«Жасыл» қаржы нарығы қашан қалыптасады?

Соңғы жылдары әлем елдерінде кеңінен таралған «жасыл энергия», «жасыл технология» сынды жаңа ұғымдардың қатарында «жасыл облигация», «жасыл қаржы» деген терминдер де бар. Бұл үрдістен Қазақстан да тыс қалмақ емес, «жасыл» қаржыландыруды дамыту биыл жазда ашылған «Астана» халықаралық қаржы орталығының стратегиялық басым бағыттарының бірі ретінде айқындалды. Олай болса, жаңа ұғымның маңызына аз-кем тоқтала кетейік.

Егемен Қазақстан
29.08.2018 13405
2

Жалпы, «жасыл облигация» деген тіркес ең алғаш 2007 жылы қолданысқа еніпті. Еуропа ин­вес­тициялық банкі осындай атау­мен енгізген бағалы қағаз­дардың құны алғашқы жылдары төмен болғандықтан, оның мән-маңызына үңілу­ші­лердің қа­тары салыстырмалы түрде сон­шалықты көп бол­ма­ған екен. Алайда, «жасыл обли­гация­лар­дың» жиынтық көлемі 3 мил­лиард доллардан асып түс­кен­нен кейін бағалы қағаздар аса жо­ғары сұранысқа ие болып шы­ға келді. Өткен жылғы мәлі­мет­­терге сүйенсек, дүние жүзі бо­­йынша облигациялардың шы­­ға­ры­лымы 155 миллиард доллар­дан асып түскені осыны аңғартады.

Сонымен «жасыл обли­га­цияның» басқаларынан айыр­машылығы не? Ең басты ерек­шелігі – «жасыл облигациялардан» түскен қаражат толықтай экологиялық жобаларға, қор­шаған ортаны қорғауға жұмса­латыны. Көмірсутегі, көмір сынды дәстүрлі энергия көздерінен бөлек балама энергия көздерін дамыту, экологиялық таза кө­лік­тер өндірісі сынды ірі жоба­лардың барлығы осы қатарда.

Бүгінгі таңда дүние жүзі бо­йынша нарыққа «жасыл қаржы» тарту ісінде Қытайдың алдына түсетін ел жоқ. 2016 жылы 23 миллиард доллар облигацияны сатылымға шығарған көршіміз мұндай жоғары көрсеткішке көміртегі газын шығаруды азайту саясатының арқасында қол жеткізді. Әйгілі Apple компаниясы да былтыр 1 миллиард доллар кірісті «жасыл облигация» сатудан түсіріпті. Оған Ислам қаржы институттары да қызығушылық танытуда.

Сөз басында айтып кет­ке­німіздей, «жасыл қаржы­лан­дыру» ұғымы Қазақстанға да бір­тін­деп еніп келеді. 2025 жыл­ға дейін еліміз «жасыл қаржы» са­ласы бойынша Орталық Азия ай­ма­ғында көшбасшы атануды көз­деп отыр.

Осы мақсатты ба­ғын­дыруға ықпал ететін басты ұйым «Астана» ХҚО «Жасыл қаржы» департаментінің директоры Әсел Нұрахметованың айтуынша, бұл бағытта дүние жүзінде атқарылып жатқан жұмыстар әлем экономикасына тың серпін береді.

– «Жасыл облигациялар» – су, энергия, жылу және тағы да басқаларын тұтыну көрсеткіштерін төмендетуге, қоршаған ортаны ластаудың алдын алуға жұмсалатын өте қуатты қаржылық құрал. Қолданысқа енгеніне көп уақыт өте қоймаса да, оның аясы қазірдің өзінде өте кең. Адамзат үшін экология қашанда өзекті болып қала беретінін ескерсек, болашақта маңызы арта береді деуге болады, – дейді ол.

Әсел Нұрахметова айтып өткендей, Қытай Халық банкі қоршаған ортаны қорғау саласына несие, облигация және акциялар сынды жеке қаржылық құрылымдарды белсенді түрде тартумен айналысады. Германия үкіметі де «жасыл қаржы» секторын көміртекті экономиканың орнын басқа қуат көздерімен алмастырудың құралы ретінде тиімді пайдаланып отыр.

Жалпы, «жасыл жобаларға» инвестиция құюға ынталы инвесторлар көп. Бұл орайда, елімізде экономикалық ахуал айтарлықтай күрделі деуге болады. Себебі біздің экономикамыз пайдалы қазбалар өндірісі мен экспортына тікелей иек артып отырғаны өтірік емес. Оған қоса, «ақылды қала» сынды жаңадан қолға алынған жобалардың да бір шеті «жасыл облигациямен» шендеседі. «Астана» ХҚО-ның экологиялық жобаларға инвестиция тартатын алаң ретінде таңдалғаны да осыған байланысты.

