Қазақстан • 03 Қыркүйек, 2018

Қазақстан көшпенділер ойындарында алғашқы алтын медальға қол жеткізді

459 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ерлер және әйелдер арасында армрестлинг жарыстары өтті. Қазақстан бұл сайыста үздік атанды.

Қазақстан көшпенділер ойындарында алғашқы алтын медальға қол жеткізді

Қазақстандық спортшы Оксана Письменная (75 кг) финалға шықты. Венгриялық Бригитта Иванфиді жеңіп, Қазақстан қоржынына ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы алтын медалін салды.

Армрестлингтен күш сынасқан өзге жерлестеріміз - Вали Фараджов (75 кг), Антонина Лисянская ( +75 кг), Олег Сазонов (105 кг), Андрей Стипанчук (95 кг) және Димитрий Трубиндер (+105 кг) де финалға жолдама алған.