Өнер • 28 Тамыз, 2018

Оңтүстік Кореяда «Астана – Ұлы дала жауһары» атты фотокөрме өтті

471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Оңтүстік Кореяда «Астана – Ұлы дала жауһары» атты фотокөрме өтті

Қазақстандық фотографтардың 40-қа жуық туындысы Сеулде өткен  көрмеге қойылды. Жергілікті тұрғындар фотосуреттер арқылы Астананың көрікті жерлеріне саяхаттап қайтты. 

«Мен Алматы мен Астанада он рет болдым. Достарыммен бірге мұражайлар мен өзге де көрікті жерлерді араладым. Бүгін көрмені аралап, қайта Қазақстанға оралғандай болдым. Аз уақыттың ішінде осындай жас елорданың құрылғанына, елдің даму қарқынына таң қалдым. Корея мен Қазақстан арасындағы мәдени, гуманитарлық әріптестік үзілмес үшін тараптар тиісті меморандумға қол қойды. Құжат аясында бірнеше ауқымды шара өткізу жоспарланған», дейді көрмеге келген көрермен.

«Астана – Ұлы Дала жауһары» атты фотокөрме әлемнің 9 елін аралап үлгерді. Жуырда елордамыздың көрікті жерлерін Лондон тұрғындары тамашалайды.