– Қазіргі таңда біз инвесторлардың Қазақстан нарығына келуіне ыңғайлы жағдайлар жасап, тиісті құралдар әзірлеп жатырмыз. Солардың бірі – әлемде кеңінен танылып келе жатқан «жасыл облигациялар». Осындай облигацияларды сатудан түскен қаржының барлығы дерлік экологиялық жобаларға жұмсалады,– дейді Әсел Нұрахметова.

«Астана» ХҚО «Жасыл қаржы» департаментінің директорының айтуынша, қоршаған ортаны ластап жатқан ірі өндіруші кәсіпорындар, сондай-ақ аймақ әкімдіктері алдағы уақытта «жасыл облигация» шығаруға тиіс. Бұл экологияға зиян келтірмейтін жобаларға қаражат құюға жол ашады. Қазірдің өзінде қаржы орталығы бірқатар ірі инвесторларды осы жұмысқа тартыпты, олар Қазақстанда жаңа жобаларды қолға алуға қарсы емес.

Бүгінгі таңда инвесторлар үшін Қазақстанда тартымды жобалар ретінде таза көлік, қалаларды жарықтандыру, Астанаға газ тарту сынды жұмыстарды айтуға болады. Сарапшылардың пайымдауынша, болашақта Қазақстанның «жасыл нарығын» қарышты дамытуға мүмкіндік жеткілікті.

«Жасыл облигацияны» тиімді қолданудың қарапайым мысалы ретінде Швецияның Гетербор қаласы муниципалитетінің тәжірибесін айта кетуге болады. Аталған қаланың мэриясы соңғы 5 жыл ішінде жалпы құны 386 миллион долларға тең «жасыл облигация» шығарыпты. Оны жұмсаған секторлардың ішінде автономды үйлер жобасы бар. Жаңа технологиямен жабдықталған автономды, «ақылды» үйлерде энергия басқа үйлермен салыстырғанда 3 есе аз тұтынылады екен.

«Астана» ЖҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов айтқандай, елордада өткен ЭКСПО-2017 көрмесі «жасыл» технологиялар саласындағы зерттеулерге, жаңашыл жобаларға қажетті инфрақұрылым ұсынды. Ендігі кезекте қаржы орталығы оның қаржылық бөлігін толықтыруға тіс.

Қалай болғанда да, «жасыл облигацияларды» нарыққа шығару Қазақстанның экологиялық ахуалын жақсартуға ықпал етеді деуге болады. Ал осы саладағы стартап жобалар табысты жүзеге асырылған жағдайда жаңа жұмыс орындары ашылып, әлеуметтік-экономикалық салаларға да тиімді ықпал етеді.

Арнұр АСҚАР,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Б.Сағынтаев энергия үнемдеу жобалары бойынша инвесторлармен жұмысты жандандыруды тапсырды

19.11.2018

Энергия үнемдеу жобаларын іске асырудан түсетін жыл сайынғы үнем 3,5 млрд теңгені құрайды

19.11.2018

Үкіметте «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды

19.11.2018

Жыл басынан бері қазақстандық және шетел әуе тасымалдаушылары 13 жаңа бағытты ашты

19.11.2018

QazaqGeography съезі ұйымның жаңа кеңсесінде өтті

19.11.2018

Қазақстандық делегация Дүниежүзілік төзімділік саммитіне қатысты

19.11.2018

Дін саласының жағдайы туралы баяндаманың қорытындысы жарияланды

19.11.2018

Мемлекеттік басқару академиясы қазақстандық тәжірибені тарату орталығына айналды

19.11.2018

Алматыда ХІV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі ашылды

19.11.2018

Алматыда көлік апатынан 10 айда 114 адам ажал құшқан

19.11.2018

Жыр алыбы Жамбылдың өмірі сахналанды

19.11.2018

Павлодарда биыл 349 жол-көлік оқиғасы орын алған

19.11.2018

Абылайхан ЖҮСІПОВ: Токио туралы айтуға әлі ерте...

19.11.2018

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

19.11.2018

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін

19.11.2018

Түркістанда халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

19.11.2018

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

19.11.2018

Маңғыстауда өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті

19.11.2018

Энергия үнемдеу бойынша Қазақстан 32-ші орында

19.11.2018

Көкшетауда жылу ақысы арзандайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу