Қазақстан • 28 Тамыз, 2018

Маңғыстауда «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы өтті

713 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен қоғамдық тәртіпті сақтауды, көшелердегі және басқа да қоғамдық орындардағы қылмыстарды болдырмау мақсатында және «Конституция күні» қарсаңында облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық маңызы бар жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

Маңғыстауда «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы өтті

Ішкі істер департаментінің мәліметтері бойынша жедел-алдын алу іс-шараларының негізгі міндеттері қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды ескерту, жол-көлік оқиғаларының алдын-алу, сондай-ақ көші-қон заңнамасы мен есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты бұзушылықтарды анықтау болып табылады.

Маңғыстау облысы бойынша шараға ІІО-ның барлығы 669 қызметкері, Ұлттық гвардияның 301 әскери қызметшілері жұмылдырылған болса, оның ішінде қоғамға тартылғаны әскери қызметкре саны 34. Есепті кезеңде облыс бойынша 24 қылмыс, бұрын жасалған қылмыстан 7 дерек ашылды. 

Іздеуде жүрген 2 қылмыскер ұсталып, тыйым салынған құралдарды заңсыз сақтағаны және алып жүрген 11, оның ішінде есірткі құралдарды сақтағаны 10, атыс қаруын алып жүрген 1 тұлға ұсталды, одан атыс қаруының 1 бірлігі, ұңғысыз травматикалық атыс қаруының 1 бірлігі тәркіленді.

Тұтастай алғанда, сыртқы қызметтердің қызметкерлерімен облыс бойынша  1173 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде көлік құралын мас күйде жүргізген 30 жүргізуші анықталды. Сондай-ақ, түрлі санаттар бойынша ішкі істер органдарында есепте тұрған 362 тұлғаға тексеру жүргізіліп, қабылдау-тарату орнына 20 тұлға жеткізілді, олардың үшеуі 3 шетел азаматтары. Ал, 17 адам уақытша бейімделу және интоксикация орталықтарына орналастырылды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы