Қазақстан • 31 Тамыз, 2018

Түркі кеңесінің VI саммитінде ұлттық спорт және жастар саясаты талқыланады

570 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

3 қыркүйекте Қырғызстанда Түркі кеңесінің VI саммиті басталады.  Жиында түркі интеграциясын спорт және жастар саясаты арқылы нығайтудың мүмкіндіктері талқыланады, деп хабарлайды twesco.org.

Түркі кеңесінің VI саммитінде ұлттық спорт және жастар саясаты талқыланады

«Ұлттық спорт түрлері мен жастар саясаты саласындағы ынтымақтастық» деген тақырыпта өтетін Саммитке Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков және Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған қатысады деп күтілуде. Сонымен қатар, биылғы Саммитке Өзбекстан тарапының да қызығушылығы жоғары екендігі айтылған, Атап айтқанда, Өзбекстан президенті Шав­хат Мирзиёев жиынға келеді деп күтілуде.

Саммит кезінде түркі интеграциясын мәдениет, спорт және білім беру салаларында тереңдете түсу туралы пікір алмасылады. Сонымен бірге,   VI саммит кезінде бірқатар құжаттарға қол қойылады. Олардың қатарында TWESCO қызметіне  тікелей қатысты құжаттар да бар.

Естеріңізге салар болсақ, Түркі кеңесінің кезекті саммиті араға үш жыл салып ұйымдастырылып отыр. Түркітілдес мемлекет тердің басшылары осы форматта 2015 жылы Астанада кездескен болатын. Ал, Түркі кеңесі мемлекет басшыларының саммиті алғаш рет 2011 жылы Алматыда «Түркітілдес елдердің экономикалық ынтымақтастығы», 2012 жылы Бішкекте «Мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық», 2013 жылы Әзербайжанның Габала қаласында «Көлік және коммуникация саласындағы ынтымақтастық», 2014 жылы Түркияның Бодрум қаласында «Туризм саласындағы ынтымақтастық», 2015 жылы Астанада «Ақпарат саласындағы ынтымақтастық» деген тақырыптармен өткен болатын.

Түркітілдес мемлекет басшыларының VI саммитінде Қазақстан кеңеске төрағалық қызметін Қырғызстан Республикасына тапсырады.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше