Қазақстан • 30 Тамыз, 2018

Азаттықтың алтын арқауы

826 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Азаттықтың алтын арқауы

Ата Заң – ата-бабалар ар­ман­даған азаттығыңды ай­қын­­дайтын, егемендігіңді паш ете­тін, Тәуелсіз ел екендігіңді танытатын, дербес мемлекеттігіңді көр­сететін қастерлі құжат. Ата Заң – елдігіміздің тірегі, аза­мат­тың арқа сүйер алтын арқауы. Біздің күллі тыныс-тіршілігіміз, өмір салтымыз, қоғамның тамыр бүлкілі – барлығы негізгі Заңнан бас­тау алатындығы рас. Ата Заң – тал бесіктен, жер бесікке дейін­гі уақыт аралығында сіздің құ­қығыңызды қорғайды. Ата Заң – ел азаматының конституциялық құ­қын танытатын, әр отандасы­мыз бұлжытпай орындайтын заң­дардың алтын арқауы, темір­қазығы. Ата Заң – бабалар аманаты. Кешегі Қасымның «Қасқа жолы», Есімнің «Ескі жолы», әз Тәукенің «Жеті жарғысының» жалғасы, заңды мұрагері

– Қазақ елінің бүгінгі Конституциясы. Тарихтың терең қойнауына үңілер болсақ, алғашқы Қазақ хандығы құрылғанда ата-бабалар дәстүрімен қатар, 1511 жылы 19-баптан тұратын Негізгі заң қабылданған. Оған қазақ «Қасым ханның қасқа жолы» деп ат қойып, айдар таққан болатын. Әлі де солай аталады. 1690 жылы Тәуке хан «Жеті жарғыны» қабылдады. Бұл Заң – жеті әдеттік құқықтық жүйе­ден тұратын қоғамдық қаты­настарды реттейтін салалардың жиынтығы. «Жеті жарғыны» жасауға Ұлы даланың данагөй билері белсене атсалысыпты. 

Аты аңызға айналған атақты Төле би қайтыс болар алдында үш жүздің игі жақсыларын жинап алып: «Аттың құнын, ердің құнын, әйелдің құнын өз ақы­лымызбен шешкен жөн» деп кеңес берген екен. «Малға сал­саң баспайтын, ұрсаң шаппай­тын жабы бар да, қусаң жететін, қашсаң құтқаратын желден жүйрік тұлпар бар, екі адамның басы қосылса өсек айтатын әйел бар да, бір елге ана, пана болатын әйел бар. Шешім айтқанда осы­лардың аражігін ашып, екшеп барып, құн кесулеріңді өті­нем», – деп аманаттапты арт­та қалып бара жатқан ел ағала­рына.

Ата Заң – ұлтаралық тату­лық­­тың алтын діңгегі. Бүкіл халық­тың игілігін көздейтін Консти­туция қоғам мен биліктің тұрақ­тылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, Қазақстанның әлем таныған мемлекетке айналуына оң ықпал етті. Еліміз за­йырлы мемлекет. Ел басына күн туып, ер етігімен су кеш­кен қиын-қыстау замандар­да киіз туыр­лықты қазақ ұлтын ұлт ретін­де сақтап қалған бірлігі мен ын­тымағы десек, артық айтқаны­мыз емес. Қазақстанның көпэт­нос­ты халқының татулы­ғы, ынты­мақ­­тастығы, бейбітші­лігі – біз­­­дің еліміздің ең басты бай­лы­ғы. Оны көздің қарашы­ғын­дай сақтауға тырысуымыз керек.

Мемлекет басшысының салиқалы саясатының арқасында біз қазіргі күні экономикалық же­тіс­тіктерге, әлеуметтік игілік­терге, саяси тұрақтылық пен мә­дени өркендеуге қол жеткізіп отырмыз. Елдің қол жеткен та­­быс­­тарына, біздегі орын алған татулық пен түсіністік жағ­­дай­­­­ларына әлемдік өрке­ниет қы­­зы­ғу­шылық танытуда. Жетіс­тік­­теріміз оңайлықпен келіп жат­­қан жоқ. Бұл ең алды­мен ын­ты­мақтас­тығымыз бен бірлігі­міздің арқасында же­тіп отыр­ған игілікті нәти­же­лер. Біз­дің мақ­­сатымыз – қазақ жерін мекен ет­кен халық­тың ауыз­бірлі­гін бұз­бай, мемлекеттің әлеуе­­тін артты­рып, әлемдік көш­­тен кенже қал­май, дамыған 30 ел қа­тарынан көрі­ну. Осы орай­­­да Конс­титуция қағи­дат­тары­­­на адал болып, оған құр­мет­­­пен қараудың маңызы зор. Өйт­­­кені Ата Заңын бағалай біл­ген ел ғана алдыңғы қатардан көрінеді. 

Гаухар АЛДАМБЕРГЕНОВА, 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор