Шахтер еңбегінің ерен мерекесі

Егемен Қазақстан
30.08.2018 1893
2

Тамыз айының соңғы жексен­бісі қарағандылықтар үшін бас­ты мереке күндерінің бірі. Кен­шілер астанасы Шахтер күнін атап өтеді. Дәстүрлі мерекеге соңғы күндері жиілеген жауын-шашын бөгет бола алмады. Бұл жолы да негізгі думан Қараған­дының Орталық саяба­ғында бас­талып, шахтерлер көптеп тұра­тын қанаттас Саран, Абай, Шахтинск қалаларында да ерекше салтанатпен мерекеленді. Ал об­лыс орталығындағы Кенші­лер мәдениет сарайында атаулы күнге орай жиын болып, шах­тер­лерді марапаттау рәсімі өтті. 

– Сіздерге орасан еңбектеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. Биыл «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылығымен келісімге қол жеткізіп, ресми құжатқа сәйкес, компания өндіріс нысандарына үш жыл ішінде 305 млрд теңге инвестициялайтын болды. Бұл қаражат шахталарды дамытуға, еңбеккерлердің қауіпсіздігін арттыруға жұмсалмақ. Кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын, – деді салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаров.

Шахтерлер мен еңбек ар­да­гер­­лерін «АрселорМиттал Темір­тау» АҚ-тың атқарушы ди­рек­­­торы Вадим Басин де кәсіп­­орын басшылығының атынан арнайы құттықтады. 

– Бүгінгі күн Қарағанды үшін ерекше, өйткені бұл осы өңір­дің негізін қалаушы шахтер ең­бе­гінің мерекесі, – деді ол. Осын­­­дағы мыңдаған адам­дар­дың өмірі шахтердің үлкен құр­метке лайық ауыр еңбегі­мен бай­ланысты. Өңірдің игілік­тері тікелей сіз­­дер­дің қажыр­лы ең­бек­­тері­ңіз­­дің жемісі. Әсіресе ардагер шах­­тер­лерге алғысымыз шек­сіз, сіз­дер­дің арқаларыңызда қазір б­іздің қалыптасқан еңбек дәстүр­лері­міз, жолдарыңызды қуған ізбасарлар бар. 

Осыдан кейін бірқатар кен­ші­лерге түрлі марапаттар табыс етілді. «Тентек» шахта­сын­­дағы конвейерлік көлік учаскесі­нің басшысы Р.Валеев, тазарту кен­жарының жұмысшылары Г.Виговский (Ленин атындағы шахта), Л.Котов («Шахтинск» шахтасы), Б.Махамбетов («Абай» шахтасы), С.Чернышов (Т.Күзем­баев атындағы шахта), проход­чиктер О.Проскурнин (Костенко атындағы шахта) мен Қ.Мұрынбаев («Қазақстан» шахтасы), «Саран» шах­та­сы­ның жерасты электрслесарі  И.Свиридов І дәрежелі «Шахтер даңқы» белгі­сімен марапатталды. Соны­мен қатар ІІ дәрежелі «Шахтер» даңқы белгісімен 17 шахтер, ІІІ дәрежелі белгімен 25 шахтер наг­­радталды.

Ал үш дәрежелі «Еңбек даң­қы» белгісінің әр дәрежесімен он екі адамнан, барлығы 36 шахтер марапатталды. Сондай-ақ он­да­ған кеншілердің еңбегі мереке үс­­тінде Қарағанды облысы әкі­мі­­нің Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттармен аталып өтті. 

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

12.12.2018

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылауға арналған TEDx форматында жиын өтті

12.12.2018

Мемлекет басшысының төрағалығымен Түркістан қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті

12.12.2018

Астанада Гейдар Алиевті еске алды

12.12.2018

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

12.12.2018

«Жер жәннаты – Ақмола» деп аталатын жинақ жарыққа шықты

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда Желтоқсан құрбанын еске алу турнирі өтті

12.12.2018

Сенатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру мәселелері талқыланды

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда цифрлы сүт фермасы іске қосылды

12.12.2018

Қазақ киносының Бауыржанын еске алды

12.12.2018

«Маңғыстау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

12.12.2018

Павлодар облысында тұрғындар ауыз суды Ертіс өзенінен алуға мәжбүр

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда қарымды қаламгер Мәлік Мұқановтың  мерейтойы атап өтілді

12.12.2018

Маңғыстау полицейлерінің жалақылары өседі

12.12.2018

Отандық автоөндіріс саласының инвесторлары Қостанайда болды

12.12.2018

Конькиден Алматы қаласының біріншілігі аяқталды

12.12.2018

Қыздар университетінде тұрмыстық әлімжеттікке қарсы жиын өтті

12.12.2018

Қазақ спорт және туризм академиясында Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы талқыланды

12.12.2018

Қарағанды облысында 2019 жылдың бюджеті бекітілді

12.12.2018

Павлодарда патриоттық әндер фестивалі өтті

12.12.2018

Шытырман оқиға жазудың жүйріктері анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу