Футбол • 31 Тамыз, 2018

«Астананың» УЕФА рейтингіндегі орны жоғарылады

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алған «Астана» футбол командасының УЕФА рейтингіндегі орны жоғарылады, деп хабарлайды Sports.kz.

«Астананың» УЕФА рейтингіндегі орны жоғарылады

«Астана» УЕФА рейтингінде бір сатыға жоғарылап, 54-орынға орналасты. «Астанада» қазір 24,500 ұпай бар, бұл көрсеткішпен ол рейтингтегі орнын Швейцарияның Янг Бойз және Польшаның «Легия» командаларымен бөлісіп тұр. Еуропа лигасы топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі бүгін өтеді.