Медицина • 28 Тамыз, 2018

Қырық парыздың бірі – білім алу

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақ­стан мұсылмандары діни басқар­масы­ның Ақмола облысы бойынша өкілдігі «Мектеп сөмкесі-2018» қайырымдылық акциясын өткізді. 

Қырық парыздың бірі – білім алу

Үстіміздегі жылы облыс бойынша 727 мектеп оқушысына қажетті сөмкелер мен оқу құралдары табыс етілді. Көкшетау қалалық білім бөлімі дайындаған арнайы тізімге әуел баста 250 бала енгізілген екен. Имандылықтың ишарасындай жан жылуын төккен қамқорлықтың арқасында облыс орталығында 270 балаға оқу құралдары сыйланса, 142 оқушы мектеп формаларына ие болды.

– Мұсылманның қырық парызы­ның біреуі – білім алу. Біз әр жыл сайын жет­кін­шектерді білім жолына бағыттау мақсатында осындай қайырымдылық шараларын ұйымдастыруды дәстүрге айналдырудамыз, – дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысы бойынша өкілі Қуаныш Сәбит.

Қайырымдылық акциясына көптеген көкшетаулықтар шын ниеттері­мен өз үлестерін қосты. «Зекет» қайырым­дылық қоры да иманды істен шет қалмай, белсенділік танытты. Адамдардың бір-бірін жебей жүргенге не жетсін?!

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Көкшетау