Қазақ киносы – итальяндықтар назарында

Ұлттық киноөнеріміз Еуропа жерінде ұлықталады. «Еуразия» халықаралық кинофестивалі дирекциясының ұйымдас­тыруы­мен Венеция қаласында отандық кинокартиналардың таныстырылымы өтті. Аталған ауқымды жоба Италияның кинематографиялық, аудиовизуалды және мультимедиалық өнімдерінің ұлттық ассоциациясының (ANICA) қолдауымен жүзеге асып отыр. 

Егемен Қазақстан
03.09.2018 1927
2

Еуропадағы тарихы терең­нен тамыр тартатын көне фести­вальдердің бірі, биыл осымен 75-ші мәрте ұйымдастырылып отырған Венеция халықаралық кинофестивалінің өту мерзімі­мен (Mostra Internazionale d’Arte Cinematografica) тұспа-тұс кел­ген айтулы іс-шара қазақ кино мәде­ниетін әлемдік өнер кеңіс­тігін­де танытуға үлкен жол ашпақ.

– Бұл шара біздің киномыз бен мәдениетіміздің дамуы­на әсер ететіндіктен, қазақ кине­матографистері мен мәде­ниет қайраткерлері үшін өте маңыз­ды оқиға болып отыр. Осыған орай, көркем өнерді бағалай біле­тін Венеция қаласына шақы­рып, біздің кинематографиямызды таныстыруға мүмкіндік бергені үшін итальяндық ANICA халықаралық департаментінің басшысы Роберто Стабилеге алғысымды білдіремін. Біздің шарамыз тарихы терең және беделді Венеция кинофестивалі өтіп жатқан уақытта ұйымдас­тырылғаны көңіл қуантады, – деп халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің президенті Айман Мұсақожаева мәдени жоба жайында өз пікірін білдірді.

Қазақстан мен Италия ара­сын­­­дағы мәдени, рухани дос­тық қарым-қатынастың ай­қын үлгісін танытар айтулы шара аясында соңғы жылдары тү­сі­­­рілген отандық кинофильм­дер еуропалық көрермен назарына ұсынылады. Атап айтар болсақ, режиссер Э.Байғазин­нің «Өзен», Х.Ахметовтің «Әруақ», Дж.Веспаның «Әміре», Б.Қалым­бетовтің «Талан», Р.Әбдіра­шевтің «Алмас қылыш», С.Құр­манбековтің «Оралман», Т.Теменовтің «Біздің қала­ның кішкентай ханзадасы», Ж.Же­тіруовтің «Шыңырау», Е.Тұрсыновтың «Жат», А.Са­таев­тың «Анаға апарар жол» және «Ол» атты қос бірдей кинокартинасымен қатар, анима­циялық туындылардан: А.Әбіл­диновтің «Күлтегін», А.Бей­сембаевтың «Jumper», Т.Майдан, Т.Төлеуғазының «Мұзбалақ» фильм­дерінің ресми трейлерлері көрсетіледі.

Сондай-ақ шара барысында Мәдениет және спорт министр­лігі құрылтайшысы болып табылатын Орталық Азиядағы ең ірі кинофорумдардың бірі – «Еуразия» кинофестивалінің әлемдік деңгейдегі таныстырылымы өтеді. Венецияға баратын делегация құрамында Болат Қалымбетов, Тоқтар Қарсақбаев, Талғат Теменов бастаған режиссерлер мен актер Санжар Мәдиев және өзге де кино саласының мамандары бар. Өнер қайраткерлері итальяндық киносүйер қауымға қазақ өнері мен мәдениетін кең ауқымда таныстырып, ұлттық құндылықтарымыз жайында тұщымды әрі жан-жақты ақпарат беретін болады.

Жоғарыда атап өткеніміз­дей, айтулы өнер сапарының тағы бір қуанышты жаңалы­ғы – дәл осы уақытта өтетін 75-і Вене­ция кинофестивалінің «Көкжиек» атты конкурстық бағдарла­м­асын­да Қазақстан атынан Эмир Байғазиннің «Өзен» картинасы бақ сынаса, «Қысқа метражды фильмдер» аталы­м­ында режиссер Эльдар Ши­бановтың 19 минуттық туын­дысы сайысқа түсетін болады. Италияның ең көне де ауқым­ды кинофестиваліне қаты­суға жол­дама алған қос фильм­нің де жұлдызы жанып, жүл­дегер­лер қатарынан көрінетініне халық­аралық «Еуразия» кино­фес­тивалінің президенті Айман Мұса­қожаева зор сенім білдірді.

Назерке ЖҰМАБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.11.2018

Солтүстік Қазақстанда өткен ел біріншілігінде Н. Жарылғапов «түйе палуан» атанды

18.11.2018

Солтүстік Қазақстанда «Қозыбаев оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

18.11.2018

Қор нарығы ел экономикасына серпін береді

18.11.2018

Қостанайда Батырбек Байназаровтың «Қобыз – аңыз» атты жеке концерті өтті

18.11.2018

Мәулен Әшімбаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

18.11.2018

Элизабет Тұрсынбаева Мәскеудегі турнирде үздік алтылыққа енді

18.11.2018

Қызылорда облысында МЖӘ бойынша екі спорт кешені ашылды

17.11.2018

Amazon мен Google-де жұмыс істейтін қазақстандықтарды елге шақыру керек - Атамекен ҰКП

17.11.2018

Павлодар облысында 370 жүргізуші мөлшерден артық жүк тасыған

17.11.2018

Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж

17.11.2018

Дулат Қажанов: Оңтүстік тұрғындарын Күршімге шақырамыз

17.11.2018

Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

17.11.2018

Қызылордадағы ЖКО: 29 адам ауруханада, 45-і үйіне оралды

17.11.2018

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

17.11.2018

Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

17.11.2018

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

17.11.2018

Таразда «Туған жерге туыңды тік!» форумы өтті

17.11.2018

Ақ Жайықтың жастарында жігер көп

17.11.2018

Оралда қоғамдық ұйымдардың VIII форумы өтті

17.11.2018

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу