Әлем • 30 Тамыз, 2018

Бразилия Венесуэламен шекарада орналасқан аймаққа қарулы күштерін жібереді

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Колумбия мен Перудің көші-қон қызметі осы елдерге ағылған Венесуэла азаматтарының ортақ дерекқорын құруға келісті, деп хабарлайды 24.kz.

Бразилия Венесуэламен шекарада орналасқан аймаққа қарулы күштерін жібереді

Ондағы мақсат – Венесуэладағы босқындарының түйткілін шешу. Крюгердің айтуынша, Лима мен Богота осы жағдайға қатысты басқа елдермен бірлесе жұмыс атқаруға дайын.

«Көші-қон дағдарысымен күресу үшін қолдан келгенді жасаймыз. Бас сауғалап қашқан венесуэлалықтар туралы мәліметтерді білу жұмысты біраз жеңілдетеді. Өйткені олардың саны күн санап өсіп жатыр. Бұл жайтты жасыра алмаймыз. Бразилия үкіметі Венесуэламен шекарада орналасқан Рорайма штатына қарулы күштерін жібермек. Ел президенті Мишел Темердің айтуынша, бұл шара бразилиялықтар мен венесуэлалық мигранттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалып отыр», дейді Кристиан Крюгер.

Венесуэладағы саяси және экономикалық дағдарыс ушығуы салдарынан тұрғындар елден қоныс аударуға мәжбүр болып отыр.

Халықаралық көші-қон ұйымының дерегі бойынша, 2015-2017 жылдар аралығында мигранттардың саны 10 есеге артқан, яғни 700 мыңнан 1 жарым миллионға өскен.