«Қасиетті Қазақстан» жобасы шет елдерде жалғасады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақса­­тында, байтақ еліміз территориясында орналасқан жалпы­халықтық маңызға ие, ұлт өмірінде айрықша орны бар тарихи нысандар, көркем ландшафты табиғат компоненттері, ежелден келе жатқан киелі жерлер тізімге алынып, оларды жоғары деңгейде насихаттап, осы арқылы жас ұрпақтың сана-сезіміне отаншылдық идеясын сіңіру, сонымен қатар тарихи-туристік бағытта жұмыстар ұйымдастыру қолға алынған еді. 

Бұл істі жүйелі атқарып шығу үшін өткен жылдың мамыр айында елордадағы Ұлттық музей жанынан «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы құрылған болатын. Бүгіндері аталмыш орталық көптеген жұмыс атқарды. Алда атқаратын шаруасы қандай? Осы сұраққа толыққанды жауап алу үшін «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы жетекшісінің орынбасары Батырхан ЖҰМАБАЕВ мырзаны сөзге тартқан едік. 

 

Егемен Қазақстан
28.08.2018 2017
2

– Батырхан Елікұлы, сіз­д­ер­дің бұған дейін атқарған жұмыстарыңыз жайлы газет оқырмандары толық хабардар. Ендеше, алда атқарылатын істер жайында айтып өтсеңіз?

– «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасы аясында құрылған «Қа­сиетті Қазақстан» ғылыми-зерт­теу орталығы құрылғанына жыл­дан асты. Осы аралықта көпте­ген шаруалар атқарылды. Жоға­ры­да өзіңіз айтқандай, оның бәрі бас­пасөз құралдарында айтыл­ды, жазылды. Сондықтан өткен­ге тоқталып жатпай, алда атқары­ла­тын істер жайлы айтайын. Яғни бізде жұмыстың екінші кезеңі бас­талды. Бұған дейін біз «Қа­сиетті Қазақстан» жобасы негі­зінде ел аумағында орна­лас­қан тарихи нысандардың тізбесін құрып, олардың әрбіріне ғылыми-сараптама жасатқан болсақ, келесі кезекте республика аумағынан тыс жерлердегі ұлт тарихына қатысы бар нысандарды зерттеу-сараптауды қолға алмақшымыз. Жұмыс әзірге ТМД көлемінде жүргі­зіледі. Атап айтқанда, зерттеу нысанына Ресей, Өзбек­стан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрік­менстан сияқты көршілес рес­пуб­ликалар қамтылып отыр. Жоспар бойынша алдағы қыр­күйек айында мәдени-барлау экспедициясы жолға шығады. Бұлардың арасында археолог, көне жазба мамандары, тарих­шы-этнолог ғалымдар бар. Жұ­мыс тобы әуелгі кезекте Өзбек­стан жерін­де жатқан ұлы тұлға­ларымыз Әйтеке би, Төле би, Жалаңтөс батыр, сон­дай-ақ Бес­қала маңында мәңгілік тұрақ тапқан Сырым батыр Датұлы қатарлы атала­рымыздың басына барып, мазардың қазір­гі жайымен танысады. Сонымен бірге бұл адамдар жайлы жергілікті өлке­танушылар нендей пікірде, зерттелу жайы қалай, осының бәрін анықтайтын болады

.

Келесі кезекте Ресей тұр. Та­рихы­мыздың бір пұшпағы сонда жатыр. Жақында ғана хабар алып отырмыз. Түмен облысында Кенесарының үзең­гілес серіктерінің бірі Баубек батырдың зираты бар екен. Сол сияқты Астрахань облысында Құрманғазы бабамыздың және Орынбор іргесінен Кіші орда ханы Әбілқайырдың әйелі Бопай ханымның мазары табылыпты. Экспедиция мүшелері осы нысандарға бармақшы.

– Жоғарыдағы мәдени-барлау экспедициясы тек ны­сан­дарды ғана аралай ма, әлде көрші елдердегі архив­тік мекемелерге барып, құжат­тамалармен танысу мүмкіндігі қарастырылған ба?

– Ол жағы қарастырылған. Мысалы Омбы өңірінде Шоқан оқыған кадет корпусы, Мұса Шорманұлына қатысты құжаттық дүниелер көп. Сонымен қатар Алаш қайраткерлерінің көбі Ре­сейде білім алып, қызмет атқар­ғандықтан оларға да қа­тысты құ­жаттық тарихи дерек­терді сүзіп қайту ойда бар.

– Жұмыс қашан аяқталады?

– Жылдың аяғына дейін бітуі тиіс. Жинақталған экспедиция материалдарын келесі жылдың басында толыққанды ғылыми монографиялық жинақ ретінде жарыққа шығармақпыз.

– Айтпақшы, «Қасиетті Қазақстан» жобасы бойынша шығарылып жатқан бес томдықтың биылғы кезекті томды­ғы дайын болды ма?

 – Әрине дайын. Жылдың аяғына дейін өзіңіз айтқан екінші том шығады. Бұл жи­наққа Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақ­стан, Маңғыстау облыс­тары аума­ғын­да орналасқан қасиетті, киелі ­орындар жайлы толық ақпар қамтылып отыр. Тағы бір атап өтерлік оқиға, өткен жы­лы екі тілде жарық көрген «Қа­­зақстанның жа­л­пы­ұлттық қа­сиет­ті нысандары» және «Қа­зақ­­­станның өңірлік қасиетті ны­сандары» атты еңбектерді сырт­тағы консулдық қыз­­меттер ар­қылы іздеушілер шығып жатыр.

Сондай-ақ биыл әлеуметтік желілерге ыңғайластырылып, еліміздегі киелі нысандарды дәріптеуге арналған 30-ға жуық бейнероликтер жасалса, келесі жылы бұлардың санын 60-қа жеткізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар киелі орын­дардың сұлба-бейнесін 3D сканерлеу арқылы цифрландыру ісі қолға алынуда. Қазақтың жалпақ тілімен айтсақ, бұлай жасау арқылы нысанның қазіргі бейнесін сақтап қала аламыз. Алда-жалда оның бір жері бүлін­се, цифрланған нұсқасына қарап қайтадан қалпына келтіруге мүмкіндік бар. Дәл қазір осы ба­ғытта түсірілім жұмыстары Маң­­ғыстау жеріндегі Бекет ата ес­керкіш кешені мен «Бөкей Ор­дасы» тарихи-мәдени кешенін­де жүріп жатыр. Алдағы күндері еліміздегі жалпыұлттық қасиетті нысандардың барлығы осылай цифрландырылады. Яғни қарапайым адам қажетті нысанға бармай-ақ әлеуметтік желілерге жүктелген интерактивті нұсқа­сын аударып-төңкеріп, асты-үс­­тін, іші-сыртын толық көре алады.

– Өткен жылы «Қасиетті Қазақстан» картасы жасалған болатын. Биыл бұған қандай өзгерістер еніп жатыр?

– Карта қазір жетілдірілу үстінде. Бұрын қажетті нысандарды топогра­фиялық орны арқылы белгілеп келсек, бұдан былай аталмыш нысан жайлы үш тілде толық ақпар бере­тіндей техникалық тұрғыдан жетілдірілді. Осы жоба бойынша жалпыұлттық деңгейдегі 100 нысан толық жасалып шықты. Бірақ мұндағы 100 нысан жекелей алғанда 185 объектіні құрайды. Мысалы барлық қазақ батырлары жеке-жеке есептелмей, барлығы «Қазақ батырлары» деген атпен бір нысан ретінде тіркеліп тұр. Осыларды 3D нұсқамен картаға енгізгенде әрқайсысын жеке-жеке жасадық. Бұларды көріп тамашалауға ниет еткен адам QAZMAP. kz сайтына кірсе жетіп жатыр. Алдағы күндері бұл сайттан қол телефонына жүктеп алатындай жеңілдетілген нұсқасы дайындалу үстінде.

– Сіздер айналысып отыр­ған жоба­ның бір тармағы отандық туризмді дамыту емес пе, осы мақсатта қандай істер атқарылып жатыр?

– Орталық «Қазақ туризм» ұлт­тық компаниясымен ортақ ме­морандумға қол қойды. Мұн­дағы мақсат – еліміздегі қасиетті нысан­дарды туризм көзіне айнал­дыру. Жоғарыдағы келісім бойын­ша қасиетті нысандар туризм компания­ларының турпакетіне еніп жатыр. Ал біздің тараптан олар­ды киелі нысандар жайлы ғылыми толық сарапталған әдісте­мелік ақпарат-нұсқаумен жаб­дық­тау. Әйтпегенде, нысан басын­дағы шырақшының ертегі-әфсана­сына көкірегі ояу адамның сенуі қиын.

Екінші атап өтер дүние, жо­ғарыдағы туристік компания­лар біз жасаған бейнеролик­терді шетелдік саяхатшылар­ға жібе­ріп, елдегі киелі нысан­дары­мыз­ды оларға таныстыруда. Одан кейін еліміздегі Сырт­қы істер министрлігінен бізге жет­кен ақпарат бойынша, алда­ғы қыркүйек айында АҚШ-тан бірнеше инфотуристер Түркістан өңіріне келмек. Солар­мен байланыс жасаудың тетігі ойластырылып жатыр.

Алдағы күндері Венгрияда­ғы «Ма­жар-Тұран» қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастық орнату арқылы ежелгі бабаларымыз ғұндар тарихына қатысты іргелі зерттеу жүргізуді қолға алмақ ойдамыз. Ең бастысы, күзде республикалық өлкетанушылар форумын өткіземіз. Бұл істі орындап шығуға Ақмола облысының әкімдігі ниет танытып отыр.

– Өлкетанушыларды қалай іріктей­сіздер және тағы бір сұрақ, сіздер бекітіп қойған жалпыұлттық нысандар саны болашақта өзгеруі мүмкін бе?

– Орталық еліміздегі барлық өлкетану­­шылардың электронды базасын жасап, олардың ерекшелегін нақтыла­ды. Мы­салы ол адам шежіреші ме, тарихшы ма, музыкант па немесе жер атау­ларының білгірі ме, осыған тоқталдық. Осы тұрғыдан іріктейміз. Сонымен қатар бұл адамдардың жазған еңбектерінің библиографиялық каталогын жасап жатырмыз.

Әрине бекітілген жалпы­ұлттық 100 нысан қатып қалған дүние емес. Қазірдің өзінде кейбір өңірлерден жалпыұлттық деңгейдегі қасиетті нысандарға қосымша ұсыныстар түсіп жатыр. Мысалы Сол­түстік Қазақ­стан облысы, Айыртау ауда­нын­­да «Ақан сері» дейтін ауыл бар. Мұн­да атақты Ақан сері Қо­рамсаұлы жер­леніпті. Одан кейін Баянауыл-Ертіс өңі­ріне аты мәлім Сұлтанбек сұлтан дейтін тұлға өткен. Осы кісінің ордасы табыл­ды. Бұл нысандар жайлы ғылыми-сарап­та­малық кеңесте талқылау жүріп жатыр.

– Биыл көрші ТМД елдеріне мәдени-барлау экспедициясын аттандырып жатырсыздар, бұл іс келешекте алыс шет мемлекеттерде жалғасуы мүмкін бе?

– Әбден мүмкін. Жылдың басында өткен сараптамалық комиссияның отырысы кезінде бұл мәселе көтерілді. Бұл шаруа 2019 жылдың жұмыс жоспарына кіреді деп ойлаймын. Алдын ала айтарым, жобада Қытай, Сирия, Түркия, Мысыр және Моңғолия елдері қамтылуы мүмкін.

Әңгімелескен 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.09.2018

Д.Қыдырәлі – Түлкібас ауданының құрметті азаматы

20.09.2018

Мемлекеттік органдардың бірыңғай платформасы құрылады

20.09.2018

Қостанайда жалпықазақстандық диктантқа 4 сынып оқушысы қатысты

20.09.2018

Павлодарда Google компаниясының қызметкері Қуат Есеновпен кездесу өтті

20.09.2018

Әділ Дүйсенбек. Ұрпақ сабақтастығының үлгісі

20.09.2018

2018 жылдың 8 айында 7,7 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

20.09.2018

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі басталды

20.09.2018

Астана қаласы Әуе көлік прокуратурасы жолжүктерді ашудың 80 дерегін анықтады

20.09.2018

Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

20.09.2018

GGG үздіктер тізімінде төмендеді

20.09.2018

Қазақстан құрамасын Кака баптайды

20.09.2018

Сапа менеджментін енгізу бәсекеге қабілеттілікті нығайтады

20.09.2018

Елімізде 1 қазаннан бастап депозит шарттары өзгереді

20.09.2018

Машина жасаушылар форумына әлемнің 20 елінен 1000-нан астам делегат қатысады

20.09.2018

Жеңімпаз қыздың қайырымдылығы көпке үлгі

20.09.2018

Б. Сағынтаев Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі Үкіметтік кеңестің отырысын өткізді

20.09.2018

Экс-чемпион бокс мектебінің директоры болып тағайындалды

20.09.2018

 Жаңа заң – жаңа үміт

20.09.2018

Мөлдірдің мөлдір әлемі

20.09.2018

Көкшетау тұрғыны тираждық лотерея ойынының миллионері атанды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу