«Астанадан электр пойызымен оралдым. Көрші вагонда бір атай өмірден озды. Вокзалда дәрігерлер күтіп тұрды. Атайдың Павлодарға 20 минуттай қалғанда жаны үзілді», - деп жазды жолаушылардың бірі Әлия Әлмұхамбетова әлеумттік желідегі парақшасында.
Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы Астана-Павлодар электр пойызының 1939 жылы туған жолаушысы қайтыс болғанын растады.
«Ер адам ишемиялық жүрек ауруынан зардап шеккен. Оның қолқасының тамырлары шунтталған», - дейді басқарма баспасөз қызметінің өкілдері.