Қазақстан • 30 Тамыз, 2018

Жамбыл облысында 12 жасар қыз жоғалып кетті

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбылда 28 тамыз күні үйінен шығып кеткен 12 жасар жеткіншекті жақындары іздеп жатыр, деп хабарлайды ZhambylNews.

Жамбыл облысында 12 жасар қыз жоғалып кетті

Ботабекова Жанета Жанатқызы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылында 2006 жылы дүниеге келген.

Үйден кетер алдында "Мен үйден кеттім, іздемеңдер!" деп хат қалдырып кеткен.

Бойы - 150-155 см, арық, қара торы қыз. Соңғы рет үйден шыққанда үстіне қызғылт түсті футболка мен джинсы шалбар болған.

Жеткіншекті көрген-білгендер болса, 8(7262) 99-72-50; 99-70-10; 8 705 737 10 84(Ағасы) немесе 102 номерлеріне хабарласуға болады.