Шетелдіктер шипа іздеген орталық

Ұлт үшін денсаулық мәселесі әрдайым өзекті. Бүгінгі таңда елі­мізде отандық медицина қа­­рыш­тап дамып, өзінің биік дең­гейіне көтерілді. Азамат­тардың ден­саулығын жақсарту, аурудың алдын алу, сырқатты болдырмау мәселелері де күн тәртібінде. Со­ны­мен қатар өңірлердегі денсау­лық сақтау мекемелері де бұл мә­селеге лайықты үлес қосып отыр. 

 
Егемен Қазақстан
28.08.2018 747
2

Тараз қаласындағы «Кардио­хирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орта­лығында» ағымдағы жылы мамыр айында тұңғыш рет бүйрекке трансплантация жасалғанын жазған болатынбыз. Жамбылдық азаматқа туған ағасы бір бүй­ре­гін беріп, оған алғашқы ота­ны ағзаларды транспланттау жө­нін­дегі ұлттық үйлестірушісі Жақ­сылық Досқалиев жасаған еді. Нә­тижесінде бүйрек дерті­не шал­дыққан азамат сауы­ғып әрі бұл отандық медици­на тари­хында айтарлықтай жетіс­тік ре­тінде бағаланды. 

Аталған орталықты бұл күн­де елімізге танымал ғалым Сейіт­хан Жо­шыбаев басқарады. Міне, Тараз же­рінде тұңғыш рет жа­салған бүйрек транс­плантация­сы­нан соң бірқатар шет мем­ле­кеттердің азаматтары атал­ған клиникаға келе бастапты. Нәти­же­сінде Грузия және Қырғыз мем­ле­кеттерінің азаматтары ота жасату үшін осы орталықты таңдаған. Айта кету керек, Тараз қаласындағы «Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-кли­никалық орталығында» бү­гінде сала бойынша докторантура дәрежесін шетелде оқыған бі­лікті мамандар жұмыс істейді. Сонымен қатар аталған клиника еліміздің оңтүстік аймағындағы жетекші орталық ­саналады.

Аталған клиникада тұңғыш рет ­бүй­­рек алмастыру трансплан­тация­сы­­нан төрт ай өткен соң, Грузия және Қыр­ғыз Рес­­пуб­ли­касының аза­мат­­тарына бүйрек алмастыру опе­ра­циялары жасалды. Отаны Астана қала­­­сындағы ұлттық ғылыми онко­ло­гия-транс­плантологиялық орта­лы­ғы­­нан келген тәжірибелі маман Ған­и Құттымұратов жасады. Ғани Мұратұлы бүгінде осы «Кар­диохирургия және транс­план­тология ғылыми-клини­калық орталығы» директорының орынбасары болып жұмыс істейді. Оның айтуынша, мұнда алғашқы бүйрек алмастыру операциясы жасалған мамыр айынан бері 3-4 бүйрек алмастыру отасын өздері жасапты. Оның біреуі ғана ел азаматы болса, қалғаны шетел азаматтары екен. Енді тоғызыншы рет шетел азаматына ота жасалды. Қырғыз елінің 62 жастағы азаматына 35 жастағы немере інісі бүйрегін беріпті. Грузия азаматының да жағдайы осыған ұқсас екен. Оның туыстары да науқастың өмірін сақтап қалу үшін трансплантация жасауға келісіпті.

Трансплантолог Ғани Құтты­мұратов елімізде бүйрекке мұқ­таж жандардың көп екенін айтады. Ал қазіргі кезде ағзалар тек тірі донордан ғана алынуда. Дей тұрғанмен, кез келген адам үшін ағзасының бір бөлше­гін беру оңай емес. Сонда да болса қайы­рымды азаматтар туыс­тары­ның өмірі үшін осындай ерлік­ке барып отыр. Мәселен, бір ғана Жамбыл облысында 250-ге тарта азамат трансплантация жасату үшін айлап аурухана төсе­гіне таңылып, донор күтуде екен. Елі­мізде олар­дың саны үш жа­рым мың­нан асады. Тіпті кей­бір­ науқас азаматтар жасанды бүй­рек­тің қыз­ме­ті­не жүгінуге мәжбүр.

Адамның қай жері ауырса, жаны сол жерде. Кейбір азамат­тарға донор табылып, сәтті операция жасалғанымен, көпшілік үшін бұл мәселе әлі өзекті. Тараз қаласындағы білікті мамандар жұмыс істейтін «Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы» талай жанның өмірін сақтап қалуда еңбек етіп, отандық медицинаның дамуына үлес қосып келеді.

 

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.03.2019

Ж. Қасымбек су тасқыны кезеңіне дайындық туралы кеңес өткізді

18.03.2019

5 баланы құтқарған азамат Ішкі істер министрінің бұйрығымен марапатталды

18.03.2019

Елбасының азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланды

18.03.2019

Индонезияда су тасқыны салдарынан 63 адам қаза тапты

18.03.2019

Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына барды

18.03.2019

«Жетісу» телеарнасы 20 жылдығын атап өтеді

18.03.2019

Жетісу кәсіпкерлері жақсылық жасаудан жарысып жатыр

18.03.2019

Түркі Академиясының 2019 жылғы жұмыс жоспары бекітілді

18.03.2019

Е. Алпысов Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды

18.03.2019

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі тағайындалды

18.03.2019

Астана әкімдігі халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың жаңа 13 шарасын ұсынды

18.03.2019

Елбасы Астана қаласында салынатын жаңа мешіттің іргетасын қалау рәсіміне қатысты

18.03.2019

Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары жарияланды

18.03.2019

Оңдасын Оразалин жол-көлік апатынан қаза болғандардың туыстарына көмек көрсетуді тапсырды

18.03.2019

Бокстан Марина Вольнованың жүлдесі үшін турнир өтті

18.03.2019

Калгариде конькишілердің қанжығасы майланды

18.03.2019

Көпбалалы аналар үшін баспана кезегі бөлек болады - Бердібек Сапарбаев

18.03.2019

2025 жылға қарай өнеркәсіптік тауарлардың өндірісі 2 есеге артады

18.03.2019

Түркістан: Сайрам ауданында кәсіпкер тәулігіне 10 тонна сүт өңдейді

18.03.2019

Астанада алдағы екі айда экологиялық науқандар өтеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Suranys kо́p, qoldaý kem

О́z elimizde óz tilimizdiń kenje qalǵanyn jasyra almaımyz. Eń basty másele – onyń qoldaný aıasy tarylyp ketti. Bul kemshilikti eńserý úshin qazaq tilin jańǵyrtý qajet. Qalaı? Mine, bul kimdi bolsa da tyǵyryqqa tirep, oılandyratyn úlken suraq. Biraq onyń sheshimin búgingi tańda memlekettiń ózi usynyp otyr. Bar másele, osyny arqaý etip, zańdy qoldaýǵa qajettilik týǵyzý. Ol úshin ne istegen jón?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу