Қазақстан • 29 Тамыз, 2018

Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

955 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ерлан Әукенов Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Әкім орынбасары қызметін бұған дейін Мұрат Дәрібаев атқарған еді. Оның басқа қызметке ауысуына байланысты орнына Ерлан Әукенов келді. Алматы қаласының басшысы Бауыржан Байбек Мұрат Дәрібаевқа атқарылған еңбегі үшін алғыс айтып, сәттілік тіледі. 

Ерлан Әукенов Алматы әкімдігінде көлік, әлеуметтік сала, халықты еңбекпен қамту және төтенше жағдайлар мәселелеріне жауап береді.

Айта кетейік, Е.Әукенов 2015 жылдың тамыз айында Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалып, екі жылдан кейін шетелге оқуға түсуіне байланысты жұмысынан уақытша босатылған еді. Ол индустриалды-инновациялық даму, сауда, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне жауапты болды.

«Ерлан Әукенов «Қалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша Лондонның экономика және саяси ғылымдар мектебінің магистратурасын аяқтағаннан кейін Алматы әкімінің орынбасары лауазымына қайта оралды. Ол оқу барысында урбанизация, қала агломерациясын қалыптастыру, экономикалық аймақтарды құру, көлік жүйесі мен инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ олардың әлеуметтік-экономикалық процестерге және қала экологиясына ықпалы мәселелері бойынша білім алды. Шағын және ірі мегаполистерге «Green Economy» және «Resilient city» заманауи тұжырымдамасын енгізуге қатысты әлемдік тәжірибе зерделенді», делінген қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.