Әлем • 30 Тамыз, 2018

Мьянмада су бөгетінің бұзылуынан тұрғындар эвакуацияланды

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мьянмада су бөгеті бұзылып, жақын маңдағы екі елді мекен су астында қалды, деп хабарлайды New Light of Myanmar.

Мьянмада су бөгетінің бұзылуынан тұрғындар эвакуацияланды

Мьянма маңындағы 80-нен астам елдімекенді су басты. Зардап шеккен 63 401 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Куәгерлердің айтуынша, кейбір тұрғындар бамбуктан жасалған салдарға мініп, өз бетімен кетуге мәжбүр болған. Свар деп аталатын ірі қала да жартылай су астында қалды.