Білім • 03 Қыркүйек, 2018

Алматыда 240 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттады

467 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы қаласында 240 мыңнан астам бала алғашқы қоңырау үнімен мектеп табалдырығын аттады. Олардың 25 мыңы алғашқы сыныпқа бірінші рет барған балдырғандар. Биылғы білім күніне орай орай оңтүстік астанада 2300 балаға арналып төрт жаңа мектеп ашылды.

Алматыда 240 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттады

Алматыға қаласының құрамына жаңадан  қосылған  Наурызбай ауданында 1200 орынды жаңа мектеп ашылып, мұнда  балалардың сапалы да жаңа заманға сай білім алуына толыққанды мүмкіндіктер жасалған.

Жаңа оқу орнында робот техникалары кабинеттері, физика мен химия  сыныптары, ата- аналарға арналған бөлмелер, ойын  алаңдарымен қатар жаңа жиһаздармен, көрнекіліктермен жабдықталған. Қауіпсіздік шараларына да ерекше көңіл бөлінген.  

Мектептің тағы бір ерекшелігі – зағип және нашар көретін балалар үшін үшін Брайль қарпіне оқытатын сыныптармен, арнайы санитарлық бөлмелер және арнайы шақыру нүктелерімен қамтамасыз етілген.

Қала әкімі оқу жылының алғашқы күндерінде Бауыржан Байбек жаңа мектептің оқушыларымен және ата- аналарымен кездесті. Мұнда өздігінен жүре алмайтын балаларға да арбамен жүруге қолайлы жағдайлар жасалған. Сонымен қатар мектепте өзінің атамекеніне оралған отбасылар балаларының да еркін білім алуы барынша мүмкіндіктер бар.

Қала әкімдігінің Баспасөз қызметінің деректері бойынша, биылғы жылы білім ошақтарын салу мен  күрделі жөндеуден өткізуге 17 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Осы оқу жылына орай Алматының  Алатау ауданындағы №151 мектеп жанынан салынған 600 орынды қосалқы нысан пайдалануға берілсе, №26 мектептің ескі ғимараты жаңартылды. Ал күз айының соңына қарай мұнда 600 орындық және №184, 185  мектептер жанынан 400 орындық қосалқы нысандар ашылатын болады.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен қазақстан»

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше