Әлем • 01 Қыркүйек, 2018

Таиландтың 18 провинциясын су шайып кетті

486 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таиландта жауған нөсер жаңбырдан кейін су тасқыны болып, 162 мың адам зардап шекті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. 

Таиландтың 18 провинциясын су шайып кетті

Табиғи апат корольдіктің солтүстік-шығысындағы 18 провинцияны шайып өтті. Басылымның мәліметінше, 2 апта ішінде су тасқынынан 93 аудандағы 2 318 ауылдың 162,711 тұрғыны зардап шеккен. Төрт адам суға кетіп, ажал құшты. Қазіргі таңда елдің 10 провинцисында жағдай бір қалыпқа келген. Накхонпханом, Бунгкан, Сакон Накхон, Пхетчабури, Накхоннайок, Чаяпхум, Каласин және Убон Ратчатхани провинцияларын жартылай су басты. Аталған өңірлердің 78 мыңнан астам тұрғыны әлі де апат салдарымен күресуде.