. Оны құру және жабдықтау үшін қалалық бюджеттен 14 миллион теңге қаражат бөлінді. 

Қарағандыда балалар мен жасөспірімдер сарайында технопарк ашылады

Қазір мамандар болашақ технопарктің жобасын әзірлеуде. Қыркүйекте оған қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін және құрал-жабдықтар алуға байқау жарияланады. Ал барлық жұмыстар қарашада аяқталып, ашылады деп көзделген. 

Жаңа технопаркте жұмыс екі негізгі модуль бойынша жүреді: ғылыми-зерттеу және функционалды.

Бірінші бойынша әртүрлі семинарлар мен конференцияларға қатысу, жас зерттеушілердің кіші академиясы жанынан қызмет ету, қызықты астрономия және космонавтика бойынша білім бағдарламасын жүзеге асыру жоспарланған. Ол үшін БЖС-да мобильді планетарий мен жабдықталған астрономиялық кешен орнатылмақ. 

Функционалды модуль аясында бірнеше зертханада сабақтар өткізіледі, оның ішінде робототехника зертханаларында болады. Сонымен қатар бұл жерде оқушылар әртүрлі материалдарды қайта өңдеу технологияларымен танысу үшін және 3D модельге дейінгі қайта өңдеу нобайын анықтаудан бастап дайын өнім құру үшін станоктар орнатылады . 

- Бұл сабақтарға қабылдау әдеттегідей, біздің сарайда жүргізіледі. Үйірмелерге 5 жастан бастап жоғары сынып балаларын шақыратын боламыз. Сабақтардың бағасы қандай жағдайда және қаншаға біз жабдықтарды алатынымызға байланысты болатын шығар. Егер сабақтар жартылай ақылы болғанның өзінде құны қолжетімді болады. Біз басында оқушылар мен воркшоп форматы және шеберлік сыныптары – қысқа мерзімді бағдарламаларына басымдық береміз деп ойлап отырмыз. Өйткені, біріншіден, қарашада орталық ашылғанда алғашқы тұрақты топ құру қиындау болады. Екіншіден, мұндай формат бізге алдағы уақытта ұзақ мерзімді бағдарламаларға топтар жинау үшін оқушылардың қызығушылығын анықтауға көмектеседі, - дейді Балалар мен жасөспірімдер сарайының ғылыми-әдістемелік жұмыстар бойынша директорының орынбасары Марина Исаинова. 

Технопрак орналасатын аумақ жабдықтарды орнатуға дайын. Жаңа үйірмелер мен техникаларға орын жету үшін БЖС әкімшілігі көркемдік-эстетикалық бағыттар бойынша және мектепке дейінгі дамыту топтарына қабылдауды азайтуға тура келген. Алайда бұл топтарды жабуды жоспарлап отырған жоқ, өйткені олар БЖС келушілер арасында сұранысқа ие.

Соңғы жаңалықтар