Қазақстан • 29 Тамыз, 2018

Оңтүстік Кореяға оқуға барған студенттер депортацияға ұшырады

517 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяға оқуға барған студенттер депортацияға ұшырады, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Оңтүстік Кореяға оқуға барған студенттер депортацияға ұшырады

Оңтүстік Кореяға оқу курсына кеткен қазақстандық студенттердің заңсыз келімсектер ретінде кері қайтарылғаны белгілі болды. ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі осы оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

«Біз бұл оқиғадан хабардармыз. Бір топ студент Кореядағы Қазақстан Елшілігіне көмекке жүгінді», деді Айбек Смадияров.

Екі ел Үкіметі арасындағы  2014 жылғы 29 қарашадан бастап күшіне енген визалық талаптарды өзара жою келісіміне сәйкес, ұлттық паспорты бар, жұмыс істеуді, оқуды немесе тұруды жоспарламаған екі елдің азаматтары 30 күнге дейін барып-келе алады.

«Бұл жағдайда қазақстандық студенттер Оңтүстік Кореяның көші-қон заңдарын бұзды және елден қуылды. Студенттер немесе сапарды ұйымдастырған компания Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы Елшілігімен байланысып, бар жағдайды түсіндіруі тиіс. Әрі қарай мәселенің шешілуі корей тарапының құзырында болмақ», дейді ҚР СІМ баспасөз хатшысы.